С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері педагогикалық мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелерінің оқу процесінде қолдануға арналған оқулық



бет40/114
Дата06.05.2024
өлшемі4.79 Mb.
#500649
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114
пед шеберлік

ПЕДАГОГТЫҢ ҚАТЫНАС МӘНЕРЛЕРІ

Педагогикалық қызметтің тиімділігі көбінесе қатынас мəнеріне байланысты болады. Қатынас мəнері деген не? Алдымен «мəнер» тҥсінігін талдайық.


Белгілі ағылшын жазушысы Дж. Свифт мəнер — бҧл это лайықты жердегі лайықты сөздер деген екен.
Педагогика бойынша анықтама-сөздікте мəнерге тəсіл, өмір
салты жəне адамның əрекеті3 деген анықтама берілген. А. А.

Бодалев бойынша, мəнер — бҧл жеке- өзіндік əрекет ету мəнері4.





  1. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогикалық шығармашылық. М.,1990.




  1. Кузьмина Н.В., Реан А.А. Педагогикалық қызметтегі кəсібилік. — СПб., 1987.




  1. Педагогика бойынша анықтама-сөздік / авт.-қҧр. В.А.Мижериков;

П.И.Пидкасистыйдың жал. ред.бой.. — М., 2004.



  1. Бодалев А.А. Қатынас психологиясы // Таңд. психол. еңб. — 3-ші бас. — М., 2002.

Педагогикалық мәнердің жіктелімі тҥрлі негізге сҥйенеді:
реттелген мәнер — педагогикалық процеске қатысушылардың рольдерін қатаң бөлу мен шектеуді, сондай-ақ белгілі бір ҥлгілер мен ережелерге бағынуды білдіреді. Оның артықшылығы, əдетте, — оқу-тəрбиелік жҧмысты анық ҧйымдастыруында;

суырып салу мәнері — ерекше артықшылыққа ие, өйткені кез келген уақытта қайта пайда болатын жағдайларда аяқ астынан шешім қабылдауға мҥмкіндік береді. Алайда суырып салу мəнері жекеленген/дара, сондықтан бҧл мəнерде ҥнемі əрекет ету мҥмкін емес.


Педагогикалықпроцескеқатысушылардыңролінің


критерийлері бойынша мəнерлер авторитарлық, демократиялық жəне естілім (А. В. Петровский,


Я.Л.Коломинский, В.В.Шпалинский, М.Ю.Кондратьев жəне т.б.) болып бөлінеді.


Белгілі психолог В.А. Кан-Калик қатынас — шетін мəселе, бірақ егер ынта болса, оған ҥйренуге болады дейді. « Қатынас мəнері арқылы, — деп жазады ол, — педагог мен оқушылардың əлеуметтік-психологиялық қарым-қатынасының жеке-типтік
ерекшелігін ҧғынамыз»1.

Ол педагогикалық қатынастың мынадай мəнерлерін алға тартады:



  1. Тҧтас педагогикалық қызметке қатысты педагогтың



жоғары кәсіби нұсқамасы негізіндегі қатынас. Мҧндай педагогтар туралы: «Балалар (студенттер) оларды өкшелеп жҥреді!»-дейді. Өйткені жоғары мектепте, əсіресе, бейіндік кафедраларда

қатынас жалпы кəсіби қызығушылықтармен ынталандырылады.



  1. Достық ықылас негізіндегі қатынас ортақ іспен айналысуды

білдіреді. Педагог тəлімгердің, аға жолдас, бірлескен оқу қызметінің қатысушысы ролін атқарады. Дегенмен соның өзінде ағайыншылыққа жол бермеу керек. Бҧл əсіресе, кикілжің жағдайларға тҥскісі келмейтін жас педагогтарға қатысты.





  1. Қашықтық-қатынас педагогикалық қатынастың ең көп тараған тҥрі. Мҧндай жағдайда барлық салалардағы қарым-қатынас қашықтығы — абырой мен кəсібилікке сілтемемен оқытуда, өмірлік тəжірибе мен жас шамасына сілтеме жасап тəрбиелеуде сезіледі. Мҧндай мəнер «мҧғалім-оқушы» қатынасын қҧрайды.




  1. Қорқыныш-қатынас қатынастың жағымсыз, адамгершілікке жат тҥрі, оған сҥйенген оқытушының педагогикалық дəрменсіздігін көрсетеді.

  1. Жағымпаз-қатынас атаққҧмар жас оқытушыларға тəн. Мҧндай қатынас өтірік, арзан атаққа жеткізеді1.

Педагогикалық тəжірибеде бірнеше мəнерлердің ҥйлесімі белгілі, алайда, оның біреуі ҥнемі басым болады.


В.А. Кан-Калик мҧғалімдерге педагогикалық қатынас ӛсиеттерін —педагогикалық қатынасты ҧйымдастырудағы негізгі психологиялық-педагогикалық талаптарды басшылыққа алуды ҧсынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет