173
Дыбыстарды айту нормаларын игеру фонематикалық есту
қабілетімен байланысты. Фонематикалық есту қабілетінің даму
деңгейі сөзге дыбыстық талдау жасаған кезде баланы
сауаттылыққа үйреткенде көрініс табады. Бұл жерде ол сөздің
мағынасынан, мәнінен тысқары кетіп, дыбыстық кешен ретінде
сөзбен, яғни формалды бірлікпен жұмыс істеуі қажет.
Музыкалық бейім – бұл дыбыстарды жоғарылығы, тембрі,
ритмикалық суреті, әуені бойынша айыра білу.
Сенсорлық тәрбиені әдістемесі балаларды заттарды зерттеуге
үйретуді, сенсорлық үлгілер туралы түсінікті қалыптастыруды
қарастырады.
Зерттеуге үйрету алда тұрған
қызметті табысты орындау
үшін, маңызды болып табылатын оның қасиеттерін анықтау
мақсатында арнайы ұйымдастырылған қабылдау ретінде
өткізіледі. Бір зат зерттеу мақсаты мен зерттелетін қасиеттерге
байланысты әртүрлі зерттеледі. Мысалы, балалар қоянның
суретін салу үшін ойыншықты зерттейді. Баланың назарын
пішінге (алдымен саусақпен жүргізу, содан соң көзбен қарау),
негізгі бөліктерге (бас, дене, табан, құйрық, мұрт, көз), формасы
мен түсіне аудартады. Суретте қоянның бейнесі жазық түрде
орналасады, сондықтан ойыншық бір жағынан қаралады
(бүйірінен). Қоянды жасау алдында балалардың назары
объектінің құрылымына, бөліктердің байланысқан жерлері мен
тәсілдеріне
аударылады, ал кішкентай бөлшектері (мұрты және
т.б.) зерттелмейді. Мүсінделген бұйым көлемді болуы үшін,
ойыншықты жан-жағынан қарау тиімді болады. Егер балалар
әңгіме құрайтыны жоспарланса, онда материалдың неден
жасалғаны, түсі, көлемі, дыбысталуына сипаттама беру қажет.
Жоғарыда
айтылған
айырмашылықтарға
қарамастан,
зерттеудің басқа түрлеріне де ортақ ереже бар: заттың толық
бейнесін қабылдау; олардың қасиеттерін (пішін, көлемі, түсі,
материал және т.б.) негізгі бөлімдерге ойша бөлу; бөлімдерді
бір-бірімен кеңістіктік байланыстыру (сол жақтан, оң жақтан,
үстінде, жоғарыдан және т.б.); кішкентай бөлшектерді алып
тастау, олардың кеңістіктік орналасуларын
негізгі бөлшектерге
қатысы бойынша орналастыру; затты қайта толық қабылдау.
Осындай сызба бойынша зерттеу балаларға, өздігінен
атқарылатын әрекетте қолдана алатын, сезімдік танымның
жалпылама тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалық шақ бойы сенсорлық
174
танымның сипаттамасы өзгереді: бала заттармен қозғалыстан
бастап біртіндеп олармен көру, сезу, сондай-ақ «көзбен ұстап
көру» арқылы танысуға көшеді. Сөйтіп,
шелекте дымқыл
топырақ жатқанын білу үшін бала оны ұстап көруі керек, ал 5-6
жастағы баланың қарағаны жеткілікті. Бірақ жоғары мектеп
жасына дейінгі жастағы бала, егер көзбен қабылдау қандай да
бір қасиет туралы толық мәлімет бере алмаса, онда затпен
практикалық түрде танысуға жүгінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдері мен
іскерліктерін қоршаған ортаны талдауға қолданулары үшін
педагог жағдай туғызуы қажет. Мысалы, ересек балаларды
кітаптарды, үстел ойындары үшін қорапша жөндеуге
жұмылдырады, сонымен бірге беттерін жабыстыру, тысты,
қорапшаны (жұқа, қалың, түссіз) жөндеу үшін,
қандай
жолақтарды алу керектігін анықтайды. Ерте және кіші мектеп
жасына дейінгі жастағы балаларға олардың сезу мен
қабылдауларын жетілдіретін ойыншықтар ұсынылады. Бұл
құрастырмалы ойыншықтар, қосымша парақтар, сондай-ақ бір-
бірінен көлемі мен дыбысталуы арқылы ерекшеленетін әртүрлі
материалдардан жасалған ойыншықтар.
Балалардың сенсорлық тәжірибелерін молайту үшін
дидактикалық ойындар қолданылады. Олардың көбі затты
зерттеумен, қасиеттерді айырумен байланысты, осы қасиеттерді
сөзбен белгілеуді («Керемет қалташа», «Ұқсастықтары мен
айырмашылықтары» және т.б.) талап етеді. Бала кейбір
ойындарда заттарды қасиеттерін қарай топтастыруды үйренеді
(қызыл кілемшеге қызыл заттарды жинайды, қорапшаға
дөңгелек және сопақша заттарды салады және т.б.).
Балалар
ұқсас және әртүрлі белгілеріне қарай заттарды салыстырады,
маңыздысын бөліп алады. Нәтижесінде сөйлеу кезінде
бекітілетін маңызды белгілерді бөліп көрсету арқылы балаларды
жинақтауға үйрету. Сөйтіп, балалар сенсорлық үлгілерді
меңгеруге жұмылдырылады.
Балалардың сенсорлық тәрбиесінде ерекше рөл табиғатқа
беріледі. Табиғи ортаны білу ең алдымен сезіммен, көру, есту,
түйсіну арқылы жүзеге асады. Сөйтіп, балалар орманда,
саябақта күзгі жапырақтың бояуын: қайыңның түсі -
лимондікіндей, еменнің түсі - қоңыр, талдың түсі – жасыл-сары,
көктеректің түсі – қызыл және қызғылт екендігін ажыратуға
үйренеді. Егер тәрбиеші құстардың даусын, желдің шуылын,
175
түскен
жапырақтардың
сыбдырын
тыңдатса,
саңырауқұлақтардың, шөптің иісітерін анықтауға берсе, күзгі
орманның, саябақтың суреті айқынырақ қабылданады. Танымға
сезім мүшелерінің
қаншалықты қатысатынына қарай, бала
зерттейтін заттың, құбылыстың белгілері мен қасиеттерін
соншалықты анықтайды, демек, оның түсінігі молаяды.
Осындай түсініктердің негізінде ойлау процестері, елестетулері,
эстетикалық сезімдері қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: