С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет11/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
ӨСІМДІКТЕРДЕГІ СУ АЛМАСУ 
ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
Өсімдіктер денесі негізінен (70-85%) судан тұрады. Организм-
дегі судың маңызы орасан зор жəне алуан түрлі. Су – ең жақсы, 
күшті еріткіш жəне тіршілік əрекеттеріне байланысты биохимия-
лық реакциялар жүретін негізгі орта. Су биохимиялық процес-
терге тікелей қатысады. 
Су фотосинтез процесінде электрондар доноры болса, тыныс 
алуда тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады. Су көпте-
ген заттардың ыдырау жəне синтезделу процестеріне қажет. Су 
жоғары жылу ұстағыш қабілетке ие болғандықтан, өсімдік тем-
пературасын реттеуде маңызы зор. Су өсімдіктің барлық мүше-
леріне еніп, оларды өзара байланыстыратын үздіксіз фазаны 
құрайды, сондай-ақ қорек заттарының өсімдік бойымен жылжуын 
қамтамасыз етеді.
Су молекуласында сутегі мен оттегі ядроларына ортақ екі жұп 
электрон бар. Оттегі теріс зарядты болғандықтан оң зарядталған 
сутегі электрондарын өзіне тартады. Оң жəне теріс зарядтардың 
кеңістікте ашық орналасуы су молекуласының 
дипольдығын 
(полярлығын) бейнелейді. Оттегі ядросы мен сутегі атомының 
жеке ядроларының аралығындағы қашықтық шамамен 0,099 нм, 
олардың байланысу аралығындағы бұрыш шамамен 105
о
С-қа 
тең. Су молекуласындағы электрондар оттегі атомымен мықты 
байланысқандықтан протондар бөлінеді. 
Судың молекуласының құрылысы өте жоғары диэлектрлік 
өткізгіштігімен ерекшеленеді. Су зарядты бөлшектер үшін жақсы 
еріткіш, ал полярсыз молекулалар үшін нашар еріткіш болып 
табылады.
Катионның электрлік өрісіндегі судың барлық жақын моле-
кулалары теріс полюстерімен ішке қарай бағытталады, ал аниондар 
айналасындағы судың молекулалары ішке қарай оң полюстері-
мен бағытталады. Осы ішкі ионмен тығыз байланысқан су 
молекулаларының қабатын 
бірінші немесе жақын гидротация 


19 
деп атайды. Бұл қабаттың сыртында қашықтау орналасқан моле-
кулалар қабатын 
екінші немесе қашық гидротация деп атайды. 
Иондармен байланысқан суды 
осмостық байланысқан су деп 
те атайды. Клеткалар мен ұлпалардағы суды 
бос жəне байланыс-
қан деп екі түрге бөледі. Байланысқан су осмостық (иондарды, 
молекулаларды гидраттайтын), 
коллоидтық жəне қылтүтікті 
байланысқан деген түрлерге бөлінеді. 
Клеткадағы су осмос жəне биокаллоидтардың бөрту күші-
мен ұсталып тұрады. Цитоплазмадағы қанттар, тұздар, липидтер 
жəне басқа қосындылар судың күйіне əсері үлкен. Клеткадағы 
ең суы көп бөлік – 
вакуоль.
Егер клетканы таза суға малса, онда осмостық заңдылық-
тарға байланысты су клетканың ішіне енеді де, вакуольдың кө-
лемі ұлғайып, протоплазманың қысымынан клетка қабығы 
керіледі. Ал клетка қабығы протоплазмаға кері қысым жасайды. 
Клетканың осы күйін 
керілген (тургорлық) деп, қабықтың қарсы 
қысымын 
тургорлық (керілу) қысым деп атайды. Клетка суға 
толық қаныққан кезде осмостық қысым (П) тургорлық қысымға 
(Т) тең болады: 
П=Т; П=0. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет