С.Қ. Базарова, Л. Б. Смағұлова Қазақстан қор нарығЫнЫҢ даму жолдары



жүктеу 177 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі177 Kb.
С.Қ.Базарова, Л.Б.Смағұлова
ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫнЫҢ даму жолдары
Акедемик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
В статье рассмотрены проблемы фондового рынка, а также купли-продажи ценных бумаг в Республике Казахстан. Проанализированы особенности и тенденции в развитии казахстанского рынка ценных бумаг. На основе исследования сделаны предложения по проведению агитационно-пропогандисткой работы, привлечению опытных западных брокерских компаний для работы на отечественных биржах, открытию клиринговых палат и созданию рейтинговых агенств.

Article discusses a stock market and some issues related to the trade of securities in the Republic of Kazakhstan. It analyses special features of the Kazakh market for securities and defines its development trends. Based on the research, authors make suggestions regarding the involvement of more experienced foreign commercial agents into the local exchange market, the creation of clearing and rating organizations, and popularization of the stock market amongst the nation.


Қаржы нарығының жаһандануы кезінде бағалы қағаздар нарығы және оның дамуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қаржы институттар мен бағалы кағаздар нарығының инфрақұрылымы болып табылатын мекемелердің дамуы бағалы қағаздар нарығының отандық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде танылады. Алайда, соған қарамастан отандық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жетіле дамымауы сипат алады.

Қаржы қорын тарту аспабы ретінде құнды қағаздың пайда болуы инвесторға шаруашылық қызметімен байланысты тәуекел мәселесін шешу үшін, оның қаржы жағдайының тұрақтылығына жауап беретін қажетті құнды қағаздар санын сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы кезеңде Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік құнды қағаздар нарығының басымдылығымен, портфельдік те, стратегиялық та шетелдік инвестициялардың едәуір кірісімен, Еуропалық одақ мемлекеттерінің, әсіресе Германияның қор нарығының қалыптасуына күшті ықпалымен сипатталды. Яғни, бастапқыда қазақстандық бірлескен құнды қағаздар нарығы міндетті емес, үлестік болып қалыптасты. Нарықтық экономикада құнды қағаздар нарығы ақша қорын қайта бөлу механизмінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қор нарығы еркін, сонымен қатар реттелетін, аса эффективті шаруашылық салаларына капиталды аудару нарықтық механизмін құрады.

Қор нарығы еркін, сонымен қатар реттелетін, аса тиімді шаруашылық салаларына капиталды аудару нарықтық механизмін құрады. Қазақстанда қор нарығының дамуы үшін қажетті құқықтық та, институционалдық та негіз жасалған. Қазақстандық қор биржасы 10 жылдан аса жұмыс істейді. Бірақ техникалық базаның жетілгенімен акциялар, жедел келісім-шарт нарығы жеткілікті дамымаған. Бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін мәселелерді шешу қор нарығының функцияларын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бағалы қағаз - бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке ресурстарға меншік, жер, тауар, ақша және т.б. танылады. Сонымен қатар, бұл құжаттар нақты объектілерден бөлініп, бағалы қағаздар түрінде өзіндік айналысқа ие. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы қағаз - бұл мүліктік құқықты куәландыратын, белгілі бір бекітілген формалары мен реквизиттері бар құжат болып табылады. Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігіне, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Оларды есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.

Бағалы қағаздар нарық субъектілерінің қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырады. Бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттарына бағалы қағаз арқылы субъектілер ақша-қаражаттарға деген сұранысын қанағаттандыру, ал осы құралдарға инвестициялаған субъектілер болашақ табыс алу қажеттіліктерін орындауын жатқызылады

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының алғашқы элементтері КСРО заңдарының негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік фирмалар, қор биржалар құрылған кезде 1991 жылы көріне бастады. Қазақстанның бағалы қағаздар туралы ең алғашқы «Қазақ ССР-ндегі бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» заңы 11 шілде күні 1991 жылы шықты.

Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының нормативті-құқықтық базаның негізі болып келетін келесі заңдар: «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 1997 жылдың 5 наурызынан; «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалатын келісімдердің тіркелінуі туралы» 1997 жылдың 5 наурызынан; «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» 1997 жылдың 5 наурызынан. 1997 жылдың 20 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылдады. 1998 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына қол қойды.

Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың дамуы 1992 жылға тиесілі. Бірақ, инфляция қарқындарының тез өсуіне байланысты инвесторлар үшін мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестиция салу тиімсіз болды. Осыған байланысты Ұлттық банктің ұсынысымен Үкімет бағалы қағаздардың табыстылығын қайта қарастырған болатын.

1994 жылы жалпы сомасы 233,7 млн. болатын 3671 мың бірлік вексель 15 аукционда орналастырылған. 1995 жылдың 1 қаңтарында жалпы сомасы 209,7 млн. теңгеге вексель айналымда болған. 2000 жылдың сәуірінен бастап тек теңгелік мемлекеттік бағалы қағаздар шығарыла бастады, олардың мерзімдері ұзартылып, табыстығы төмендеген болатын. 2001-2002 жж. бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу Ұлттық Банктің құзырына енген. 2003 ж. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және бақылау туралы», «Электронды құжат және электронды сандық қолы туралы» заңдары қабылданды.

2004 жылдан бастап Қазақстанда қаржы нарығының негізгі сегменттерінің қызметін реттеу Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және реттеу Агенттіктің құзырына енген.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы үшін, оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциямен қамтамасыз ету үшін, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту және қазақстандық капиталдың халықаралық бағалы қағаздар нарықтарына шығуы үшін Үкіметпен Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығы құрылған. 2006 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы туралы» заңы қабылданды.

Қазақстанның негізгі биржасы - Қазақстан қор биржасы немесе KASE (KAZAKH ASSET STOCK EXCHANGE). KASE құрылу уақыты – 1993 жыл деп бекітілді. 1999 жылдан бастап аталған биржалар қайта қосылып, KASE атауын бекітті. KASE-тің құрамында 71 акционер бар (01.12.08)- «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы», банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару бойынша компаниялар, ЖЗҚ және тағы басқа қаржы ұйымдары бар. 2008 жылдың бірінші қарашасында KASE көрсеткіштері келесідей болған: меншікті капитал- $10,6 млн; төленген жарғылық капитал-$1,4 млн; жарияланған акциялардың көлемі-5 000 000; орналастырылған акциялардың көлемі- 450 000; акциялардың баланстық құны- 2 732 тенге.

KASE-тің айналыс объектілері ретінде келесі активтер танылады: отандық мемлекеттік бағалы қағаздар; эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздар; халақаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары; ҚР заңнамасына сәйкес, ҚР-да айналысуға құқықтары бар шетел эмитенттердің бағалы қағаздары; вексельдер; базалық активтері KASE айналысатын туынды бағалы қағаздар; шетел валюталары.

2007 жылдың 6-қыркүйегінде Қазақстанның қор биржасы (әрі қарай - Биржа) және индекстерді жеткізуде әлімдегі жетекші Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтингтік агенттігі олардың арасындағы келісімді растайтын хатқа қол қойды. Қазіргі таңда Қазақстан S&P/IFCG Extended Frontier 150 индексіне қосылған, ал алдағы уақытта S&P/IFCG Extended Frontier 30 индекісен қосылады. S&P агенттігінің есебі бойынша, Қазақстан соңғысында 2-ші немесе 3-ші орын алады. Осы арқылы, S&P-тің индекстік қызметі өз индекстерін есептеген кезде, Қазақстанның ұйымдасқан нарығындағы мәліметтерді есепке ала алады. Биржа мамандарының пікірінше, бұл – Қазақстанның қор биржасы дамудың белгілі бір кезеңіне жеткенін дәлелдейтін маңызды оқиға. Өйткені, қазірдің өзінде Қазақстан шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр.




Сурет 1. KASE биржасында 2006, 2007 және 2008 жылдардың қаңтар-қазан айларында жасалған келісім- шарттардың көлемі1
Суретте келтірілген мәліметтерге назар аударсақ, 2007 жылы шетел валюталармен жасалатын операциялар 2006 жылмен салыстырғанда 2 есе өскенін, ал 2008 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25 пайызға өскенін байқауға болады. 2007 жылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу - сату бойынша жасалған келісім- шарттардың көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 4 есе көбейді, 2008 жылы бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда шамамен 20 пайызға төмендеді. Шетел мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын келісім - шарттардың көлемінің деңгейі 2008 жылы нольге жетті. 2007 жылы акциялармен жасалған келісімдердің көлемі 2 есе өсті, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 2 есе кеміді. Корпоративті облигациялар бойынша келісім- шарттардың көлемі 2007 жылы 39 пайызға өсті, ал 2008 жылы 20 пайызға кеміді. Репо операциясы бойынша 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда келісім- шарттар көлемі 2 есе көбейді, бірақ 2008 жылы бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеді.

2 суретте келтірілген мәліметтер бойынша, 2007 жылдың соңында мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі айналымда 738,4 млрд тенгені құрғанын көруге болады, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің ноталары - 228,9 млрд. тенге, ҚР Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздары - 506,1 млрд. тенге және муниципалды бағалы қағаздар 3,4 млрд. тенге құрады.



Сурет 2. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуы2


Қысқа мерзімді өтімділік дағдарысына қарамастан Қаржы министрлігі өзінің бағалы қағаздарын орналастыру көлемін жыл бойы біртіндеп арттырды. Мәселен, І тоқсанда орналастыру көлемі 19,8 млрд. теңге, ІІ тоқсанда - 40,1 млрд. теңге, ІІІ тоқсанда- 40,3 млрд. тенге және IV тоқсанда – 63,1 млрд. тенге болды. Инвесторлар тарапынан бүкіл жыл бойы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына жоғары сұраныс сақталды алайда, бұл бағалы қағаздар нарығы дамуының әлі де төмен екенін және қаржы құралдарының айтарлықтай жетіспеушілігін растайды.

Сонымен қатар Қаржы министрлігі тек орта және ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер, сондай-ақ ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелер шығарды. 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер және инфляция бойынша индекстелген қазынашылық міндеттемелер шығаруды жаңартты.

2007 жылы барлығы 26 аукцион өткізілді, оларда қысқа мерзімді МЕККАМ-ның барлық түрі, 3 және 4 жылдық МЕОКАМ, инфляция бойынша индекстелген ұзақ мерзімді 6 жылдық МУИКАМ, ұзақ мерзімді 7, 8 және 10 МЕУКАМ, сондай-ақ ұзақ мерзімді жинақ 6, 8, 10 және 15 жылдық МЕУЖКАМ орналастырылды.

2000 жылдан бастап нарық зейнетақы реформасын жүргізуге және ірі институциондық инвесторлар – зейнетақы қорларының пайда болуымен байланысты облигациялық «шумен» сипатталады. Бұл міндетті де, үлестік те құнды қағаздар ұсынылатын аралас типті нарықтың қалыптасуына негіз болды.

Қазіргі уақытта құнды қағаздар нарығының екі сипаттамалық ерекшелігі бар – шетелден ірі облигациялық шеттен алып пайдалану және «көгілдір фишка» бағдарламасының жаңғырылуы. Қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде, құнды қағаздар нарығы экономиканы қаржыландырудың негізгі ішкі құрылым элементі бола отырып, жалпы экономикалық дамуға едәуір ықпалын тигізеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес бағалы қағаздардың 2007 жылдың соңында болған көлемі 6,9 трлн. тенгені құрған, оның халықаралық бағалы қағаздар 88,3 млрд тенге, акциялар- 5,8 трлн. тенге, корпотивті облигациялар- 965,0 млрд. тенге, инвестициялық пай-5,1 млрд. тенгені және резидент еместердің сертификаттары- 0,5 млрд.

Сурет 7. Мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының дамуы3
Динамикалық өсуіне қарамастан, құнды қағаздар нарығы капитализацияның төмен деңгейімен (дамыған мемлекеттер нарығымен салыстырғанда капитализация бойынша ЖІӨ 120-200% болатын), мемлекеттік құнды қағаздардан тәуелділігімен, репо операцияларының басымдылығымен, туынды құнды қағаздар нарығының жетілмегендігімен, сонымен қатар нарық қатысушыларының шектеулі санымен ерекшеленеді. Қазақстан нарығы үшін ірі акционерлердің серіктестік акцияларының ірі пакетін, серіктестікті бақылау мақсатында, сатып алуы тән. Облигациялармен ұқсас жағдай – негізінде, институциондық инвесторлар оларды өтегенше ұстап қалады. Мысалы, зейнетақы корлары облигацияларды сатып алғанда, оларды өтегенше ұстап отырады, бұл екінші ретті нарықтың әлсіздігін, құнды қағаздар нарығының алып-сатарлық бөлігінің жетіспеушілігін және құнды қағаздармен келісімдердің құнды қағаздармен келісімдердің бір сипаттамасын анықтайды. Халықаралық тәжірибеге қарағанда, берілген құнды қағаздар нарықта жоқ деп есептелінеді.

Кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен және екінші дәрежелі банктердің несиелері есебінен қаржыландырылуы Қазақстан экономикасының сипаттамалық ерекшелігі болып табылады. Өздік капиталдың қарқынды өсудің көмегімен өздік қаржыландыру деңгейінің өсуі бақыланады. Болып жатқан периодтағы құнды қағаздарды шығару жолымен, не менеджменттің инерттілігімен тоқтатылатын АҚ капиталын тарту қажеттілігін төмендетеді.

Әлемдік тәжірибеде ұсақ және орта өнеркәсіптер өздерінің дамуын қаржыландыру үшін негізі банк несиелерін қолданылады, тек ірі компаниялар құнды қағаздарды эмиссия жолымен қаржыландыру мүмкіндігіне ие. 2006 жылы акциялардың 451 шығуы тіркелген, акцияларды шығару мен орналастыру қорытындысы туралы 352 есебі бекітілді, 549 акциялардың шығарылымы күшін жойды. 2007 жылдың 1 қаңтарында жұмыс істейтін акциялар шығарылымының саны 2484 тең, сонымен қоса көрсетілген күнге әрекеттегі шығарылымдары бар акционерлік қоғамдардың саны 2300 жетті. 2007 жылдың 1 қаңтарында ашық халықаралық акционерлік қоғамның мәртебесі 13 қазақстандық акционерлік қоғамға берілді. Сол уақытта ұйымдасқан нарықта шығарылым санының 1,9% ғана айналымда болады.

Нарық дамуын тежейтін жоғарыда қарастырылған факторлармен қатар: эмитенттердің қаржылық есеп берушіліктің жетілмегендігін, компаниялардың жеткіліксіз ашық болуын, ұйымдасқан нарыққа шығумен байланысты едәуір транзакциондық шығындарды жатқызуға болады.

Экономиканың өсуімен қатар қаржы нарығының қормен қанықтылығы, ликвидті қаржы құжаттарының жеткіліксіздігімен мәселелер пайда бола бастады. Пайда болған жағжайдың негізгі себебі, бұл корпоративті құнды қағаздар нарығының жетілмегендігінде және де біріншіден акция нарығының кезегі. Қаржы нарығынан нақты экономика секторына ақша ағынының нарықтық механизмнің болмауы тек осы нарықтың мәселесін асқындырып, сонымен қатар жалпы мемлекеттік экономикасының дамуының тежеуіші бола бастайды. Сонымен ДЖСҰ кіру және қор нарығындағы қызықтыратын қаржы құралдарының болмау жағдайында қор нарығының ашық болуы, еркін капиталдың мемлекеттен жылыстауына әкеле алады, сондықтан кәсіпорынды акцияларды және корпоративтіоблигацияларды шығаруға дайындау қажет, ол қор нарығындағы ұсынылған ликвидті қаржы құралдарының тізімін кеңейтеді.

Қор нарығындағы жағдайдың жақсаруы «көгілдір фишкалар» бағдарламасын жалғастырумен байланысты. Бағдарламаның қажеттілігінің бірінші мысалы болып Қазақтелекомның акцияларын сату болып табылады. Қазактелекомның 4,6% қарапайым атаулы акцияларының сатылуы туралы шешім «Самрук» мемлекеттік активтерді басқару холдингімен 2006 жылы күзінде қабылданды. Осы пакеттің 90% (447837 дана) жеке адамдарға ұйымдаспаған нарықта жазылу бойынша ала алады деп тұжырымдалған, ал 10% (49 760 дана) – Қазақстандық қор биржасында (KASE) алады деп ұсынған. Акцияның көрсетілген бағасы 1 мың теңге болып, акцияны халыққа бір данасы 25–33 мың теңге бағасы бойынша ұсынды, орналасудың бірінші кезеңі өткен жылдың соңында аяқталғанда, олардың бағасы екі еседей үлкейді. Биржаның айқындап қойылған бағасы Қазақтелекомның ЖЗҚ қағаздарын соңғы келісімде сауданың ашылуының алдында бір акцияның бағасы 50 мың теңге болды. ЖЗҚ ұсынған акциялар 48 965 теңгеден 51 050 теңгеге дейін өспелі бағамен сатылды.

Акция нарығының активациясының екінші шарты болып, миноритарлы инвесторлары қорғанысын күшейту, корпоративті басқару Кодексін енгізу, акциялар эмитенттерінің мөлдірлігін жоғарылату болып табылады. Инвесторларға, бұл нарық қызығушылықты туғызбайды, өйткені дивидентті саясаттың анықталмағандығы және эмитенттің қажетті ақпаратын ашпайды. Капиталға инвесторларды тарту және бизнестің мөлдірлігін жоғарылату жалпы бизнесті тұрақтандыруға және қор базасының бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Ірі акционерлер көбінесе келешекте болатын пайдаға сенеді, аз деңгейде бұл жеке тұлғалар акционерлерге тиісті болады. Бірақ әлемдік тәжірибедеинвесторлар бағаның тұрақты өсуі кезінде ликвидтіліктің жоғары деңгейлі акцияларды не дивидентті төленімдердің едәуір көлемі тұжырымдалатын төмен ликвидті корпоративті құнды қағаздарды сатып алуға тырысады. Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер баршылық.

Қазақстан халқының биржаға қатысу пайызы өте төмен. Оның бірнеше себебі бар. Бұл көрсеткіш бірінші кезекте халықтың қаржылық сауаттылығына байланысты. Жергілікті халықтың биржаға қатысуы мен және оның қаржылық сауаттылығы арасындағы байланысты анықтау үшін сұрау жүргізілді. Сауалдама құрамында 15 сұрақ қойылған, жалпы сұрау екі тілде жүргізілді: орысша, қазақша. Респонденттердің саны 372.

Келтірілген мәліметтерді ала отырып, сұрастырылған респонденттердің 74 пайызында жоғары білім болғаныменен қор биржасы туралы ақпараттандырылуы өте төмен деген қорытындыға келуге болады. Респонденттердің тек 2 пайызы ғана биржада ойнағанымен, 73 пайызы бағалы қағаздар нарығына сенімді деуге болады. Біздің ойымызша осы 73 пайыздың қор биржасында ойнай бастауы үшін оларды сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету жеткілікті. Яғни қор биржасында ойнау үшін жеткілікті ақша сомасы, брокерлік делдардар жайындағы ақпарат беру , қор биржасы жайындағы жалпы мағлұмат беретін сан-алуан тренингтер өткізу. Бұл шаралардың көбісі Алматының аймақтық қаржы орталығымен іске асырылып жүр. Қамту аймағы бойынша жүргізілетін халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарылату шаралары тек Алматы қаласында немесе Оңтүстік Қазақстан облысында нәтижелі болып келеді деген қорытындыға келуге болады. Халықтың қаржы сауаттылығын жоғарылату үшін Қазақстан бойынша бірқалыпты нәтижеге жету үшін қаржы орталығының тағы бірнеше филиалын ашу керек.

2006 жылы алғашқылардың бiрi болып «Қазақтелеком» өз акцияларын сатылымға шығарды. «Бiрақ олардың көбiсiн кiмдер алды, қарапайым халық соған қол жеткiзе алды ма»- деген сұрақтар мейлінше бар. Бiздiң ойымызша, бұл жерде құнды қағаздар нарығын жұртшылық онша түсiне бермегендiктен, олар әлi де сол артық ақшаларын банктерге депозитке салғанды жөн санайды. Бұл жерде акцияларды билiк басындағы шенеунiктер мен құнды қағаздың тиiмдi екенiн түсiнетiн қаржыгерлер, сондай-ақ акционерлiк қоғамның айналасында жүрген санаулы адамдар ғана құнды қағаздарға қол жеткiзе алды. Бұл - бiр. Екiншiден, халықтың тұрмыс деңгейiне де байланысты. Мысалы, көпшiлiк салаларда, соның iшiнде бюджеттiк мекемелерде қызмет iстейтiндердiң айлық жалақысы айтарлықтай жоғары емес. Мұндай айлық жалақы алатындардың биржадағы саудаға қатысуға шамасы келмейтiнi, тек жоғары табыс деңгейi бар адамдардың ғана қатыса алатыны түсiнiктi. Сонда елiмiзде аса жоғары жалақы алатындар кiм және олардың саны қанша деген сұраққа жауап беру үшiн статистикалық деректерге зер салып көрелiк. 70 мың адамды қамтитын қаржы саласы қызметкерлерiнiң орташа айлық жалақысы - 112 мың теңге. Көлiк және байланыс саласында орташа жалақының мөлшерi - 60 мың теңге. Бұл салада 530 мыңдай адам жұмыс iстейдi. 415 мың адамды қамтитын құрылыста орташа жалақы - 59,800 теңге. Сонда 60 мың теңгеден жоғары айлық табысы бар адамдардың саны- 1 млн. 200 мыңдай. Ал республикадағы экономикалық белсендi халықтың саны - 7 млн. 400 мың. Оның жұмыс iстейтiнi - 7 млн. 300 мыңдай. Дегенмен, халықтың қолында мүлдем ақша жоқ деп тағы айта алмаймыз. Бiзде тұрмыстың қымбатшылығы бар. Халық тұтынатын тауарлар қымбаттап барады. Соған байланысты өмiр сүру қымбат. Мұның өзi халықтың тұрмыс деңгейiн көтеруiне елеулi түрде кедергi келтiредi. Сондықтан биржадағы саудаға тек ауқатты адамдар ғана қатыса алады деген сөз.

Мамандардың айтуынша, елiмiзде қор нарығын дамыту үшiн өркениеттi елдерден үлкен-үлкен брокерлiк компаниялар мен рыноктағы iрi субъектiлер келуi қажет. Әйтпесе оқшауланып, көлемi шектеулi, аз болып қалады. Содан кейiн толыққанды жұмыс iстей алмайды. Сонда ғана әлемдiк бағалы қағаздар жүйесiне кiрiгедi. Қазiр бағалы қағаздар биржаларының арасында үлкен бәсеке, талас-тартыстар бар. Себебi бағалы қағаздар - қалай дегенмен де, халыққа да, оның iрi ойыншыларына да жақсы табыс әкелетiн құрал. Мысалы, әлде бiр өндiрiс орнының акциясы бүгiн 1000 теңге тұрады десек, ертең, аз уақыт iшiнде оның бағасы 10 мың теңге болуы мүмкiн. Адамның қолында санаулы ғана емес, мыңдаған акция болады десек, бұл қыруар табыс әкелетiнi анық. Халықтың биржа саудасы жөнiнде бiлiмiн арттыру, сауатын ашу керек. Сонымен қатар, мектептерге де арнайы пән енгiзу керек. Сонда елiмiздiң ертеңгi тұтқасын ұстар азаматтар мектеп партасынан сауаттанса, одан жоғары оқу орындарында ол бiлiмдерiн жалғастырып, биржаның не екенiн, қандай сауда алаңдары бар екенiн, одан қалай пайда табуға болатынын ерте бастан бiлер едi.

Жалпы қойылған мақсат - отандық құнды қағаздар нарығын дамыту, экономикаға инвестиция тарту.

Қазақстан бұрынғы кеңестік аймақтағы елдердің ішінде экономикасына шетел инвестицияларын тарту бойынша көшбасшы болып табылады. 1993-2007 жылдар арасында республика тікелей инвестиция ретінде 68 млрд. АҚШ долларын тартты, адам басына шаққанда 4,4 мың АҚШ долларын құрайды. 2007 жылда елімізге тікелей инвестиция ретінде 17 млрд. АҚШ доллары тартылды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 65%-ға артық. Сондағы қаржылардың 60%-ы экономиканың шикізаттық емес салаларына инвестицияланды.

Бүгінгі күнге дейін халықаралық кеңес екі мәжілісін өткізіп, оның біріншісі – күзде Астанада, екіншісі – Елбасының Лондонға барған сапары кезеңінде сонда болды. Бірінші мәжілісте, агенттіктің тұжырымдамасы, стратегиялық мәселелері қаралса, екіншісінде, агенттігіміздің 2010 жылға дейінгі, яғни өзінің үшжылдық даму бағдарламасының көптеген мәселелері қарастырылып, бекітілді. Бұл бағдарламаның үш кезеңі бар. Оның біріншісі – Алматы қаласындағы инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады. Жалпы, Қазақстан қалалары арасында Алматы инфрақұрылымы даму жағынан ең алдыңғы орындағы қала болып табылады. Әйтсе де, халықаралық деңгей көзқарасымен қарағанда, әлі де жетіспей жатқан тұстарымыз жетіп артылады. 2007 жылы Алматының инфрақұрылымын дамытып, оның деңгейін көтеруді мақсат етіп отырмыз. Оның ішіне қандай шаралар кіреді дегенге келетін болсақ, алдымен Қазақстанда ұлттық рейтингілік агенттік құру керек. Шағын және орта бизнес бүгін де халықаралық құнды қағаз нарығына шыға алмауда. Қазақстанда осы күнге дейін ұлттық рейтингтік агенттік жоқ. Халықаралық агенттіктерге шығу үшін мол қаржы керек. Ондай ақша шағын және орта кәсіпорындарда жоқ. Ресейдің өзінде осындай 5 агенттік жұмыс істеуде. Сондықтан өзімізде ұлттық рейтингтік агенттік құру аса маңызды мәселе болып күн тәртібінде тұр. Екіншіден, қазақстандық қор биржасында клирингілік палата жоқ, сондықтан оны құру да бірінші кезекте жүзеге асырылатын шаруа болып тұр. Клирингілік палата құнды қағаздар қор биржасында сатылар кезде есептерді өткізу үшін өте қажет. Қазақстандық қор биржасына басқа да халықаралық шетелдік қор биржалары, халықаралық брокерлік компаниялар қатысушы болып немесе акционер ретінде кірсе, оның деңгейін, қаржыландыруды күшейтсе керек. Үшінші – рейтингтік агенттік құру.

ҚР бағалы қағаздар нарығын жетілдіру үшін келесі іс-шараларды іске асыру қажет:

Репо операцияларының көлемін шектеу;

Халыққа, нақты сектордағы кәсіпкерлерге бағалы қағаздар нарығы жайлы маркетингтік инструменттер қолдана отырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;

Халықтың сауаттылығы бірқалыпты жоғары деңгейге көтерілу үшін Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс, орталық аймақтарында қаржы орталығының филиалдарын ашу;

Мектептің оқу бағдарламасына биржа пәнін кіргізу;

Нарықтық экономика бәсекелестік жағдайында жақсы дамиды, сондықтан Қазақстанның орталық аймағында биржа ашу үлкен нәтижеге алып келеді;

Отандық биржаға тәжірибесі мол шетелдік брокерлік делдалдарды тарту;

Клирингілік палата ашу;

Рейтингтік агенттік құру.

Өркениеттi елдермен салыстырғанда Қазақстанда қор нарығы түбегейлi қалыптасып үлгерген жоқ. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қарапайым халыққа қор нарығында жұмыс iстеудi үйрету керек» деген болатын. Жүргізілген сұраудың мәліметтерін ескере отырып, сұрастырылған респонденттердің 74 пайызында жоғары білім болғаныменен қор биржасы туралы ақпараттандырылуы өте төмен деген қорытындыға келуге болады. Респонденттердің тек 2 пайызы ғана биржада ойнағанымен, 73 пайызы бағалы қағаздар нарығына сенімді деуге болады. Біздің ойымызша осы 73 пайыздың қор биржасында ойнай бастауы үшін оларды сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету жеткілікті. Яғни қор биржасында ойнау үшін жеткілікті ақша сомасы, брокерлік делдардар жайындағы ақпарат беру , қор биржасы жайындағы жалпы мағлұмат беретін сан-алуан тренингтер өткізу қажет.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Базарова С.Қ. Биржалық қызмет. Оқулық.-Астана, 2007.-296б.

  2. www.kase.kz. 2008 жылдың 12-13 қыркүйекте берген есеп

  3. Аналитическая служба РЦБК. Итоги развития биржевого фондового рынка за октябрь 2008 года // РЦБК.- 2008. - №12.- С. 48-49

  4. Данные «GBonds» // www.gbonds.ru - 2007 – 19 января Гражданский кодекс РК (общая часть) // Справочно – поисковая система «Юрист», 2007.

  5. Закон Республики Казахстан «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года №461 (по состоянию на 8 июля 2005 г) // Справочно – поисковая система «Юрист», 2007.

  6. Статистический справочник РК за 2005 год. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2006. – 489 с.

  7. Отчет KASE // www.kase.kz - 2007 - 15 февраля

  8. Торговые списки // www.kase.kz/Emmiters - 2006 - 5 февраля

  9. Якупбаева Ю. Фондовый рынок Казахстана: проблемы перспективы развития // Рынок ценных бумаг Казахстана. -2005. - №17- С. 15.

  10. Матюгина М. Краткий обзор рынка корпоративных облигаций РК // // Рынок ценных бумаг Казахстана. -2005. - №17- С. 19-22.

  11. Итоги развития КФБ за 2006 год // www.kase.kz - 2007 - 5 марта

  12. Программа развития рынка ценных бумаг на 2005-2007 гг. от 24.12.2004 г. №1385 // Справочно – поисковая система «Юрист», 2007.



1 /4, 12 б./

2 /4, 12 б./

3 /29, 45 б./





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет