76
тәсілдерін меңгертеді.
Осылайша, белсенділік тірі
организмнің қасиеті ретінде
дамудың қажетті шарты мен алғышартына айналады.
Адамда белсенділік әлеуметтік формада түрленеді - түрлі іс-
әрекет түрлері: ойын, еңбек, оқу. Іс-әрекеттің әр түрі қандай да
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған: ойын — нақты
іс-әрекеттер мүмкін болмайтын салада белсенді болу
қажеттілігін
қанағаттандыруға;еңбек — нақты нәтиженіалу
қажеттілігін қанағаттандыруға, өзін-өзі танытуға; оқу — білімге
деген қажеттілігін қанағаттандыруға және т.б.
Белсенділік әрекетке түрткі болып табылады. Егер әрекет
ұйымдастырылмаса, егер оның
дамуы қамтамассыз етілмесе,
онда белсенділік қалайда «шығатын жол іздейді» және
жағымсыз формада қолданулуы мүмкін (тентектік, агрессиялық
және т.б.).
Сонымен, біз баланы адам ретінде дамытуды қамтамасыз
ететін
әртүрлі
факторларды
қарастырдық.
Бірақ
бұл
«механизмді»
ересек адам іске қосады.
Достарыңызбен бөлісу: