С. А. Козлова, Т. А. Куликова


  XVI ТАРАУ  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет182/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

315 
XVI ТАРАУ 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ 
ӘРЕКЕТІ 
 
Заттардың қызметі 
Баланың дамуы мен әлеуметтенуі үшін заттар үлкен мән 
береді. Олар оны туған күнінен бастап, өмір бойы қасында 
болады. Затта адамзаттың көптеген ғасырлар бойы жинаған 
тәжірибесі материалданған. Бала заттармен жұмыс істей 
бастаған мерзімге дейін олар оның өміріне еніп қояды, оған өмір 
сүруді қамтамасыз етеді, ол туғаннан кейін түсетін жаңа 
әлеуметтік ортаға бейімделуге көмектеседі.
Өмірді қамтамасыз етудің осындай маңызды қызметі одан әрі 
де үздіксіз жүзеге асырылады. Ересектер баланы жөргекке 
орайды, тамақты емізік арқылы береді, киімін киіндіреді, қолына 
қасық береді және т.б. – себебі заттар жылыны сақтауға, 
тамақтануға қозғалуға көмектеседі, яғни адамға биологиялық 
тірі жанға ретінде өмірді қамтамасыз етеді. Заттар кішкентай 
нәрестенің өміріне қауіпті төндіруі де мүмкін (пышақ, ине, 
қысқаш және т.б.), бірақ олар объективті түрде (ересектің 
қолында болғанда) өзінің өмірді қамтамасыз ету қызметін 
жоғалтпайды. Зат әлемін тану шамасына қарай сәби оған қауіпті 
және қауіпті емес заттарды ажыратуға, пайдалы және 
қызықтыларын таңдай білуге үйренеді, оларды басқару, олармен 
жұмыс істеу тәсілдерін игереді, заттар әлемін түсінуге үйренеді.
Сөйтіп, біз заттардың келесі маңызды қызметін анықтауға 
келдік: қоршағанға бағыт-бағдар беруге ықпал ететін қызмет. 
Зат арқылы бала әлем түрлі қасиеттер мен құбылыстарға ие 
екенін біледі: ол жылы да, салқын да, тықыр да, жұмсақ та, тәтті 
де, ащщы да... Нәресте заттармен жұмыс істеу тәсілдерін 
игереді, ол өзі өмір сүретін әлемге «билік жасау» дағдысын 


316 
игеруге көмектеседі,ал ол болса, сенімділік, тыныштық сезімін 
және әлемді тану ынтасын тудырады. Зат оны ересектер әлеміне 
енгізеді, оны осы әлем туралы «ақпараттандырады», әлеуметтік 
тәжірибенің мазмұнын байытып, баланың жан-жақты дамуына 
әсер етеді. Сөйтіп, бағыт-бағдар беру қызметі тұлғаны 
әлеуметтендіру үдерісінде негізгісі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет