26
Жапырақтың белгілі ауданынан белгілі бір уақыттың ішінде
буланған судың мөлшерін
транспирация қарқындылығы деп
атайды. Оны 1 м
2
немесе 1 дм
2
ауданнан бір сағатта буланған су-
дың мөлшерімен белгілейді. Транспирация қарқындылығы сыртқы
орта факторлардан, тəулік уақытынан тəуелді жəне оның мəні
шамамен 15-250 г/(м
2
·с) аралығында ауытқып тұрады.
Транспирация қарқындылығын анықтау, негізінен, таразыда
өлшеу арқылы жүргізеді. Бұл əдіс өсімдіктің суды буландыру
кезінде жоғалтқан су мөлшерін анықтауға негізделген. Осы жол-
мен өсімдіктің немесе оның жеке мүшелерінің транспирациясын
анықтауға болады.
Əдістеме
. Веск құралына бөлме температурасына жақын су
құйылады. Зерттелетін өсімдіктің
жапырағын сағағымен кесіп
алып (сағақ ұшын қиғаштап кесу керек) Веск құралының бір
ұшындағы тығынына мақтамен нығыздап орнатады. Жапырақ са-
ғағының ұшы суға тиіп тұру керек. Веск құралының екінші ұшын
тығынмен нығыздап жабады. Осыдан кейін жапырақ орнатылған
Веск құралын таразыда өлшейді (В m
1
). Зерттеуге екі Веск құралы
дайындалады,
олардың біреуін жарықта, ал екіншісін қараңғыда
бір сағат ұстайды. Уақыт өткен соң,
өсімдік жапырағы арқылы
буланған су мөлшері анықталады. Ол үшін жапырақ орнатылған
Веск құралдары таразыда қайта өлшенеді (В m
2
).
Алынған нəтиже бойынша транспирацияның қарқындылығын,
яғни жапырақтың белгілі ауданынан (м
2
) белгілі уақытта (1 сағ)
буланған судың мөлшерін (г) есептейді. Жапырақтардың ауданын
анықтау мақсатында қағазға олардың проекцияларын түсіріп,
қиып алады. Қиылған қағаз проекцияларын таразыда өлшейді (m
1
).
Сондай-ақ сол қағаздан ауданы 10х10 см шаршы қағазды қиып,
салмағын (m
2
) өлшейді. Алынған мəліметтердің
көмегімен жапы-
рақтардың ауданын төмендегі формуламен есептейді:
Достарыңызбен бөлісу: