32
9-12 мм) дискілер ойылып алынады. Жапырақ дискілерін (бидай –
40-50 дана, жүгері – 20 дана) иненің ұшымен пробиркалардағы
ерітінділерге 2 сағатқа салады. Жапырақ дискілерін пробирка-
ларға өте ұқыпты салу керек, яғни ерітіндінің бір тамшысы сыртқа
төгілмеуі тиіс. Өңдеу уақыты аралығында
дискілер ерітіндінің
бетіне қалқып шықпай, толық батып тұруы тиіс (дискілерді ері-
тіндіге батыруға иненің орнына ерітіндіні өзіне жұқтырмайтын,
парафин жағылған жіңішке капиллярды қолданған жөн). Осы-
лай дайындалған пробиркаларды таразыда қайта өлшейді.
Өңдеу уақыты өткеннен кейін дискілерді ерітінділерден шы-
ғарады. Ерітінділердің концентрацияларын рефрактометрде
анықтайды.
Жұмыстың
осы бөлігімен қатар, жапырақтардағы жалпы су
мөлшерін анықтайды. Ол үшін жапырақ дискілерін (дискілер
саны жұмыстың бірінші бөліміндегідей сəйкес болуы керек)
бюкстерге салып аналитикалық таразыда өлшейді. Осыдан кейін
осы бюкстерді кептіргіш шкафта салмағы тұрақтанғанша тем-
пературасы +100 – + 105
о
С кептіреді.
Судың жалпы көлемі алынған
ылғал массаның пайызымен
есептеледі. Бос судың көлемін есептеу төмендегідей жүргізіледі.
А% – сахароза ерітіндісінің бастапқы (тəжірибеге дейінгі)
концентрациясы;
Б% – сахароза ерітіндісінің тəжірибеден кейінгі концен-
трациясы;
В% – бос пробирканың салмағы;
Г% – ерітінді құйылған пробирка салмағы;
Д% – ерітінді мен жапырақ дискілері бар пробирканың сал-
мағы;
Е% – бастапқы ерітіндінің салмағы (Г-В);
Ж% – жапырақ дискілердің салмағы (Д-Г).
Бастапқы сахароза ерітіндісінің массасын 100 % деп есептеп
жəне рефрактометрде сахарозаның пайызын (А) анықтап, бас-
тапқы ерітіндідегі қант массасының қатынасын (Х) табамыз:
Е -100 %
Х – А %
г
E
A
X
100
. (1)
•
33
Тəжірибелік ерітіндіде қанттың массасы өзгеріссіз қалатын-
дықтан, тəжірибелік ерітіндідегі қант пайызын анықтап (Б %), тө-
менгі қатынас арқылы тəжірибелік ерітіндінің
массасын табамыз
(Ү):
Х -Б %
Ү – 100 %
г
Б
X
Y
100
. (2)
Ерітіндінің бастапқы (Е) салмағымен салыстырғанда тəжіри-
беден кейінгі ерітіндінің (Ү) салмағының артуы жапырақ дискілер-
ден сіңірілген бос су мөлшеріне тең. Табылған бос судың көлемі
дискілердің ылғал массасының (Ж) пайызымен есептеледі.
Ылғал массадағы байланысқан судың (%) мөлшері ондағы
жалпы су көлемінен бос судың айырымына тең.
Егер судың фракциялық құрамын талдауға бұрыннан белгілі
өсімдіктер алынып жəне олар өзара құрғақ заттар мөлшерімен
ерекшеленсе (əртүрлі ылғалдылық
жағдайларда өсетін өсімдік-
тер), онда қант ерітіндісінің соңғы концентрациясына еритін
заттардың экзоосмосы əсер ететінін ескеру керек.
Осы мақсатта жаңа екі пробиркаға 1,5 мл дистильденген су
құйылады. Пробиркалардың салмақтарын таразыда өшлейді, осы-
дан кейін пробиркаларға 2 сағатқа жапырақ дискілерін (дискілер
саны сахароза ерітіндісіне салынған дискілер санына тең болуы
керек) салады.
Өңдеу уақыты өткеннен кейін
пробиркалардан дискілерді
шығарып, дискілерден ерітіндіге өткен заттарды рефрактометр-
дің көмегімен (сахарозаға есептегенде процент есебімен) табады.
Құрғақ заттарды пайыз есебімен алып,
сол заттардың басқа дис-
кілерден сахарозаға өтетін мөлшерін есептеп шығаруға болады.
Табылған шама тəжірибе ерітіндісінің массасына енгізілген тү-
зету (Х
1
) болып табылады. Сонда қатынас төмендегідей жазылады:
(Х+Х
1
)-Б
Ү-100 %
г
Y
X
X
Y
%
100
100
)
(
1
Достарыңызбен бөлісу: