өсіреді». Педагогикалық қызметтің тағы бір ерекшелігі – белгілі бір
тұлғаның баланың дамуына қаншалықты үлес қосқанын анықтау
мүмкін емес. Тәрбие беру мен оқыту үдерісіне көптеген адамдар
қатысады.
Мектепке дейінгі мекемеде бала – тәрбиешілердің, тәрбиеші
көмекшісінің, музыкалық жетекшінің және т.б. әсер тиетін
объект. Тәрбиешінің жұмысы меңгеруші, әдіскер, медицина
қызметкерлері, психолог және басқа да қызметкерлердің
жұмысымен байланысты.
Егер олар бәрі бірдей ойлауға қабілетті адамдар ұжымын
білдірсе жақсы, онда олар тәрбие жұмысының мақсаттарын,
міндеттері мен мазмұнын талқылайды, тұтастай алғанда,
педагогикалық үдеріске және әрбір балаға жеке амал-тәсілдерді
әзірлейді.
Бірақ бұл жағдайда да, алынған нәтижелердің «тазалығы»
туралы айтудың қажеті жоқ, өйткені отбасының баланың
дамуына әсері, әсіресе алғашқы жылдарда, кез келген қоғамдық
мекеменің әсерінен маңызды.
Сондықтан қазіргі заманғы педагог баланы тәрбиелеу - ұжымдық іс-әрекет болып табылатынын, табысты нәтижелерге қатысты алаңдаушылық барлық қызығушылық танытқан ересектердің күштерінің бірлігін (тәрбиеге, оның мазмұнына, іске асыруға қатысты әдістерді үйлестіру) талап ететінін түсіну қажет. Бұл бірліктің
бастамашысы – білім беру жұмысына кәсіби түрде дайындалған
тұлға ретіндегі педагог.
Педагогикалық қызмет басқарудың санатына жатады, себебі
ол тәрбие беру үдерісінің барлық қатысушыларын (балаларды,
олардың ата-аналарын, әріптестерін және т.б.) ынталандыруға,
19
ұйымдастыруға, түзетуге бағытталған.
Мұғалімнің кез-келген әсері мақсатқа бағытталған,осы
немесе басқа әрекетті туындататын (ойлау, практикалық), оған
оң сипат беретін болуы керек.