С. Б. Жәутікова, Е. К. Умирбаева, Г. Н. Иманбаева «патологиялық физиология – 2» ПӘні бойынша ситуациялық есептер жинағЫ



бет6/10
Дата16.06.2016
өлшемі2.27 Mb.
#139893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Есеп № 29

Витя С., 4 жаста. Ата-анасы балаларының туылғаннан терісінің бозғылт болуына, үнемі тәбетінің төмендігіне, аз қозғалатындығына, тұйықтығына және физикалық дамуы жағынан артта қалғандығына шағымданады.


Қан анализі

Эритроцит 1,66х 1мкл

Гемоглобин 55 г/л

Түсті көрсеткіш 1,0

Лейкоциттер 3,8х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 21%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфоциттер 72%

Моноциттер 6%

Тромбоциттер 120х 1мкл

Қан жұғындысында: анизоцитоз макроцитоздық тенденциямен, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 0,2%


  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Анықталған патология тұқым қуалаушылық сипатта болуы мүмкін бе?

Есеп № 30

Созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі дамыған 37 жасар М. деген науқастың жалпы қан анализінде анықталғаны:

Эритроцит 6,0х

Гемоглобин 180 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 7х

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 2%

Таяқша ядролы 8%

Сегменттік ядролы 60%

Эозинофилдер 2%

Базофильдер 0,5%

Лимфоциттер 23%

Моноциттер 45%

Тромбоциттер 200х

Қан жұғындысында: аздап анизоцитоз, ретикулоциттер - 3,4%.



  1. Бұл жағдайдағы шеткері қан құрамының өзгеру сипатын анықтаңыз?

  2. Бұл өзгерістердің патогенезі қандай?


Есеп № 31

Тиреотоксикозбен ауыратын 29 жастағы Н. деген науқастың қанның тексергенде анықталғаны:

Эритроцит 5,7х 1мкл

Гемоглобин 171 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 4,9х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 45%

Эозинофилдер 3%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 47%

Моноциттер 3%

Тромбоциттер 220х 1мкл

Жұғындыда: нормохромия, ретикулоциттер - 2,1%.



  1. Бұл жағдайдағы шеткері қан құрамының өзгеру сипатын атаңыз?

  2. Анықталған қызыл қан өзгерістері мен негізгі ауруы арасында патогендік байланыс бар ма?

Есеп № 32

Науқас К., 54 жаста, соңғы 6-8 ай бойы артериялық қысымның жоғарлауына байланысты дамитын бас ауырсынуына шағымданады. Гипертониялық ауру бойынша диспансерлік есепке алынған. Санаторлық-курорттық картаны толтыру барысында қаны тексерілген:

Эритроцит 6,4х 1мкл

Гемоглобин 178 г/л

Түсті көрсеткіш 0,85

Лейкоциттер 14з 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Жас жасушалар 2%

Таяқша ядролы 6%

Сегменттік ядролы 62%

Эозинофилдер 6%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 14%

Моноциттер 2%

Тромбоциттер 460х 1 мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 1,6 %. Артериялық қанның оттегімен қанығуы 95% құрайды.



  1. Бұл өзгерістер қан жүйесінің қандай патологиясына тән?

  2. Науқас қанының оттегімен қанығуы қандай мақсатта тексерілген?

  3. Бұл жағдайдағы артериялық қысымның жоғарлауына ықпал етіп отырған себеп қандай?

Есеп № 33

Науқас Д., 56 жаста, ауруханаға миокард инфарктымен түскен.

Түскен кездегі жалпы қан анализі

Эритроцит 8,5х 1мкл

Гемоглобин 170 г/л

Түсті көрсеткіш 0,6

Лейкоциттер 23х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 3%

Таяқша ядролы 14%

Сегменттік ядролы 56%

Эозинофилдер 5%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 18%

Моноциттер 3%

Тромбоциттер 550х 1мкл

Қан жұғындысында: гипохромия, полихроматофилия, анизо- және пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 2,1 %


  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Анықталған қан патологиясының табиғаты қандай?

  3. Бұл жағдайдағы коронарлық тамырлар тромбозының дамуына әкелген себеп қандай?

Есеп № 34

Науқас Р., 6 жаста, ауруханаға жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, жүдеуге, ішінің тұйықталып ауырсынуына, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, сан аймағында қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданып келген.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 4,4х 1мкл

Гемоглобин 128 г/л

Түсті көрсеткіш 0,87

Лейкоциттер 13,6х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Жас жасушалар 0

Таяқша ядролы 4%

Сегменттік ядролы 47%

Эозинофилдер 18%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 23%

Моноциттер 8%

Тромбоциттер 210х 1мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,7%


  1. Балада шеткері қанның құрамының қандай өзгерістері дамыған?

  2. Осындай қан өзгерістері қандай патологиялық жағдайға тән?


Есеп № 35

Науқас К., 35 жаста, өкпе абсцесі дамуына байланысты ауруханаға жатқызылған.

Қан анализі

Эритроцит 3,9х 1мкл

Гемоглобин 120 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 25х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 4%

Таяқша ядролы 16%

Сегменттік ядролы 58%

Эозинофилдер 3%

Базофильдер 0

Лимфоциттер 15%

Моноциттер 4%

Тромбоциттер 230х 1мкл

Қан жұғындысында: цитоплазмасы токсикалық түйіршіктелген нейтрофильдер.


  1. Науқастың шеткері қанында қандай өзгерістер дамыған?

  2. Цитоплазмасы токсикалық түйіршіктелген нейтрофильдердің болуы нені дәлелдейді?

Есеп № 36

Науқас К., 52 жаста, ауруханаға миокард инфарктына күдіктеніп жатқызылған.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 4,1х 1мкл

Гемоглобин 123 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 15х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Жас жасушалар 2%

Таяқша ядролы 10%

Сегменттік ядролы 61%

Эозинофилдер 2%

Базофильдер 1%

Лимфоциттер 17%

Моноциттер 7%

Тромбоциттер 240х 1мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,9%


  1. Науқастың қан құрамында қандай өзгерістер бар?

  2. Бұл жағдайда лифоцитопенияның қандай түрі дамыған?

  3. Қандағы осындай өзгерістер миокард инфарктына (жедел қабыну үрдісіне) тән бе?

Есеп № 37

Науқас Г., 49 жаста, жалпы әлсіздікке, жиі дене температурасы 38,0º С дейін жоғарлап кететініне, шырышты-іріңді қақырық бөлетініне шағымданады.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 4,1х

Гемоглобин 135 г/л

Түсті көрсеткіш 1,0

Лейкоциттер 10,2х

Лейкоцитарлық формула

Жас жасушалар 0

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 35%

Эозинофилдер 3%

Базофильдер 0

Лимфоциттер 53%

Моноциттер 8%

Тромбоциттер 220х

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,7%.


  1. Науқаста шеткері қан құрамының қандай өзгерістері байқалған?

  2. Мұндай өзгерістер қандай патологиялық жағдайда байқалады?


Есеп № 38

Науқас Г., 37 жаста, ұршық буынының туберкулезін операциялық жолмен емдеу үшін хирургиялық бөлімге жатқызылған.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 4,3х

Гемоглобин 125 г/л

Түсті көрсеткіш 0,85

Лейкоциттер 47х

Лейкоцитарлық формула

Миелоциттер 1%

Жас жасушалар 2%

Таяқша ядролы 5%

Сегменттік ядролы 27%

Эозинофилдер 1,5%

Базофильдер 0,5%

Лимфоциттер 51%

Моноциттер 12%

Тромбоциттер 210х

Қан жұғындысында: аздаған лимфобластар, цитоплазмасы айқын токсикалық түйіршіктелген нитрофильдер, ретикулоциттер - 0,8%.



  1. Шеткері қандағы өзгерістер қандай патологияға тән?

  2. Анықталған қан құрамы өзгерістерінің шығу тегі қандай?


Есеп № 39

38 жастағы С. деген науқас тісін жұлғаннан кейін дамыған ауыр сепсистік жағдаймен ауруханаға жеткізілген.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 4,1х 1мкл

Гемоглобин 129 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 36х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Промиелоциттер 2%

Миелоциттер 2%

Метамиелоциттер 7%

Таяқша ядролы 9%

Сегменттік ядролы 52%

Эозинофилдер 2,5%

Базофильдер 0,5%

Лимфоциттер 20%

Моноциттер 5%

Тромбоциттер 280х 1мкл

Қан жұғындысында: цитоплазмасы токсикалық түйіршіктелген нитрофильдер, ретикулоциттер - 0,9%.


  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Науқастың қанында анықталған өзгерістердің патогенезі қандай?


Есеп № 40

25 жастағы К. деген науқас ұзаққа созылған сепсистік эндокардит диагнозымен ауруханаға түскен.

Түскен кездегі қан анализі

Эритроцит 3,9х 1мкл

Гемоглобин 120 г/л

Түсті көрсеткіш 0,92

Лейкоциттер 3,4х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 2%

Сегменттік ядролы 29%

Эозинофилдер 2%

Базофильдер 0

Лимфоциттер 55%

Моноциттер 12%

Тромбоциттер 210х 1мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,6 %.


  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?

  2. Бұл жағдайда лимфо- және моноцитоздар қандай сипатта дамыған?


Есеп № 41

Науқас Д., 9 жаста, тексеру үшін ауруханаға жатқызылған. Соңғы жылдары тұмау ауруларымен, пневмониямен жиі ауырған. Көбнесе сульфаниламидтік препараттармен, сирек антибиотиктармен емделеді.

Түскен кездегі қан анализі

Эритроцит 4,3х

Гемоглобин 130 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 3,0х

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 2%

Сегменттік ядролы 27%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфоциттер 60%

Моноциттер 11%

Тромбоциттер 260х

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,6%. Науқастың сары суында лейкоагглютининдер анықталған.


  1. Бұл қан анализі қандай патологияның дамығанын дәлелдейді?

  2. Бұл жағдайда лейкоагглютининдердің пайда болу себебі қандай?

  3. Жиі тұмаурату жағдайы мен анықталған қандағы өзгерістердің арасында байланыс бар ма? Бар болса, қандай?


Есеп № 42

Науқас В., 34 жаста, дәрігер-психиатр. Артериялық қысымның жоғарлауына және басының ауырсынуына байланысты 7 күн бойы анальгин, аминазин және резерпиндердің 60 таблеткасын қабылдаған. Осыдан жағдайы күрт нашарлап – қызба, жалпы әлсіздік, жұтынған кезде ауырсыну байқалған. Қанын зерттеген кезде анықталғаны:

Эритроцит 3,9х 1мкл

Гемоглобин 130 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 0,9х 1 мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 0

Сегменттік ядролы 12%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфоциттер 73%

Моноциттер 15%

Тромбоциттер 210х 1мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,6%.

Науқастың сары суын лейкоагглютининге тексерген кезде реакция теріс болған.


  1. Бұл жағдайда қан түзілудің қандай өсіндісінің тежелуі байқалады?

  2. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?

  3. Анықталған өзгерістердің даму механизімі қандай?


Есеп № 43

Науқас Г., 34 жаста, дәрігерге жалпы әілсіздікке, тез шаршағыштыққа, тершеңдікке, сол жақ қабырға астында ауырлық сезімінің болуына шағымда-нып келген.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 3,1х

Гемоглобин 88 г/л

Түсті көрсеткіш 0,85

Лейкоциттер 93х

Лейкоцитарлық формула

Миелобластар 1%

Промиелоциттер 6%

Миелоциттер 20%

Метамиелоциттер 20%

Таяқша ядролы 13%

Сегменттік ядролы 12%

Эозинофилдер 9%

Базофильдер 4%

Лимфоциттер 10%

Моноциттер 5%

Тромбоциттер 390х

Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,4%.



  1. Науқастың лейкоцитарлық формуласында қандай өзгерістер бар және олар лейкопоэздің қандай бұзылыстарын дәлелдейді?

  2. Бұл жағдайдағы дамыған анемияның сипаты қандай?


Есеп № 44

Науқас Т., 54 жаста, дәрігерге сол жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданып келген. 3-4 ай бұрын тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік сезімдері дамыған, бірақ оған жұмыстан шаршағаннан кейін болған жағдай деп мән бермеген.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 3,5х

Гемоглобин 110 г/л

Түсті көрсеткіш 0,94

Лейкоциттер 23х

Лейкоцитарлық формула

Миелобластар 2%

Промиелоциттер 8%

Миелоциттер 16%

Метамиелоциттер 20%

Таяқша ядролы 16%

Сегменттік ядролы 12%

Эозинофилдер 6%

Базофильдер 4%

Лимфоциттер 12%

Моноциттер 4%

Тромбоциттер 160х

Қан жұғындысында: нормохромия, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 0,4%.



  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?

  2. Анықталған қан патологиясын сипаттаңыз:

а) қан түзу жүйесінің зақымдалуы бойынша;

б) зақымдалған өсінді жасушаларының пісіп-жетілу дәрежесі бойынша;

в) шеткері қандағы лейкоциттер мөлшері бойынша.
Есеп № 45

Науқас В., 38 жаста. Соңғы жылдары шаршағыштықтың жоғарлауын, жалпы әлсіздікті байқаған. Қанын тексергеннен кейін ауруханаға бағытталған.

Түскен кездегі жалпы қан анализі

Эритроцит 4,1х 1мкл

Гемоглобин 119 г/л

Түсті көрсеткіш 0,87

Лейкоциттер 57х

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 0

Сегменттік ядролы 9%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфобластар 7%

Лимфоциттер 81%

Моноциттер 3%

Тромбоциттер 160х 1мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, Боткин-Гумпрехт денешіктерінің көп мөлшері, ретикулоциттер - 0,7%



  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Анықталған қан жүйесі патологиясының табиғаты қандай?


Есеп № 46

Науқас М., 17 жаста. Дәрігерге терісінде көптеген дақты қан құйылу-лардың пайда болуына байланысты шағымданып келген. Алғашында бірен-саран қан құйылу жағдайлары байқалған, бірақ оған ұсақ жарақаттардың салдары деп мән бермеген.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 3,6х 1мкл

Гемоглобин 100 г/л

Түсті көрсеткіш 0,83

Лейкоциттер 6,5х 1мкл

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 18%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфобласты 67%

Лимфоциттер 12%

Моноциттер 2%

Тромбоциттер 60х 1мкл

Қан жұғындысында: нормохромия, айқындалған анизоцитоз және пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 1,2%.



  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?

  2. Науқастағы қан құйылу жағдайларының патогенезі қандай?


Есеп № 47

Науқас К., 24 жаста, ауыр жағдайда, үдемелі әлсіздік, дене температурасының 39,5ºС дейін жоғарлауымен, жедел жәрдем қызметкерлерімен ауруханаға жеткізілген. Екі жақты пневмония, терісінде ұсақ нүктелі бөртпелер анықталған. Бауыр мен көкбауыры аздап ұлғайған.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 1,2х /л

Гемоглобин 40 г/л

Түсті көрсеткіш 1,0

Лейкоциттер 2,4х/л

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 0

Сегменттік ядролы 21%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфобласты 16%

Моноциттер 6%

Бласты жасушалар 57%

Лимфоциттер 12%

Тромбоциттер 89х /л

Қан жұғындысында: ірі, үлкен ядролы, пішіні өзгерген бласттық жасушалар. Негізгі цитохимиялық белгілері бойынша бласттық жасушалар моноцитарлық қатар жасушаларына жатады.


  1. Осы қан анализі қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Бұл жағдайдағы шеткері қанда бласттық жасушалардың пайда болуы лейкопоэздің қандай өзгерістерін дәлелдейді?

  3. Науқастағы гранулоцитопенияның механизмі қандай?


Есеп № 48

4 жастағы Лена деген қызда баспамен ауырғаннан кейін үдемелі әлсіздік, анорексия, бозғылттық байқалып, соған байланысты қан анализі зерттеуге алынған.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 2,9х /л

Гемоглобин 89 г/л

Түсті көрсеткіш 0,9

Лейкоциттер 5,9х/л

Лейкоцитарлық формула

Метамиелоциттер 0

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 16%

Эозинофилдер 0

Базофильдер 0

Лимфобласты 31%

Моноциттер 2%

Бласты жасушалар 50%

Тромбоциттер 120х /л

Қан жұғындысында: аралас популяциялық бласты жасушалар, бласты жасушалар морфологиялық және цитохимиялық белгілері бойынша миело-бластарға да, сондай ақ лимфобластарға да ұқсайды.



  1. Шеткері қан құрамында анықталған өзгерістер қандай қан патологиясын дәлелдейді?

  2. Бұл қан патологиясы кезінде бласттардың көзі болып қандай жасуша саналады?


Есеп № 49

Науқас В., 15 жаста, балтыр және шынтақ жұмсақ тіндерінің ауырсынуына шағымданады. Терісі және аяқ-қол конфигурациясы жағынан объективтік өзгерістер жоқ.

Жалпы қан анализі

Эритроцит 2,3х/л

Гемоглобин 60 г/л

Түсті көрсеткіш 0,8

Лейкоциттер 137х/л

Лейкоцитарлық формула

Миелоциттер 4%

Метамиелоциттер 1%

Таяқша ядролы 1%

Сегменттік ядролы 12%

Эозинофилдер 0,5%

Базофильдер 0

Лимфоциттер 18%

Моноциттер 6,5%

Бласты жасушалар 57%

Тромбоциттер 140х/л

Қан жұғындысында: үлкен көлемді, цитоплазмасы вакуолизацияланған, пішіні өзгерген, ірі түйіршіктері бар бласты жасушалар. Негізгі цитохимия-лық белгілері бойынша бласты жасушалар миелойдтық қатар жасушаларына жатады.


  1. Берілген анализ қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?

  2. Қызыл қан жүйесі жағынан анықталған өзгерістердің механизмі қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет