БІРІНШІ ТАҚЫРЫП.
ПӘНГЕ КІРІСПЕ
Дәрістің мән-мәтіні
Мақсаты: ақпараттық-есептеу желілерінде бӛліктелген қорларға ыңғайлы
және сенімді қатынауды ҧйымдастыру арқылы желіні қолданушыларға әр тҥрлі
ақпараттық есептеу қызметтерін кӛрсетуді тиімді қамтамасыз ету.
Дәріс жоспары:
1. Пәннің зерделейтін тақырыбы және қҧрылымы.
2. Компьютерлік желілердің даму тарихы.
Негізгі тҥсініктер: компьютерлік желі, ақпараттық-есептеуіш желі,
топология, бір рангілі желі, серверге негізделген желі.
Тақырыптың мазмҧны. Ақпараттық-есептеу желіcі (АЕЖ) – бҧл
мәліметтер алмасу арналарымен біріктірілген компьютерлер жҥйесі. Соңғы
жылдары кӛптеген желілердің басым қызметтері нақты ақпараттық қызмет
кӛрсетеді. Әсіресе, АЕЖ негізінде қҧрылған ақпараттық жҥйелер мына
тапсырмалардың орындалуын тиімді қамтамасыз етеді:
мәліметтерді сақтау;
мәліметтерді ӛңдеу;
қолданушылардың мәліметтерге қатынауын ҧйымдастыру;
қолданушыларға мәліметтерді және мәліметтерді ӛңдеу нәтижелерін
беру.
Кӛрсетілген тапсырмаларды орындау тиімділігі:
желіде бӛліктелген аппараттық-бағдарламалық және ақпараттық
қорлармен;
қолданушының осы қорлардың тҥрлеріне қашықтық (дистанциялық)
жолымен;
бӛліктелген мәліметтер қорымен қатар орталықтандырылған мәліметтер
қорының бар болу мҥмкіндігімен;
жҥйе элементтерінің сақтық қорда сақталуымен қамтамасыз етілетін,
оның қызмет ету сенімділігінің жоғары болуымен;
ең жоғары кезеңдері кезінде жҥктемені жедел қайта бӛлу
мҥмкіншілігімен;
белгілі бір сыныптың тапсырмаларын шешуге желінің бӛлек
тораптарының мамандандырылуымен;
желінің бірнеше тораптарының біріккен кҥштерінің кӛмегі арқылы қиын
тапсырмаларды шешумен;
клиенттерге жедел тҥрде қашықтықтан ақпараттық қызмет кӛрсетуімен
қамтамасыз етіледі.
АЕЖ саласының негізгі кӛрсеткіштері:
7
1. Орындалатын қызметтердің толықтығы. Желі барлық қорларға қатынау
бойынша да, тораптардың біріккен жҧмыстары бойынша да, жҧмыстың барлық
стандарттары мен хаттамаларын жҥзеге асыру бойынша да, оған кӛзделген
барлық қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
2. Ӛнімділік – желіні қолданушылардың бірлік уақытында жасалатын
сҧратуларының орташа саны. Ол жҥйені қолданушының сҧранысына әрекет ету
уақыты. Бҧл уақыт ҥш бӛліктен қҧрылады:
қолданушыдан желі торабына сҧранысты жіберу уақыты;
осы тораптағы сҧраныстың жасалу уақыты;
қолданушы сҧранысына жауап беру уақыты.
3. Әрекет ету уақытының кӛп бӛлігін желідегі ақпаратты жіберу қҧрайды.
Осыдан шығатын қорытынды, желінің маңызды сипаттамасы оның ӛткізу
қабілеті болып табылады. Ӛткізу қабілеті, уақыт бірлігі ішіндегі желі және
оның буыны – сегмент арқылы жіберілген мәліметтер санымен анықталады.
4. Желінің сенімділігі – оның маңызды техникалық сипаттамасы.
Сенімділік кӛбінесе бҧзылмай тоқтаусыз жҧмыс істеудің орташа уақытымен
сипатталады.
5. Желі ақпараттық жҥйе болғандықтан, оның ӛте маңызды тҧтынушылық
сипаттамасы нәтижеде шыққан ақпараттың анықтылығы болып табылады.
6. Қазіргі кездегі желілер қҧпия (конфиденциалды) ақпаратпен кӛп жҧмыс
істейді, сондықтан желінің маңызды параметрі ондағы ақпараттың қауіпсіздігі
болып табылады. Қауіпсіздік – бҧл желінің ақпаратты рҧқсат етілмеген
қорғаудан қорғануды қамтамасыз ету қабілеті.
7. Желінің мӛлдірлігі – тағы бір тҧтынушылық сипаттама. Мӛлдірлік
қолданушы ҥшін желінің ішкі архитектурасы ерекшеліктерінің кӛрінбейтіндігі:
қолданушы оңтайлы жағдайда желінің қорларын ӛз компьютерінің локалды
қорлары сияқты қолдануы қажет.
8. Масштабты ӛзгерту – желінің ӛнімділігін тӛмендетпей оны арттыру
мҥмкіндігі.
9. Желінің әмбебаптығы – желіге әр тҥрлі ӛндірушілердің тҥрлі техникалық
жабдықтар мен ақпараттық қамтамасыз етулерді қосу мҥмкіндігі.
Компьютерлік технология эволюциясының логикалық нәтижесі есептеуіш
жҥйелердің тҧжырымдамасы болып табылады. 1950 жылдардағы ҥлкен
компьютерлер ӛте аз мӛлшердегі қолданушыларға арналған. Мҧндай
компьютерлер пайдаланушының интерактивті жҧмысына арналған пакеттік
ӛңдеу тәртібінде қолданылған.
Пакеттік ӛңдеу жҥйелері негізінен қуатты және әмбебап компьютерге
жҥктелген мэйнфрейм базасында қҧрылады. Қолданушылар бағдарлама
бҧйрығын және мәліметтерін қҧрайтын перфокарталар дайындайды және
оларды есептеу орталығына жіберіп отырған. Операторлар бҧл картаны
компьютерге енгізіп, ал баспаға шығарылған нәтижені қолданушылар келесі
кҥні алып отырған. Пакеттік тәртіп – бҧл басқа тәртіптерге қарағанда
қолданушының кӛптеген тапсырмасын бірлік уақытта орындауға мҥмкіндік
беретін, қолдануға ӛте тиімді есептеу қуаты.
8
1960 жылдардың басында процессорлардың арзандауына байланысты,
уақытты айыратын интерактивті кӛптерминалды жҥйелер дами бастады.
Мҧндай жҥйелерде компьютер бірнеше қолданушының басқаруына берілді.
Әрбір қолданушы ӛзінің басқаруындағы компьютермен сҧхбат жҥргізуге
кӛмектесетін термин алып отырды. Бірақ қолданушыға компьютерді қолданып
отырған басқа қолданушылардың жҧмысын білдіртпеуге, есептеу жҥйесі
әсерінің уақыты ӛте аз болады. Терминалдар есептеу орталығының шегінен
шығып, барлық кәсіпорындарға тарады. Және есептеу қуаты толық
орталықталған болып қалса да, мәліметтерді енгізіп-шығару сияқты кейбір
қызметтер анықтала бастады. Мҧндай орталықтанған кӛптерминалды жҥйелер
локалды (жергілікті) есептеу желісіне сырттай ӛте ҧқсас болады. Бірақ локалды
жҥйелердің пайда болуы ҥшін кӛп уақыт керек. Себебі кӛптерминалды жҥйенің
сырт бейнесі анықталған жҥйеге ҧқсас болса да, онда мәліметті ӛңдеудің
орталықтанған қасиеті әлі де сақталған еді.
Бҧл уақытта бір-бірінен едәуір қашық жатқан компьютерді біріктіру
қажеттілігі пайда бола бастады. Бҧл жҥздеген, тіпті мыңдаған шақырым
қашықтықта орналасқан терминалдан компьютерге кіру сияқты қарапайым
тапсырманы шешуден басталады. Терминалдар компьютермен телефон желісі
арқылы модемнің кӛмегімен байланыс жасады. Мҧндай желілер кӛптеген
қолданушыларға супер-ЭЕМ сыныбының бірнеше қуатты компьютерлерінің
жеке қорларына кіруге мҥмкіндік берді. Содан кейін алшақтанған терминал-
компьютер тҧрпатты байланысымен бірге, компьютер-компьютер тҧрпатты
байланыстар кіретін жҥйелер пайда болды. Компьютерлер кез келген есептеу
желісінің базалық механизмі болып табылады. Мәліметтерді автоматты
тәртіпте алу мҥмкіндігіне ие болады. Бҧл механизмді қолдана отырып, бірінші
желіде қазіргі кезде дәстҥрлі желі қызметіне айналған электронды пошта,
мәліметтер қорының синхрондалуы және файлдарды айырбастау қызметі
жасалды.
1970 жылдардың басында компьютерлік компоненттерді ӛндіру саласында
технологиялық ӛзгерістер пайда болды. Ол ҥлкен интегралды схемалардың
пайда болуымен сипатталды. Олардың салыстырмалы орташа бағасы және
жоғарғы функционалды мҥмкіндіктері мини-компьютердің қҧрылуына әкеліп
соқты.
Мини-компьютерлер
технологиялық
қҧрылғылармен
басқару
тапсырмасын орындайды. Соның негізінде, барлық кәсіпорындар бойынша
компьютерлік қорларды анықтау тҧжырымдамасы және олардың ӛзара
байланысы ҥшін керекті бағдарламалық қамтамасыз ету ӛнімдері пайда болды.
Нәтижесінде алғашқы локалды есептеу жҥйесі қолданысқа енгізілді. Олардың
қазіргі заманғы локалды желіден айырмашылығы кӛп болды. Біріншіден, ӛзінің
стандартты емес таратылу қҧрылғысымен ерекшеленді.
Локалды желінің стандартты технологиясын қҧру. 1980 жылдардың орта
шенінде компьютерлерді Ethernet, Arcnet, Token Ring желісіне біріктіру
стандартты технологиясы анықталды. Олардың дамуына қуатты серпін берген
дербес компьютер болды. Біріншіден, олар желілік бағдарламалық қамтамасыз
етудің жҧмысы ҥшін толықтай қуатты болды. Екіншіден, дискілік массивті
қымбат перифериялық қҧрылғыларды айыруды және қиын тапсырмаларды
9
шешу ҥшін ӛзінің есептеу қуатын біріктіруді қажет етті. Сондықтан дербес
компьютерлер мини-компьютерлер мен мэйнфреймді ығыстырып, клиенттік
компьютер ретінде ғана емес, сонымен қатар мәліметтерді ӛңдеу және сақтау
орталығы ретінде де локалды желіні игере бастады.
Бҥгінгі таңда локалды желінің кабельдік жҥйесінің сапасынан
қалыспайтын, жоғары жылдамдықты аумақтық арналар байланысының пайда
болуымен, ауқымды және локалды желі арасында айырмашылық кҥннен кҥнге
азаюда. Ауқымды желіде локалды желі қызметі сияқты қорларға кірудің тиімді
және қолайлы қызметі пайда болды. Осындай мысалдар кӛп мӛлшерде ӛте
белгілі Ethernet ауқымды желісінде кӛрсетіледі. Локалды желі де ӛзгереді.
Компьютерлерді біріктіретін белсенді емес кабельдің орнына кӛп мӛлшерде
әртҥрлі коммуникациялық қҧрылғылар – коммутаторлар, маршруттаушылар,
шлюздер пайда болды. Осындай қҧрылғының арқасында ӛте кҥрделі қҧрылымы
бар және мыңдаған компьютерді есептейтін ҥлкен корпоративті желіні қҧруға
мҥмкіндік туды.
Локалды және ауқымды желіні бірдей дәрежеде қамтитын тағы бір ӛте
керекті ҥрдіс пайда болды. Онда бҧрынғы есептеуіш желісіне кірмейтін
ақпараттар – дауыс, бейнекескіндер, суреттер ӛңделеді. Бҧл коммуникациялық
қҧрылғылардың, желілік операциялық жҥйенің және хаттаманың жҧмысына
ӛзгеріс енгізуді қажет етті.
Есептеу желілері – бӛлінген жҥйелердің жеке жағдайлары. Компьютерлік
желі бӛлінген (немесе орталықсыздандырылған) есептеуіш жҥйелеріне жатады.
Мәліметтерді ӛңдеу орталығының бар болуы бӛлінген есептеуіш жҥйесінің
негізгі белгісі болып табылады. Бірақ компьютер желісімен қатар бӛлінген
жҥйеге мультипроцессорлы компьютер және кӛпмашиналы есептеуіш кешені
жатады.
Мультипроцессорлы компьютерде ӛзінің бағдарламасын басқалардан
тәуелсіз орындайтын бірнеше процессорлар бар. Мультипроцессорда
процессорлар арасындағы есептеуіш жҥктемесін жедел бӛлетін барлық
процессорға ортақ операциялық жҥйе бар. Жекеленген процессорлар
арасындағы ӛзара қатынас жалпы жедел жады арқылы ҧйымдастырылады.
Барлық процессорлар ҥшін барлық перифериялық қҧрылғылар жалпы
мультипроцессорлы жҥйе болып табылады. Мультипроцессор терминалды
орналасуды қолдамайды. Оның барлық блоктары қарапайым компьютердегідей
бір
немесе
бірнеше
жақын
орналасқан
қҧрылғыда
орналасады.
Мультипроцессордың негізгі ерекшелігі – бірнеше компьютердің параллель
жҧмыс жасау барысындағы жоғары ӛндірушілігі.
Кӛпмашиналық жҥйе – бҧл қҧрамына бірнеше компьютер (әрқайсысы
ӛзінің операциялық жҥйесінің басқаруымен жҧмыс істейді), сонымен қатар
компьютер байланысының бағдарламалық және аппаратттық қҧралдары кіретін
есептеуіш кешені.
Кез келген кӛпмашиналық жҥйенің жҧмысы басты екі компонентпен:
процессормен байланысты жоғары жылдамдықты механизмммен және
қолданушылар мен қосымшалар кешеніне кіретін барлық компьютердің
10
қорларына кӛрінерлік, қатынауды жҥйелік бағдарламалық қамтамасыз етумен
анықталады.
Байланыс қҧралдарының қҧрамына, жҥйенің реконфигурациясымен және
есептеу
синхрондалуымен
және
есептеуді
жҥктеумен
айналысатын
бағдарламалық модульдер кіреді. Егер кешен компьютерлерінің біреуінде
бҧзылудан жҧмысы тоқталатын болса, онда оның тапсырмалары автоматты
тҥрде басқа компьютерге ауысады және сонда орындалады. Егер
кӛпмашиналық жҥйенің қҧрамына сыртқы қҧрылғылардың бірнеше
басқарушылары кірсе, онда біреуі жҧмысын тоқтатқан кезде басқа
басқарушылар автоматты тҥрде жҧмысты жалғастырады. Кӛпмашиналық
жҥйенің
параллель
ӛңдеу
мҥмкіндігі
мультипроцессорлы
жҥйемен
салыстырғанда шектелген: егер параллель орындалатын тапсырмалар
мәліметтер бойынша бір-бірімен тығыз байланысты болса, онда параллельдену
тиімділігі кҥрт тӛмендейді. Компьютерлер арасындағы қашықтық, дискілік ішкі
жҥйе мен процессорлы блок арасындағы байланыс ҧзақтығымен анықталатын
болғандықтан, кӛпмашиналық кешенде аумақтық бӛлектену қамтамасыз
етілмейді.
Есептеуіш желілерінде аппаратты және бағдарламалық байланыстар ӛте
әлсіз болып табылады, ал ӛңделетін блоктардың автономдылығы жоғары
дәрежеде кӛрінеді. Желінің басты элементтері не ортақ жады блогы, не ортақ
перифериялық қҧрылғылары жоқ стандартты компьютерлер болып табылады.
Компьютерлер арасындағы байланыс арнайы перифериялық қҧрылғылардың –
желілік адаптердің кӛмегімен жҥзеге асырылады. Әрбір компьютер ӛзінің
операциялық жҥйесінің басқаруымен қызмет етеді, ал компьютер желісінің
арасындағы жҧмысты анықтайтын «ортақ» операциялық жҥйе болмайды.
Компьютер желісінің арасындағы ӛзара байланыс желілік адаптер және
байланыс арналары арқылы хабарлама жіберу барысында жҥреді. Осы
хабарламалардың кӛмегімен бір компьютер басқа компьютердің локалды
қорларына қатынауды сҧрайды. Мҧндай қорларға дискіде сақталатын
мәліметтер, сонымен қатар перифериялық қҧрылғылар – принтерлер, модемдер,
факс-ақпараттары және т.б. кіреді. Желіні қолданушылар арасында әрбір
компьютердің локалды қорларын бӛлу – есептеу желісін қҧрудың басты
мақсаты болып табылады. Желінің барлық қолданушыларына қорларды қол
жетерлік
болатын
компьютерлерге
басқа
компьютерлерден
тҥсетін
сҧраныстарды тосу тәртібінде болатын модульдерді қосу қажет. Негізінде
мҧндай модульдер бағдарламалық серверлер (server) деп аталады. Олардың
басты мақсаты - ӛзінің компьютеріндегі қорларға қатынау ҥшін сҧраныстарға
қызмет кӛрсету болып табылады.
Ақпараттық технология аясында соңғы жылдары компьютерлік желілердің
қҧрылуы мен дамуынан басқа, аса маңызды да белсенді дамитын бағыт
болмады деп айтуға болады. Қоғамды ақпараттандыру қарқыны компьютерлік
ортада байланыс қҧралдарын ӛңдіруден де кӛрінді. Басқару саласында
компьютерлік желілердің кеңінен таралуының мынадай негізгі себептерін атап
кӛрсетуге болады:
11
біріншіден, есептеу қуаты бҥгінгі кҥні кӛптеген тәжірибелік есептерді
шешуге мҥмкіндік беретін қымбат емес копмьютерлердің таралуы;
екіншіден, бір ҧйымның компьютерлер пайдаланушыларының қажетті
ӛзара ақпаратпен алмасуы, ортақ желілік бағдарламалық, аппараттық-
ақпараттық қорларды бірігіп пайдалану және де басқа ҧйым немесе
мекемелердің есептеу желілерінің қорларына қол жеткізуге ие болу;
ҥшіншіден, желіде компьютерді жеңіл әрі тиісті тҥрде арзан қосуға
мҥмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық коммуникациялық
қҧралдардың кең кӛлемде пайда болуы.
Ең қарапайым желі (network) кем дегенде бір-біріне кабель арқылы
жалғанған екі компьютерден тҧрады. Бҧл олардың деректерді бірлесіп
қолдануына мҥмкіндік береді. Барлық желілер кҥрделігіне қарамастан, осы
қарапайым пікірге негізделеді. Кабель арқылы компьютерлерді біріктіру
идеясы коммуникациядағы ҥлкен жетістік болды. Деректерді бірігіп пайдалану
мҥмкіндігі болу ҥшін - тәжірибелік қажеттіліктен компьютерлік желілер туды.
Бір-біріне байланыс қҧралдары арқылы қосылған компьютерлер мен басқа да
қҧрылғылар тобын желі деп атайды. Қҧрылғылар мен ортақ пайдаланылатын
компьютерлер ресурстарын біріктіру тҧжырымдамасы желілік әрекеттестік деп
аталады. Желідегі пайдаланушылар келесілерді бірігіп қолдана алады:
деректерді;
принтерлерді;
модемдерді;
факстерді;
басқа да қондырғыларды.
Компьютерлік желі ҥш негізгі аппараттық, екі бағдарламалық
компоненттерден қҧрастырылып, компоненттердің ӛзара келісімді әрекеттесуі
арқылы қызмет етеді.
Негізгі аппараттық компоненттер:
абоненттік жҥйелер - компьютерлер (жҧмысшы стансалар немесе
клиенттер мен серверлер), принтерлер, сканерлер, т.с.с.
желілік қҧрал-жабдықтар - желілік адаптерлер, концентраторлар (хаб),
кӛпірлер, маршруттаушылар және т.б..
коммуникациялық арналар – кабельдер, қосқыш ҧяшықтар, сымсыз
технологиялардағы деректер жіберу және қабылдау қондырғылары.
Негізгі желілік бағдарламалық компоненттер:
желілік операциялық жҥйелер - Windows NT, Windows NT Server,
Windows for Workgroups, LANtastic, NetWare, Unix, Linux және т.б..
желілік бағдарламалық жабдық (желілік қызметтер) - желі клиенті,
желілік адаптерлер, хаттамалар, қашықтықтан ену қызметі.
Жергілікті есептеуіш желі – ол желілік операциялық жҥйе мен
бағдарламалық жабдық арқылы басқарылып, жҧмыс жасайтын компьютерлер,
байланыс арналары, желілік адаптерлер жиынтығы.
Алғашқы компьютерлік желі 10 компьютерді және бір принтерді
біріктіретін 1980 жылдардағы ең әйгілі желі тҥрі 30 компьютерден, ал кабель
12
ҧзындығы 185 метр болған. Сондай-ақ желі бір ғимарат ішінде ғана орналасқан.
Кіші фирмалар ҥшін бҧл конфигурация бҥгінгі кҥнге дейін ҧтымды болып
саналады. Бҧл желі жергілікті есептеуіш желі деп аталады (ЖЕЖ, LAN - Local
area network). Алғашқы желі тҥрлері бӛлімшелері әр жерде орналасқан
кәсіпорындардың талаптарына сәйкес келмеді. Компьютерлік желінің
артықшылығы даусыз болғандықтан және нарықты желілік бағдарламалармен
толтыра бастаған соң, бәсекелестікті сақтап қалу ҥшін корпорациялардың басты
мақсаты желіні кеңейту болды. Қазір ЖЕЖ-лер бір-бірімен байланысып
(орналасқан жерлері әсер етпейді), ауқымды – ауқымды есептеуіш желіге
айналды (АЕЖ, WAN (Wide Area Network)).
Қазіргі уақытта кӛптеген ҧйымдар желі ортасында ҥлкен кӛлемді маңызды
деректерді сақтап және бірлесіп пайдаланады. Компьютерлік желінің негізгі
қызметі - бір ҧжым ішінде, әрі сыртында қорларды (ресурстарды) бірігіп
пайдалану және интерактивті байланысты жҥзеге асыру. Қорлар - деректер,
тҥрлі бағдарламалар, қосымшалар және сыртқы қондырғылар (дискілер,
принтерлер, сканерлер, плоттер, факс және т.б.). Компьютердің интерактивті
байланысы - нақты қазіргі мезгілде хабарлармен алмасу, сҧхбаттасу.
Компьютерлік желі пайда болғанға дейін әрбір пайдаланушыға принтерді
бірігіп қолдану ҥшін, оның орнын ауыстырып, жалғап отыру қажеттілігі
туындайтын. Қазір желі бірнеше пайдаланушыға деректер мен сыртқы
қондырғыларды бір уақытта пайдалануға мҥмкіндік береді. Егер бірнеше
пайдаланушыға қҧжаттарын баспадан шығару қажет болса, онда олардың
барлығы желілік принтерді пайдаланады.
Барлық желілердің компоненттері, қызметтері және сипаттамалары
болады. Олар:
серверлер (server), желілік пайдаланушыға ӛз ресурстарын ҧсынатын
компьютерлер;
клиент немесе жҧмысшы станса (clіent) - сервер ҧсынатын желілік
ресурстарға қатынауды жҥзеге асыратын компьютерлер;
орта (medіa) - компьютерлерді біріктіру әдісі;
бірлесіп пайдаланатын деректер - желідегі сервермен ҧсынылатын
файлдар;
бірлесіп пайдаланылатын сыртқы қондырғылар;
қорлар - желіде қолданылатын файлдар, компакт-диск, диск, принтер т.б.
Желілер екі тҥрге бӛлінеді
1) бірдеңгейлі (peer-to-peer);
2) серверге негізделген (server based).
Желі тҥрін таңдау кӛптеген факторларға байланысты:
кәсіпорын кӛлемі;
қажетті ақпараттық қауіпсіздіқ деңгейі;
бизнес тҥрі;
желілік трафик кӛлемі;
пайдаланушылардың талаптары;
қаржы мәселесі.
13
Трафик – белгілі бір уақыт аралығында ӛтетін деректер кӛлемі.
Бірдеңгейлі желіде компьютерлер тең қҧқылы: компьютерлер арасында
ерекшеленген сервер жоқ. Әр компьютер әрі сервер, әрі клиент қызметтерін
атқарады. Әр пайдаланушы компьютеріндегі деректердің қай бӛлігі ортақ
пайдаланылатынын ӛзі шешеді (1-сурет).
1-сурет – Бірдеңгейлі желілерде әр компьютер клиенттің де, сервердің де
қызметін атқарады
Бірдеңгейлі желіні жҧмысшы топтар деп те атайды, кӛбінде оншақты
компьютерлер бірігеді. Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon, Mіcrosoft Wіndows
for Workgroups және Mіcrosoft Wіndows 95, 98, 2000, XP ОЖ-лер бірдеңгейлі
желілерді қолдайтын қҧралдармен жабдықталған. Сондықтан бірдеңгейлі желі
орнатқанда қосымша желілік бағдарламаларды қажет етпейді.
Бір деңгейлі желіде оннан артық компьютерлер біріктірілмейді, олар
қарапайым
кабельмен
жалғастырылады.
Әр
пайдаланушының
ӛзі
администратор рӛлін атқарады. Бҧл желіде әрбір компьютер мыналарды
орындауы қажет:
жергілікті пайдаланушыға ӛзінің есептеуіш қорларының кӛп бӛлігін
бӛлу;
қашықтан басқа пайдаланушының қорларына кіру ҥшін қосымша
есептеуіш қорлар қосылады.
Бірдеңгейлі желі ҧсынылады, егер ол жерде:
қолданушылар саны 10-нан аспаған жағдайда;
қолданушылар жинақты орналасқанда;
деректерді қорғау сҧрағы сыналмаса;
болашақта фирманың ҥлкеюі жоспарланбаса, соған орай желі.
Егер осы шарттар орындалса, онда бірдеңгейлі желіні таңдау дҧрыс (сервер
негізіндегі желіге қарағанда) болады.
Желілік басқарушы (administration) мына мәселелерді қарастырады:
қолданушы жҧмысын және деректерді қорғауды басқару;
қорларға енуді қамтамасыз ету;
қосымшаларды және деректерді қолдау;
қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету және жаңарту.
Бірдеңгейлі желіде әрбір компьютер:
ӛзінің есептеуіш қорларының ҥлкен бӛлігін локалды қолданушыға
береді (осы компьютерде отырған);
14
алыстатылған қолданушы қорларына (желі бойынша серверге қараған)
енуді қолдау ҥшін қосымша есептеу қорларын қосады. Қорғау бӛлінетін
қорларға пароль қоюдан тҧрады, мысалы, каталогқа. Бір рангілі желіде қорғау
арқылы басқаруды орталықтандыру ӛте қиын, себебі, әрбір қолданушы оны ӛз
бетімен орнатады, жалпы қорлар тек орталық серверде ғана емес, барлық
компьютерлерде болады. Мҧндай жағдай желіге қауіп тӛндіреді, сонымен бірге
кейбір қолданушылар қорғанысты қоймауы мҥмкін.
Серверге негізделген желі немесе иерархиялық желі (2-сурет). Егер
серверге оннан артық пайдаланушы қосылса, онда компьютерлерге әрі клиент,
әрі сервер қызметтерін орындауы тиімді болмайды. Сондықтан желіде
ерекшеленіп алынған серверлер пайдаланылады. Ерекшеленіп алынған
серверлер деп, тек қана сервер қызметін атқаратын компьютерді атайды. Олар
файлдар мен каталогтарды, қорғауды басқару ҥшін арнайы қҧрылған болады,
қуаттылығы да жоғары, арнайы желілік бағдарламалармен де жабдықталған.
2-сурет – Серверге негізделген желі
Желілік трафика (деректер ағымы) кӛлемі мен желі ӛлшемін кӛбейткеннен
кейін, серверлер санын да кӛбейткен дҧрыс болады. Серверлер орындайтын
мәселелер кҥрделі және алуан тҥрлі. Тапсырмаларды бірнеше серверлерге
таратса, онда олар барлық мҥмкін болатын тәсілдердің ең тиімдісін қолданады.
Қарқынмен ӛсіп келе жатқан пайдаланушылар қажеттіліктеріне икемдену ҥшін,
ҥлкен желідегі серверлер арнайы бағытқа салынады (specіalіzed). Мысалы,
Wіndows NT желісінде әр тҥрлі серверлер болады (3-сурет):
3-сурет – Арнайы (ерекшеленген) серверлер
15
Файл-серверлер файлдарды жинақтайды, принт-сервер принтерді
басқарады. Мысалы, пайдаланушы мәтіндік процессормен жҧмыс істегенде
қҧжат файл серверден оның компьютерінің жадысына жҥктеледі. Файл-сервер
мәліметтер мен файлдарды сақтауға арналған.
Қосымшалар сервері. Бҧл серверлерде клиент пен сервер қосымшаларының
қолданбалы бӛлігі орындалады, сондай-ақ клиенттерге қатынауға болатын
деректерді бӛледі. Мысалы, деректерді табуды жеңілдету ҥшін сервер
ақпараттарды ҥлкен кӛлемде қҧрылымдық тҥрде сақтайды. Файл-серверлерде
және принт-серверлерде файлдар немесе деректер тҥгелімен шақырған
компьютерге
кӛшіріледі,
ал
қосымша
серверлерінде
шақырылған
компьютерлерге тек сҧраныстың нәтижесі жіберіледі. Мысалы, клиент-
қосымша
файл-серверден
10000
теңгеден
артық
жалақы
алатын
қызметкерлердің тізімін сҧраса, ол барлық деректер базасын жібереді, ал
қосымшалар сервері болса, ол сол тізімді ғана береді.
Пошта сервері желі пайдаланушы арасында электронды хабарларды
жіберуді басқарады.
Факс-сервер бір немесе бірнеше факс-модемдер арқылы алмасатын
хабарларды басқарады.
Коммуникациалық (байланыс) серверлері телефон желісі мен модем
арқылы қашықтағы компьютерлерді немесе басқа желілер арасындағы
деректердің ағымын басқарады.
Каталогтар қызметіндегі сервер желідегі ақпараттарды сақтауға, қорғауға
және іздеуге арналған. Wіndows NT Server ОЖ-сі компьютерлерді логикалық
топтарға – домендерге біріктіреді, олардың қорғау жҥйесі кез келген желі
қорларына кіруге мҥмкіндік береді.
Желі қҧрылымында коммуникациялық және абоненттік ішкі желілерді
ерекшелеуге болады. Коммуникациялық ішкі желі жҧмыс стансалары мен
серверлерді бір-бірімен байланыстыратын есептеуіш желінің ҧйытқысы (ядро)
болып табылады.
Коммуникациялық ішкі желінің буындары (осы жағдайда – коммутация
тораптары) жоғары ӛткізушілік қабілеті бар магистралды байланыс арналары
арқылы ӛзара байланысқан. Ҥлкен желілерде коммуникациялық ішкі желіні
мәлімет тарату желісі деп жиі атайды.
Абонеттік ішкі желі буындары (хост-компьютерлер, серверлер, жҧмыс
стансалары) коммутация тораптарына абоненттік байланыс арналарымен –
кӛбінесе бҧл орташа жылдамдықты телефон байланыс арналарымен қосылады.
Қолданылатын коммуникациялық ортаға байланысты желілер моноарнасы
бар желілерге, сондай-ақ, иерархиялық толық байланысы бар желілер және
аралас топологиясы бар желілерге бӛлінеді:
Моноарнасы бар желілерде мәліметтер тек бір жолмен ғана жҥре алады;
бҧларда абоненттердің ақпарат алуы мәліметтер пакеттерінің мекен-жай бӛлімі
бойынша таралатын кадрлар немесе мәліметтер пакеттерінің селекциясы
(таңдауы) негізінде іске асырылады. Барлық пакеттерді желінің барлық
қолданушылары ала алады, бірақ пакетті онда кӛрсетілген мекен-жайы бар
16
абонент қана ―ашып‖ ала алады. Ондай желілерді кейде ақпаратты
селекциялауы бар желілер деп атайды.
Иерархиялық, кӛп байланысты және аралас топологиясы бар желілер
мәліметтерді тарату ҥдерісінде бағдарлауды, яғни әрбір торапта ақпараттың әрі
қарай бару жолын таңдауды қажет етеді. Бірақ, баламалы, бір мәнді емес
бағдарлау байланыс арналар нҧсқасы бар (ҧялық қҧрылым) желілерде ғана
орындалады. Мҧндай желілер ақпаратты бағдарлауы бар желілер деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |