185
Frame Relay желісінің арналы деңгейінде ITU – T кепілдемесінде Q.922
аббревиатурасы деп аталатын LAP – F (Link Access Procedure for Frame mode
bearer services) хаттамасы жҧмыс істейді. Осы хаттаманың 2 жағдайы
қарастырылған:
LAP – F core хаттамасы Frame Relay барлық желісінде қызмет етеді. Бҧл
хаттама Frame Relay желісін қҧруға рҧқсат ететін ең тӛменгі жағдайды
қамтамасыз етеді. Бҧл жағдайда желі тек тҧрақты виртуалды арналардың
қызметін ҧсынатын болады.
Сырғанақ терезенің алгоритмі бойынша, арналарды орнатуын қамтамасыз
ететін арналы деңгейдің хаттамаларына жатады.
Физикалық деңгейде Frame Relay желісі PDH/SDH
және ISDN
технологиясының байланыс сызықтарын қолдануы мҥмкін.
Asynchronous Transfer Mode (АТМ) немесе асинхронды тасымалдау режимі
– бҧл мәлімет алмасу ҥшін тҧрақты ҧзындықты (кӛлемдегі) ҧялар
қолданылатын коммутация технологиясы. Ҥлкен жылдамдықпен жҧмыс істей
алатын АТМ желілері біріктірілген мәлімет жиындарын – сӛзді, қозғалыстағы
бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен тасымалдау ісін жҥзеге асыра
отырып, жергілікті және аймақтық тармақталған желі рӛлдерін атқара алады.
Бҧлардың жҧмысы Интернет қызметі тҥрлерінен айрықша тҥрде қҧрылып,
арнайы инфрақҧрылымның болуын талап ететіндіктен, олар желі сегменттерін
бір-бірімен біріктіріп байланыстыратын магистральдық желі (backbone) ретінде
қолданылады.
АТМ технологиясы 90-шы жылдардың басында пайда болып,
жарнама
компанияларының кӛмегімен компьютерлік желі ӛміріне енген болатын
(Ginsburg, 1996; Goralsky, 1995; Ibe, 1997; Kim және т.б., 1994; Stallings, 2000).
Осы технологияның кӛмегімен бҥкіл дҥниежҥзілік мәселелерді шешуге оң
ықпалын тигізетініне ҥлкен ҥміт кҥтілген болатын. Бірақ та бҧлай болған жоқ.
АТМ технологиясының мәселесі (проблемасы) ілгеріде айтылған OSI-дің
мәселелеріне ҧқсас: мезгілсіздік,
сәтсіз технологиялар, жҥзеге асыру және
саясат.
Жалпы, АТМ технологиясы OSI технологиясымен салыстырғанда табысты
болды және де ол телефон жҥйесінде әлі де қолданылуда. Ол IP – пакеттерді
жіберумен шҧғылданады.
АТМ технология болғандықтан, алдын ала қосылған кезінде, яғни
мәліметтерді жіберер алдында пакетті жіберуі тиіс. Ол байланысты орнату ҥшін
керек. Тағайындалған пакеттің алу мҥмкіндігіне қарай, барлық ішкі жҥйелер
бағыттары ӛзінің ішкі кестелерінде
жазылымдар жасайды, сонда оған нақты
қорларды (ресурстарды) біріктіру арқылы қор жинайды. АТМ технологиясында
қҧрылған біріктірулер жиі тҥрде виртуалды арналар деп аталынады. АТМ
желілерінің кӛбінде тҧрақты виртуалды арналар болады, бҧл бір-бірінен
жойылған екі хосттар арасындағы тҧрақты біріктірулерді кӛрсетеді. Бҧлар
ерекшеленген телефондық желілерді еске салады. Әрбір біріктіруде ӛзінің
ерекше сәйкестендіргіші (идентификаторы) бар.
Жалғауды қҧрғаннан кейін әрбір жақтан деректерді алмастыра алады.
Шағын пакеттердің белгіленген ҧзындығымен ақпараттың алмасу идеясы АТМ
186
технологиясының негізі болып табылады. Бҧлар ҧяшықтар деп танылады.
Ҧяшықтар 53 байт ӛлшемінде болады, бҧның 5 байтын тақырып қҧрайды, ал
48-і тиісті деректерден қҧралады. Біріктіру сәйкестендіргіші (идентификаторы)
тақырыптық бӛлігі болып танылады, сондықтан
хосттар және де қолда бар
бағыттаушылар, қай ҧяшық жай жалғауға жататынын біледі. Бҧл ақпарат
бағыттаушыларға әрбір кіруші пакеттің қажетті бағытын кӛрсетеді. IP-
пакеттерінің маршруттаушылары бағдарлама ретінде қолдануы мҥмкін. АТМ-
нің тағы бір артықшылығы, кӛптеген шығыс желілерінде кіріс пакеттерін
кӛбейту негізінде аппаратураны іске асыру болып табылады. Бҧл қҧрылым
теледидар бағдарламасына сәкес ҧйымдастырылуы мҥмкін және жалпыға
жария ету әдісі арқылы абоненттердің кӛп сандарына жіберіледі. Ҥлкен емес
ҧяшықтар желіні кӛпке дейін істен шығара алмайды, яғни бҧл қызмет кӛрсету
сапасының белгілі бір деңгейіне кепілдік береді.
Барлық ҧяшықтар бір бағыт бойынша жҥреді,
сондықтан олар нақты бір
тәртіп бойынша жеткізілуіне кепілдік береді. Егер алдымен №1 ҧяшық, содан
кейін №2 ҧяшық жіберілсе (егер олар екеуі қабылдау хостына келсе), онда
мынадай жағдайлардың пайда болуы мҥмкін емес, яғни алдымен №2, содан
кейін №1. Бірақ та бір немесе екі пакет жолда жоғалуы да мҥмкін. Бҧларды
қалпына келтіру ҥшін жоғары деңгейлердің хаттамалары қажет. Назар
аударыңыз: бҧл технология жеткізу бойынша кепілдік бермейді, бірақ, бҧл,
интернетпен қамтамасыз етуге қарағанда артық.
Онда пакеттер тек жоғалып
қана қоймай, сонымен қатар олардың жҥру тәртібі шатасуы мҥмкін. АТМ
ҧяшықтары дҧрыс тәртіп бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді.
АТМ желілері дәстҥрлі аймақтық желілер принциптері бойынша
ҧйымдастырылған. Кӛбірек таралған АТМ жҧмысының жылдамдықтары – 155
және 622 Мбит/с, онда да жоғары жылдамдықты қолдануға болады. 155 Мбит/с
жылдамдығын таңдау себебі, жоғары орналастырылған теледидарда берілу
жылдамдығы шамасында болуы. 622 Мбит/с жылдамдығы тӛрт 155 –
мегабиттік арналарын бір уақытта жіберумен байланысты таңдалған.
Достарыңызбен бөлісу: