354
сюжеттік-бейнелеу ойыны жеке тәжірибесі бойынша белгілі бір
оқиғаны суреттеу барысында (қуыршақты тамақтандыру, ұйқыға
жатқызу, шомылдыру, дәрігерге көрсету және т.б.)
ойын іс-
әрекеттерінің бірізділігін игеріп алады.
Ересектердің көмегімен бала қарапайым ойын сюжеттерімен
толығады, заттармен әрекет етуді ғана емес, сонымен қатар,
рөлді орындаумен байланыстыәрекеттерді де көрсете бастайды.
Сөйтіп,
құрдастарымен
сюжеттік-рөлдік
ойнауға
көшу
алғышарттары жасалады. Алайда бала осындай әрекет жасауға
әлі толығымен «жетілген» жоқ, себебі онда қарым-қатынас
жасау дағдысы жеткіліксіз дамыған. Ол ойынның мазмұны
туралы келісуді, басқа балалардың қызығушылықтары мен
ниеттерін ескере отырып,
рөлдерді бөлуді; рөлдік қарым-
қатынастарға түсуді және т.б. білмейді. Белгілі дәрежеде себеп
үш жастан асып бара жатқан балалар ойынның барлық
картинасын көрмейді, жеке бөліктерін біріктіруді, рөлдермен
анықталатын
ойын
әрекеттерін
орындауды
білмейді.
Режиссерлық ойындардың пайда болуы да содан, мұнда сәби
жеке ойыншықпен әрекет етуден
белгілі қатынастармен
байланысқан бірнеше перонаждарды арқауына қоса отырып, өзі
ойлап тапқан ойынға көшеді.
Бастапқыда осындай ойында оқиғалық жаққа қызығушылық
басым болады: ойыншықпен әрекет ете отырып, сәби белгілі бір
жағдайды туындатады. Мысалы, 3 жастағы Сережа барқыт
қоянмен ойнайды, өз әрекеттеріне комментарий бере отырып,
оны үстелдің үстімен жүргізеді: «Көжек орманда серуендеп жүр,
шөптің үстімен секір, секір. Сәбізді іздейді, ал ол жоқ. Міне,
жидекті тапты. Көжек, жидекті жей ғой!» осы ойын
жағдаятының артында баланың жеке тәжірибесі тұр: ол өзі
орманда болды, жидектерді тауып, жеді, қоян мен сәбізді
суреттен көрді. Сөйтіп,
режиссерлық ойында, кейін сюжеттік-
рөлдіктегі сияқты, бала алдында жинаған әлеуметтік
тәжірибесін пайдалануды бастайды, серіктестерін тартады.
Режиссерлық ойынның ерекшелігі – серіктестері (ойыншықтар,
355
олардың орынбасарлары) жансыз заттар және олардың өз
тілектері, қызығушылықтары, қарсылықтары жоқ. Әрине,
кішкентай
бала
үшін
мұндай
ойын
қарым-қатынас
құрдастарымен
қарағанда,
жеңілірек,
өйткені
мұнда
серіктестерінің көңіл-күйін, ұстанымын ауламайды, ортақ тіл
табысуды іздемейді. Сәби режиссерлық ойында ойын
картинасын «көру», ол ойын
әрекеттерін жасамас бұрын
басында пайда болған ойларға негізделе отырып, оны жоспарлау
іскерлігін
игеру
арқылы
осы
қатынасқа
ақырындап
дайындалады. К.Д.Ушинский бала ойындарында ерекше
бағалаған нәрсе жасалады: бала өз күштерін пайдалануға
үйренеді.
Сюжеттік-рөлдік ойынның дамуы үшін ойын ситуациясына
әр түрлі тұрғыдан қарау іскерлігі де маңызды болып саналады.
Дәл осындай тұрғыда бала түрлі персонаждардың көзқарасымен
режиссерлық ойында бейнеленетін оқиғны көреді, себебі бір
емес, бірнеше рөлді орындайды. Режиссерлық ойынды игеріп,
ол сюжеттік-рөлдік ойында шынайы серіктесімен өзара әрекет
ете алады.
Орта және жоғары мектепке дейінгі жастағы балаларда
режиссерлық ойындар әр түрлі сипаттағы
өзгерістерді басынан
кешіреді. Алдымен мазмұны өзгереді. 4-5 жастағы балаларда
режиссерлық ойындардың мазмұны сәбилердікіне қарағанда, әр
түрлі. Мұнда таныс ертегілер, мультфильмдер көрініс тауып, ал
жеке өміріндегі оқиғалар сирек пайдаланылады. Балалар әр
түрлі көзден алынған білім мен мәліметтерді бір ойынға жеңіл
біріктіреді. Жаңа персонаждар пайда болады (мультфильм
қаһармандары), олардың саны көбейеді, басты және екінші
кезектегі орындаушы тұлғалар біршама нақты айқындалады. 6-7
жастағы балаларда ойын мазмұны динамикалы, өзіндік әдеби
шығармашылығы басым. Балалар өз қиялымен өзгертілген
таныс
ертегілерді, мультфильмдерді қайта ойнауды ұнатады,
ойын мазмұнына ойдан шығарылған көп нәрсені енгізеді.
Е.М.Гаспарованың атап өтуінше, барлық мектепке дейінгі
356
жастың
бойына
сюжеттің
дамуы
пайда
болатын
ассоциациялардың негізінде болады, олардың басталған жері
болып заттар, ойыншықтар, жеке әсерлері, таныс өлеңдері
жолдары және т.б. табылады.
Режиссерлық ойындар жеке әрекет ретінде пайда болып, ерте
және жас мектепке дейінгі кезеңде осы қалпында қалады.
Режиссерлық ойындар жекелеп
жоғары мектеп жасындағы
балаларда да байқалады, әсіресе бала құрдастарымен аз
араласқан (жиі ауырады, мектепке дейінгі мекемеге бармайды)
немесе
жеке
ерекшеліктеріне
қарай
топтың
басқа
тәрбиеленушілерімен қарым-қатынаста қиындықтарды сезінген
(тұйық, ұялшақ, сөйлеу ақаулары бар және т.б.) жағдайда.
Орта және әсіресе жоғары мектепке дейінгі жаста бірлескен
режиссерлық ойындар пайда болады. Балалардың бірігуі әдетте
аз құрамды – 2-3 адам. Балалар бірге сюжетті жасайды, қажетті
ойыншықтарды, заттарды таңдайды немесе қолдан жасайды,
рөлдерді орындайды (әрқайсысы өз персонажы үшін). Басқаша
айтқанда, бірлескен режиссерлық ойында сюжетрөлдік сипат
айқын көрінеді. Сөйтіп, режиссерлық ойындар сюжеттік-рөлдік
ойынның пайда болуы үшін шынайы алғышарттар жасайды.
Соңғысының пайда болуымен режиссерлық ойындар жоқ болып
кетпейді: өзара байытып
бірін-бірі толықтыра отыра, ойынның
екі түрі де баланың өмірінде болады және мектепке дейінгі
жастан кейін де.
Достарыңызбен бөлісу: