47
қатарына қосылатындар бес діни антты қабылдайды: 1) ешбір тірі жанға
залал келтірмеу; 2) ҧрлық жасамау; 3) зинақорлық жасамау; 4) пайда
іздемеу; 5) ӛтірік айтпау. Осы аталған діни анттар қатарына қосымша
келесідей шек қоюлар жатады: шарапты, қайнамаған суды ішпеу, еттің кез-
келген тҥрін жемеу және бағалы әшекей-бҧйымдарды тақпау.
Джайнизмде кастааралық неке қиюларға тыйым салынбаған.
Қҧдайларды, ақылшы ҧстаздарды, киелі кітаптарды қҧрметтеу кең тараған.
Йога және медитация жҥйелері бойынша жаттығуларды орындауға біршама
уақыт бӛлінеді.
Джайнистер қауымдастығында тәуіп-тақуалар ерекше орынды
иеленеді, олардың жеке ҥйлері мен мҥліктері болмайды, бар болғаны –
тамақ ішуге арналған кокос жаңғағынан жасалған шыны аяқ, отыратын
орындарын тазалауға арналған сыпырғыш және ауыздарын басуға арналған
мата қажет. Олар аз ҧйықтайды, ӛте қарапайым болады, біреулердің
қайырымдылыққа беретін қаражатына ӛмір сҥреді, ӛз діндері туралы
тақырыпта ғана әңгімелеседі, ағзаларын шынықтырады, тәндерін
жансыздандырады, аштықтан қаза табуға дейін барады.
Джайнистер Ҥндістан жерінің аз бӛлігін алып жатса да (шамамен 2-4
миллион), экономикалық, саяси және мәдени ӛмірге зор ҥлестерін қосады.
Ауқатты джайнистер ғылым мен ӛнерге табынады, киелі әдебиеттерді қайта
басып шығарумен айналысады, ӛз студенттерінің барлық шығындарын
тӛлейді. Олардың арасында ӛзара кӛмек кӛрсетіп, қол ҧшын беру сияқты
рақымшылдық іс-әрекеттері кеңінен таралған.
Достарыңызбен бөлісу: