С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері педагогикалық мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелерінің оқу процесінде қолдануға арналған оқулық


Бейнелілік, тҧлғаның психикалық жағдайын



бет60/114
Дата06.05.2024
өлшемі4.79 Mb.
#500649
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   114
пед шеберлік

Бейнелілік, тҧлғаның психикалық жағдайын
тҥсінуді дамытуға арналған жаттығулар


5-Жаттығу. Ишарат қылығы ҥлгісінің көмегімен адамның эмоционалдық қалпын анықтау.Фотосуреттерде көрсетілген қылық эталонының көмегімен қуаныш, қорқыныш жəне т.б. көңіл-кҥйлерді анықтауға болады.

Бағдарлау оңай болу ҥшін, жағдайды көзге елестетіп, оның сипатын сөзбен беріп, оған қатысушылардың қылықтарын сипаттау керек. Танымдық белгілерін жіктеу керек.


6-Жаттығу. Бейнелеу арқылы эмоционалдық көңіл-кҥйді анықтау. Фотосуреттер беріледі (немесе слайдтар). Адамның эмоционалдық көңіл-кҥйін сипаттап, алға тартылған жағдайға өзіңді қойып көріп, оның мазмҧнын анықтап, аталған істің мəн-жайы қандай сезімге жетелейтінін анықтау.

Іс-əрекет логикасын ишарат арқылы еске тҥсіру ҥшін фильмдердің кадрларын (дауысын өшіріп) жəне жеке кадрларды, фотосуреттерді пайдалануға болады.




7-Жаттығу. «Бҧл кім?». Топтағы бір студенттің ишарат қылықтарына алдын ала сипаттама беру. Сабақта оны адресатты айтпай оқып шығу. Топ оның кімге қатысты екенін анықтайды.


8-Жаттығу. «Айна». Оның қылықтарының сыртқы бейнесін өзіңізге көшіру арқылы өзге адамды тҥсіне білуге ҥйренуді дамытуға бағытталған.

Студенттер жҧптасып жҧмыс істейді. Бірі жҥргізуші. Оның міндеті — таңдап алынған жағдайды ойша саралау. Екіншісі оның кескіні болады, яғни алдында тҧрған адамның барлық қимылдарын қайталайды. Айна тек қолдың, аяқтың, дененің, адамның басындағы өзгерістерді ғана көрсетпейді,оның сезімдерін, көңіл-кҥйіндегі ҧсақ өзгерістерді де көрсетед. Аз əрекетті жасау ҥшін, студент сол кісінің көңіл-кҥйі қандай екенін,ол неге белгілі бір əрекетті жасап жатқанын тҥсінуі тиіс. Бҧл адамның рухани əлеміне енуге ықпал етіп, қылықтарының сыртқы бейнесін нақты беруге ықпал етеді.


Мимикалық және пантомимикалық


бейнелілік негіздерін дамытуға арналған жаттығулар

Алдымен психогимнастика сияқты əлеуметтік-психологиялық тренингте қолданылатын ширату тҥріндегі кішігірім тапсырмалар беріледі. Ишарат белсенділігін ынталандыру ҥшін кез келген жағдайлар ҧсынылуы мҥмкін.




9-жаттығу. «Шеңберге кір». Біреуінен басқа барлық қатысушылар шеңбер қҧрады. Шеңбердің сыртында тҧрған адам ишарат қҧралдарының көмегімен оған кіруге ҧмтылады. Жаттығу тез жасалады, қатысушылар орындарымен алмасады.


10-жаттығу. «Сыйлық жаса». Барлығы шеңбер қҧрып отырады. Топ мҥшелерінің біреуіне (немесе б əріне) кезекпен сыйлық жасау ҧсынылады. Ишаратпен орындалады.


11-жаттығу. «Мен сабаққа келгендегі сезім». Студенттер қалауынша мимика мен ишарат арқылы өздерінің сабаққа келгендегі сезімін көрсетеді. Сабақта отырғандағы сезімді де алға тартуға болады.

Қылықтардың белгілі бір мəнерін сипаттайтын тҥрлі нҧсқалардың мҥмкіндігіне назар аударып, орындау бағасын жаттығу сараптамасында беруге болмайды. Бҧл жағдайда аталған жаттығуды орындайтын адам қалай қабылданатыны маңызды. Топтардың қабылдау байланысы мен орындаушының қанағаттануы өзіңнің қылықтарың жайлы ойлануға жəне тҥзетуге негіз болады.




12-жаттығу. «Жалпы ымдау реакциясы». Жаттығуды бір уақытта əдетте, аудиторияда отырған барлық қатысушылар орындайды, олар өзгелерді көрмейді, бҧл оларды ашады жəне ҧялшақтығын жояды. Оқытушы жағдайды ҧсынады.

1--ж а ғ д а й. Сабақ басталды. Сіз ҥстел басында отырсыз, есік ашылады, сіз кірген адамға қарайсыз:


— талап ете: «Тез отыр!»;

— таңдана: «Кҥтпеген едім»;


— ызалана: «Алаңдатасың»;
— сҧрап: «Бірдеңе болды ма?»;
— кінəлап: «Жҧмыс істеуге кедергі келтіресің»;
— қуана: «Ақыры!» жəне т.б.

2-ж а ғ д а й. Сіз оқушыны шақырасыз, ол айтады: «Мен тапсырманы орындаған жоқпын». Сіздің реакцияңыз:


— аяп: «Тҥсінемін, саған ыңғайсыз»;
— сөгіп: «Бҧған жол берілмейді!»;

— кҥтіп: «Ары қарай не болады, немен тҥсіндіресің?»;


— жақтап: «Иə, саған ауырып қалғаның əсер етті»;
— таңданып: «Сенен мҧндайды кҥтпеп едім»;
— таңданып: «Бҧл осымен нешінші рет!»;
— немқҧрайлы: «Маған бҧл əсер етпейді».
Бҧл тапсырмаларды орындағанда жағдайдың мазмҧнын сипаттау керек. Ыммен жҧмыс істеп, мҧғалім мен оқушының орнында жағдайды ойнап шығу.


13-жаттығу. «Жекелеген реакцияны көрсету». Алдыңғыға қарағанда бҧл жаттығу аудитория алдында орындалады. Жағдай

оңайлатылған. Шығармашылықты талап етеді. Студенттер кезекпен мҧғалімнің роліне кіреді. Топ болып жаттығуды орындағаннан кейін мақсатты нҧсқасы таңдалады жəне аудитория алдында көрсетіледі. Біз Н. Е. Шуркова ҧсынған жағдайлар мысалын ҧсынамыз, мектеп тақырыбына қатысты басқа да жағдайлар болуы мҥмкін.


1-Ж а ғ д а й. Сіз тақтаға жазасыз. Оқушылар сізбен бірге дəптеріне жазады. Кенет бір шу естіледі, бҧрыласыз, былай дейсіз:


— таңданыс: «Не болды?»;
— кінəлау: «Кім əлі жҧмысты бастаған жоқ?»;
— талап: «Қойыңдаршы, тынышталатын уақыт болды»;
— тосып тҧру: «Мен тыныштықты кҥтіп тҧрмын»;
— ашу: «Тыныш! Барлығы жҧмыс істеп жатқанда шулауға болмайды»;
— қиналу: «Осындай маңызды істе қалай шулауға болады?!» 2-Ж а ғ д а й. Оқушы тақта алдында. Тапсырманы орындады.
Сіздің реакция:
— салмақты: «Бəрі дҧрыс»;
— қуанышты: «Жарайсың!»;
көңілді қанағаттану;
— осындай тамаша нəтижеге байланысты жағымды таңданыс;
— таңданыс: «Сенде бəрі дҧрыс екеніне сенімдісің бе?»;
— ренжу пен кінəлау;
— қатаң кінəлау;
— аяушылық пен кекесінмен кінəлау;
— мысқыл: «Керемет!»

Студенттердің реакциясы сырттай ғана емес, ішкі қатынасын да білдіруі ҥшін,мҧндай реакциялардың себебін суреттеуді ҧсынған пайдалы, сыныптағы өмірдің мəн-жайын ойша бейнелеп, əрекет ықпалын таңдау нҧсқасын ақтау, өзіңнің көзқарасыңды алдымен ішкі монолог тҥрінде сөзбен, содан кейін ишаратпен көрсету.


Қиналған жағдайда берілген тақырыпқа қатысты алдын ала тҥсірілген слайдтағы мимикалық реакция мысалдарын көрсету.


14-жаттығу. «Ишарат қылықтарының логикасы». Студенттерге мектептегі типтік ахуалдарға байланысты қылықтар логикасын көрсету өздеріне ҧсынылады. Жҧптасып орындалады, аудитория қосылады.

Мысалы, «Білімді тексеру» жағдайы. Оқытушы тақта алдындағы оқушының жауабын тыңдайды жəне бірмезетте, сыныппен педагогикалық қатынастың ҥзіліссіз болуына қол жеткізіп, ишарат қҧралдары арқылы, жауап берушіге кедергі келтірмей, партада отырғандарды жауапқа қатысты ойлануға шақырады.


Оқушы сабақта алаңдағанда, мҧғалімге ол қалай əсер етеді? Бҧл əрі таңданыс, əрі қатал көзқарас, жауапқа деген жоғары қызығушылықты көрсету, əрі ҧялту.

Студенттер жҧптасып оларға ҧсынылған жағдайларды дайындайды жəне өз реакцияларын көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет