С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет34/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

қарама-қарсы қою, монтаж.
Қайталау – композицияның ең қарапайым және жиі кез-
десетін тәсілдерінің бірі. Ол шығарманың бас-аяғын көмкеріп, 
композициялық жинақылық береді. Әсіресе сақиналы компози-
цияда туындының басы мен соңындағы қайталаулар компози-
циялық үндестік тудырып, шығармаға ерекше көркемдік мән
үстейді. 
Туындыда жиі қайталанатын детальдың немесе образдың 
шығарманың лейтмотивіне айналатын тұстары да бар. Мысалы, 
М.Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесіндегі жас, қайратты арудың 
драмалық жағдайын суреттейтін ыстық «қара жыландардың» 
метафоралық бейнесі, О.Бөкеевтің «Атау-кере» повесіндегі 
Тағанның «Неге біз осы?» деп басталатын мәңгілік сұрағы, 
Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы «батыстан шы-
ғысқа» және «шығыстан батысқа» зулап жатқан поездардың бей-
несі. Ш.Айтматов «Бұл өлкеде пойыздар шығыстан батысқа 
қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады... Бұл өлкеде 
темір жолдың қос қапталынан басталып сақара сар даланың 
кіндік тұсы – Сарыөзектің үланғайыр жазығы көсіліп жатады. 
Бұл өлкеде қашықтық атаулы, уақыттың Гринвич меридианы 
бойынша өлшенгеніндей, темір жолдың алыс-жақыңдығына 
қарай өлшенеді. Ал, пойыздар шығыстан батысқа, батыстан шы-
ғысқа қарай жүйткіп жатады...» деген жолдарды романның әр тұ-
сында үнемі қайталай отырып, өмірдің өткіншілігі туралы 
идеяны лейтмотивке айналдырған. 
Сақиналы 
композицияның 
бір 
үлгісі 
болған 
Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» повесі «Қуғыншы» суре-


101 
тін баяндаудан басталады: «...Көз алдына ақ шағи көрпесін қым-
тана бүркеніп, бұйығып жатқан Алтайдың қыземшек жоталары 
елестеді. Үкідей үлпілдеген ұлпа қардың үстінде соңына түскен 
қуғыншыдан құтылмаққа жандәрмен күш салып, бар айла-тәсілін 
сарп еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып барады. Бірде оңға, 
бірде солға бір бұлт етіп, одан қалды жалт бұрылып, кері қаш-
қанымен де жарау ат мінген қуғыншы қыр соңынан қалмай дің-
келетіп, өкпесін өшіріп барып тура қара тұмсықтан ала темірдей 
қатты сойылмен сілтеп өткенде түз тағысы екі бүктетіліп барып 
омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып-қызыл қан дірдектеді... 
Әппақ қарға қып-қызыл қан тамды...Қып-қызыл қан...»
Повестің экспозициясында осы суретті сипаттау 
«Ақжаймаға қып-қызыл қан тамды» деген сөйлеммен шығарма-
ның шымылдығын ашуы болашақ жағдайдың трагедиялық
асқақтық табиғатын аңғартады. «Қуғыншы» суретінің шығарма-
ның үш жерінде – басында, ортасында және соңында қайтала-
нуы сюжеттік баяндаумен тығыз байланысты. Жарты беттен 
ұзақтау үзіндінің көркемдік қызметі маңызды. Ол сюжет 
түйінінің күрделі және шешуші тұсында баяндаудағы ширыққан 
сәтке эмоциялық ажар береді. Осы ретте «қып-қызыл қан» сөзіне 
айрықша акцент жасалатынын байқаймыз. Лейтмотив болған 
үзіндідегі күшейтпелі сын есімдер арқылы жасалған антитеза
(
қара тұмсық, қып-қызыл қан, әппақ қар), бірнеше рет әдейі қай-
таланып, символдық, әрі эмоционалдық мән арқалаған. Сол 
арқылы бір-біріне алыстау үш жерде қайталанған тұтастай үзінді 
шығармада ерекше ырғақ тудырады. Қайталау мәтіннің жеке 
бөліктерінің арасында ассоциативті байланыс орнатып қана қой-
май, авторлық позицияны айқын көрсетеді. Сол арқылы көркем 
шығарма тінінде кездейсоқ ешнәрсе болмайтынына көзімізді 
жетеді. 
Қайталауға жақын тәсілдің бірі – күшейту. Бұл тәсіл шы-
ғармада жай қайталап қою жеткіліксіз болғанда, бірыңғай де-
тальдар немесе образдарды санамалай отырып, көркемдік әсерді 
күшейту мақсатында қолданылады. М.Жұмабаевтың «Сен сұлу» 
өлеңінің композициясы осы тәсілге құрылған: автор Май сұлу, 
найзағай сұлу, Ай сұлу, жел сұлу, жер сұлу, су сұлу, күн сұлу, 


102 
түн сұлу дей келіп, «толып жатыр түрлі сұлу дүниеде, бәрінен де 
маған, сәулем, сен сұлу» деп аяқтайды.
Күшейту мен қайталаудан оқшаулау тұрған - қарама-қар-
сы-қою тәсілі. Атынан айқын болғандай, бұл композициялық 
тәсіл образдарды қарама-қарсы қою, антитезаға арқылы жасала-
ды, мысалы, М.Жұмабаевтың «Өмір» өлеңіндегі: «Жайнаған жаз 
көреді адам алдын, // Өткен күн – көңілсіз күз, желді салқын. // 
Қуаныш қайғыменен қатар жүрмек, // Болмайды толық минут 
жүзі жарқын». Мұндағы белгіленген метафоралар композиция-
лық мән үстеген қарама-қарсылыққа құрылған.
К.Ахметованың «Соңғы хабар» өлеңінде қарама-қарсылық 
тұтастай өлеңді қамтып, шығарма композициясы кереғар бас-
таулардың майданына құрылған өмір туралы идеяны негіздеуге 
қызмет еткен:
Қарашы!
Ақ пен көктің арасы,
Хақ пен көптің арасы,
Бар мен жоқтың арасы,
Аш пен тоқтың арасы,
Қасірет пен шапағаттың арасы,
Зұлымдық пен махаббаттың арасы,
Адалдық пен арамдықтың арасы,
Жақсылық пен жамандықтың арасы,
Өтірік пен шындықтардың арасы,
Тазалық пен ұрлықтардың арасы,
Теңіздер мен құрлықтардың арасы,
Сұлулық пен сұмдықтардың арасы, 
Күннен-күнге ұлғайған, 
Арпалысты бір майдан!
Қарама-қарсы қою – шығарма композициясын талдауда 
назар аударуды қажет ететін тиімді әрі күшті тәсілдің бірі. 
Қазіргі әдебиеттануда зерттеліп жүрген композицияның 
тағы бір түрі – монтаж. Кино өнерінен әдебиетке көшкен бұл 
ұғым шығарма құрылысының бірнеше бөліктерге бөлініп, «құ-
ранды», «үзік» сипат алуын көрсетеді. Орыс зерттеушілері 


103 
монтажды авангардизм, модернизм эстетикасымен байланысты-
рады.
Бүгінде «монтаж» сөзі кең мағынаға ие болған. Монтажды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет