С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет81/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Аралас буынды өлшем – қазақ поэзиясында ұзынды-қысқалы әр түрлі 
тармақтар шумақ ішінде белгілі тәртіппен реттеліп келетін өлең өрнегі. 
Архитектоника – грек тілінен енген сөз - әдеби шығарманың 
біртұтастығы, бүтіндігі басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, 
үйлесемділігі. 
Аполог – грек тілінен енген сөз – баяндау, мысалдау деген мағынаны 
береді.Ғақлияға, ғибрат айтуға құрылатын шағын көлемді астарлы әңгіме. 
Өлең түріндеде жиі ұшырасады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, 
аполог – шығыста пайда болып, мысал жанрының қалыптасуына ықпалын 
тигізген үлгі.
Ассонанс – латын тілінен енген сөз – үйлесім деген мағынаны береді. 
Өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Орнымен үндескен 
сөздер әдеби тілдің өрнек – кестесіне ажар айшық қосады. 
Әдеби (көркемдік) әдіс - белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың 
шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, 
соны айқындайтын негізгі принциптер. Жазушының өмірді бейнелеуде 
нақтылы болған, яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі 
немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі – осы 
екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Әдеби әдіс 
– 
уақыттың көркемдік концепциясы. 
Әдеби процессбұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар ұлттар мен 
елдердің, аймақтардың әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе 
жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір тарихи 
кезеңде әлеуметтік, идеологиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр 
алуан сапалы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген 
қарадүрсін шығармалардан көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз 
бойына жинап, үздіксіз сіңіріп отырады.
Әдеби жанр (фр. – тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада 
қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма. 2) Әдеби 
шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, комедия, ода т.б.
Әдеби үдеріс - әдебиеттанудың, поэтика мен эстетиканың бәріне ортақ 
көркемдік категориясы. Әдеби үдеріс көркемдік әлемінің қозғалысы мен 
дамуын зерттейді. 
Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі 
заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра- халықтың әртүрлі тарихи 


211 
кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік жағдайының, тілдік, эстетикалық 
қоғамының айғағы. 
Әдеби сынкөркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың 
идеялық- көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын 
әдебиеттану ғылымының негізгі саласы. Сын әдебиеттің тарихы мен және 
теориясы мен тығыз байланысты.
Әдебиет – арабша сөз өнері асыл сөз деген сөзден шыққан, ал орысша 
литература деген атау латынның әріп,жазу–сызу деген мағыналы сөзінен 
тарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет