28
Сонымен қатар, діннің ықпалдастық қызметі имманенттік тҥрде
болады, яғни, дезинтеграциялық немесе сегрегациялық деп аталатын ӛзінің
қарама-қарсылығын қамтиды. Оның мәні - әрбір нақты дін тек ӛз ілімінің
туралығын жариялай отырып, басқа діндерді (немесе басқа діндердің
қандай да бір бӛліктері) қҧтқару мәні жоқ, теріс деп санауында. Бҧл жағдай
барлығының кӛңілінен шығатын қандай да бір ортақ дінді қалыптастыруға
кедергі келтіреді, әр тҥрлі дінге сенетіндерді бір-біріне қарама-қайшы
қояды.
Халықаралық христиан, мҧсылман және басқа да діни ҧйымдар
келіссӛздер арқылы ортақ ымыраға келіп, қайшылықтарды бір діннің
шеңберінде жоюға тырысады. Бҧл іс әлі де болса жҥзеге аспады, әлем сол
қалпынша діни сипаттары бойынша бӛлінеді: бейбітшілік діндер арасында
да, дін ішінде де жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: