С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Қажетті құралдар мен заттар



Pdf көрінісі
бет32/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80
Қажетті құралдар мен заттар:
спирт немесе ацетон,
спектроскоп,
электр шамы, пробиркалар, штатив, 5-10 мл межеленген пипеткалар, қара 
қағаз немесе мата.
 
 
18-жұмыс. Пигменттердің мөлшерін сандық
əдіспен анықтау 
 
Зерттеу мақсаты: өсімдіктің əртүрлі ярусында өскен жапы-
рақтарындағы пигменттердің мөлшерін анықтау.
Зерттеу объектілері:
 шөптесін өсімдік (стевия, қазтамақ). 
Қысқаша түсініктеме. Хлорофилл мен каротиноидтар жапы-
рақтағы фотосинтездік аппараттың негізгі компоненттері болып 
табылады. Жапырақтағы пигменттердің мөлшері организмнің 


46 
тіршілік əрекетіне жəне генетикалық табиғатына тəуелді болады. 
Сондықтан оны өсімдіктің жас ерекшелігін, онтогенездік жəне 
генетикалық ерекшеліктерді сипаттайтын физиологиялық көрсет-
кіш ретінде қарастыруға болады. Пигменттердің мөлшері өсім-
діктің өніп-өскен жеріне де байланысты болады. Осыған орай, 
физиологиялық зерттеулерде өсімдіктің əртүрлі мүшелерінде 
хлорофилл мен каротиноидтың жинақталу заңдылықтарын зерт-
теу мəселесі туындайды. 
Пигменттерді бөліп алу мақсатында əртүрлі полярлы ерітін-
ділер (этил спирті, ацетон) немесе полярлы жəне полярсыз 
ерітінділер қоспаларын (пертолейн эфирі, гексан, бензин, бензол) 
қолданады.
Əдістеме. Ацетон сүзіндісін алу. Өсімдіктің белгілі бір яру-
сында өскен жапырақты (0,1-0,5 г) алып, фарфор келісінде қай-
шымен майдалайды. Оның үстіне бір шөкім кальций диоксидін 
жəне кварц құмын қосып фарфор келсаппен жақсылап езеді. Езу 
барысында үстіне 2-3 мл 85% ацетон ерітіндісін құяды. Осыдан 
кейін езінді массасына 4-5 мл ацетон ерітіндісін қайта қосып 
бірнеше минут жақсылап езгілейді. Езіндіні біраз тұндырғаннан 
кейін сүзеді. Ол үшін фарфор келінің жиегіне вазелин жағып, 
ерітіндіні шыны таяқшаның көмегімен №2 фильтрлі воронкаға 
құяды. Сүзіндіні воронкаға құймас бұрын, воронканы каучук ты-
ғыны арқылы насоспен жалғанған Бунзен (немесе градуирленген 
вакуумды пробиркаға) колбасына орнатады. Экстракциялауды 
ацетон ерітіндісінің аздаған мөлшерімен жуу арқылы пигмент-
тер толық алынғанша жалғастырады. Осыдан кейін фильтратты 
құрғақ воронка арқылы 25 мл колбаға ауыстырады. Бунзен колба-
сын ацетон ерітіндісінің аздаған мөлшерімен екі қайтара шайқай-
ды. Шайындыны колбаға құяды. Колбадағы экстрактінің жалпы 
мөлшерін ацетон ерітіндісімен 25 мл-ге дейін жеткізіп, аузын 
каучук тығынымен жабады. Колбаны жақсылап шайқап пиг-
менттердің концентрациясын спектрофотометрмен анықтайды. 
Пигменттерді анықтау бөлме температурасында жүргізіледі. 
Қатты жарық түскен жағдайда хлорофилл фотототығуға ұшы-
райтындықтан, сүзіндіні қараңғы, суық жерде сақтайды. 
Пигменттер концентрацияларын спектрофотометрде анық-
тайды. Бұл пигменттердің мөлшерін өте дəлдікпен сандық əдіспен 
анықтауға мүмкіндік береді. Пигменттердің концентрациясын 


47 
спектрофотометрде анықтау фотоэлектроколориметрдегідей 
(ФЭК) оптикалық тығыздығы бойынша анықтайды. Əйтсе де спек-
трофотометрдің ФЭК-тен артықшылығы пигменттерді сіңіру 
спектрлары өзара жақын ерітінділер қоспаларынан да анықтауға 
мүмкіндік тудырады. Бұл монохроматордың қолданылуымен тү-
сіндіріледі, оның нəтижесінде хлорофилдің жəне каротиноидтар-
дың мөлшерін бір сүзінді ерітіндісінен (ерітіндіден пигменттерді 
бөлмей-ақ) анықтайды. 
Спектрофотометрде экстрактінің оптикалық тығыздығы хлоро-
филдің сіңіретін
қызыл спектрдағы 
a мен b толқын ұзындықтарына 
жəне каротиноидтар сіңіретін максимум толқын ұзындықтарына 
сəйкес өлшенеді. Қолданылатын ерітінді түріне қарай сіңіру мак-
симумы ерекшеленетінін ескеру керек. 
Пигменттердің концентрациясын төмендегі теңдеулермен 
есептейді:
100 % ацетон ерітіндісі үшін (Хольм-Веттштейн бойынша): 
С 
хл.а
= 9,784 D
662 – 
0,990 D
644

С 
хл.b
= 21,426 D
644 – 
4,650 D
662
;
С 
хл.а +
хл.b
= 5,134 D
662 
+ 20,436 D
644

С 
кар.
= 4,695 D
440,5 – 
0,268 С 
хл.а +
хл.b. 
85 % ацетон ерітіндісі үшін (Реббелен бойынша): 
С 
хл.а
= 10,3 D
663 – 
0,918 D
644

С 
хл.b
= 19,7 D
644 – 
3,87 D
663
;
С 
хл.а +
хл.b
= 6,4 D
663 
+ 18,8 D
644

С 
кар.
= 4,75 D
452,5 – 
0,226 С 
хл.а +
хл.b.
80 % ацетон ерітіндісі үшін (Вернон бойынша): 
С 
хл.а
= 11,63 D
665 – 
2,39 D
649

С 
хл.b
= 20,11 D
649 – 
5,18 D
665
;
С 
хл.а +
хл.b
= 6,45 D
665 
+ 17,72 D
649.
96 % этонол ерітіндісі үшін: 
С 
хл.а
= 13,70 D
665 – 
5,76 D
649

С 
хл.b
= 25,80 D
649 – 
7,60 D
665
;
С 
хл.а +
хл.b
= 6,10 D
665 
+ 20,04 D
649 
= 25,1 D
654. 
Этил эфирі үшін:
С 
хл.а
= 9,93 D
660 – 
0,78 D
642,5

С 
хл.b
= 17,6 D
642,5 – 
2,81 D
660
;
С 
хл.а +
хл.b
= 7,12 D
660 
+ 16,8 D
642,5. 


48 
226
.
25
,
7
.
52
,
0
480
100
в
хл
С
а
хл
C
D
с




мұндағы С 
хл.а
, С 
хл.b
, С 
хл.а +
хл.b
, С 
кар. 

сəйкесінше хлорофилл 
а
b мен олардың жалпы мөлшері жəне каротиноид концен-
трациялары, мг/л; D – толқын ұзындықтарға сəйкес тəжірибелік 
оптикалық тығыздықтар.
Алынған мəліметтер математикалық өңдеуден өткізіліп, нəти-
желер 15-кестеге енгізіледі. Осы көрсеткіштер арқылы тиісті 
қорытындылар жасалады.
15-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет