С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері педагогикалық мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелерінің оқу процесінде қолдануға арналған оқулық



бет7/114
Дата06.05.2024
өлшемі4.79 Mb.
#500649
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   114
пед шеберлік

Теплов Б.М. Таңдаулы еңбектері: 2 т. — М., 1985.

Арнайы қабілеттіліктер жалпылармен бірге органикалық жағынан да байланысты. Әрбір қабілеттіліктің өз қҧрылымы бар, онда жетекші жəне қосымша қасиеттері болады. Мысалы, əдеби, математикалық, педагогикалық жəне көркем қабілеттіліктердегі жетекші қасиеттері мынадай болады:



  1. әдебиде шығармашылық қиялдау мен ойлау ерекшеліктері; есте сақтаудың айқын жəне көрнекі бейнелер; дамыған эстетикалық сезімдер; тіл сезімі;

  2. математикалықта – жалпылай білу; ойлау ҥдерістерінің икемдігі; тікелей ойлаудан керіге қарай оңай ауысуы;

  3. педагогикалықта – педагогикалық əдеп; бақылаушылық; балаларға деген махаббат; білімді беру қажеттілігі;

  4. кӛркемде - қиялдау мен ойлау ерекшеліктері; айқын бейнелерді жасауға жəне сақтауға ықпал ететін жақсы көру қасиеттері; қабылданатынға эмоционалды қатынаста көрінетін эстетикалық сезімдерді дамыту; ниетті шындыққа айналуын қамтамасыз ететін тҧлғаның ерік-жігер қасиеті.

Арнайы қабілеттіліктердің даму жолдары өзгеше. Мысалы, басқалардан бҧрын музыка саласындағы қабілеттер, одан ертерек-математика саласында айқындала бастайды.
Қабілеттіліктер деңгейлерін бөліп көрсетеді: репродуктивті (білімді игерудің, қызметті игеру жоғары біліктілігін қамтамасыз етеді) жəне шығармашылық (жаңа, біртума жасауды қамтамасыз етеді). Бірақ барлық репродуктивті қызмет шығармашылықтың элементтерін қамтитынын, ал шығармашылық қызмет репродуктивті қызметсіз болуы мҥмкін емес.

Қабілеттіліктердің теориялық жəне практикалық тҥрлерін ажыратады. Біріншілері адамның абстракті - теориялық ойына бейімділігін болжайды, ал екіншілері – нақты, практикалық əрекеттерге бейімділігін болжайды. Олар бір бірімен жиі ҥйлеспейді. Бір қабілеттілік даму дəрежесі бойынша алуан тҥрлі болуы мҥмкін.


Дарын – қызметтің қандай да бір тҥрінде керемет табысты қамтамасыз ететін қабілеттілікті дамытудың жоғарғы дəрежесі.


Дарындылық – қызметтің тиісті саласында адамды керемет тҧлға ететін қабілеттілікті дамытудың жоғарғы дəрежесі. Адамның көркем, ойлау жəне аралық тəрізді ҥш тҥрдің біреуіне жатуы (И. П. Павловтың терминологиясы бойынша) – оның қабілеттіліктерінің ерекшеліктерін анықтайды.

Адамның психикалық қызметінде бірінші дабылды жҥйенің салыстырмалы тҥрде басым болуы кӛркем түрді; бірінші дабылды жҥйе – ойлау түрін сипаттайды, шамамен олардың тең болуы – адамдардың орта түрін сипаттайды.


Бҧл айырмашылықтарды заманауи ғылымда бас миының оң
(бейнелі) жəне сол (сөз-логикалық) жартышарларының қызметтерімен байланыстырады. Көркем тҥр ҥшін бейнелердің айқындығы тəн, ойлау тҥріне – абстракциялардың, логикалық қҧруы басым.

Бір адамда тҥрлі қабілеттіктер болуы мҥмкін, бірақ олардың біреуі басқаларға қарағанда айтарлықтай болуы мҥмкін. Дəл сол уақытты тҥрлі адамдарда сол бір қабілеттіктер, бірақ даму деңгейі бойынша бір-бірінен ерекшеленетін болуы мҥмкін1.


Кез келген қызметті орындау с əттілігі қандай да бір жеке қабілеттіктермен емес, əрбір адам ҥшін оны тҧлға ретінде сипаттайтын қабілеттіктердің өзіндік ҥйлесімімен анықталады.


Қандай да бір қызметті игеру сəттілігіне тҥрлі жолдармен қол жеткізуге болады. Бҧл немесе басқа жеке қабілеттіктердің жеткіліксіз дамуы қызметтің сəтті орындалуы дəл солай байланысты болатын басқа қабілеттіктердің дамуымен компенсациялана алады.


Педагогикалық қызметтің конструктивті, ҧйымдастыру, коммуникативті қҧрамдастарын ажыратады. Педагогтың тиісті қабілеттіктері болуы қажет.


Конструктивті қабілеттіктер оқушының тҧлғасын дамыту, балалардың жас ж əне жеке ерекшеліктеріне қатысты оқу-тəрбие материалын іріктеу жəне композициялық тҧрғыда қҧруды қалау жəне икемділігінде.


Ұйымдастыру қабілеттіктер оқушыларды қызметтің алуан тҥрлеріне қосу жəне əрбір тҧлғаға тиімді əсер ету икемділігінен көрінеді.


Коммуникативті қабілеттіктер балалармен дҧрыс өзара қатынас қҧру, бҥкіл ҧжымның көңіл-кҥйін сезіну, əрбір оқушыны тҥсіну икемділігінен көрінеді2.

Көпшілдік, байланысқа бейімділік – бҧл тек қана қатынас жасау ҥдерісі қажеттілігі ғана емес, сонымен бірге жҧмысқа қабілеттілікті


сақтайтын жəне педагогтың шығармашылық көңіл-кҥйін толықтыратын қатынас жасау ҥдерісінің өзінен қанағаттану сезімі.


Байланысқа бейімділік кəсіби қырағылық жəне байқағыштық сияқты перцептивті қабілеттіктерді дамытуға көмектеседі.


Байқау қабілеттігі кҥрделі қасиет. Ол тек қана көру, есту икемділігінде ғана емес, сонымен бірге біздің назарымыз бағытталғанға қызығушылықтың болуында, сонымен бірге ақпараттық қайта өңдеу бойынша белсенді жҧмыс жасау икемділігінде.


1Гамезо М.В., Домашенко И.А. Психология жөніндегі атлас:
«Адам психологиясы» курсына ақпараттық-əдістемелік қҧрал.

  1. Сонда.

Шебер болу - педагогикалық ҥдерістің қадамын алдын ала білуінде, мҥмкін қиындықтар, яғни, педагогикалық сезімді игеру. Мҧнда тҥсініксіз ештеңе жоқ. Мҧндай қабілеттілік дамытылуы мҥмкін, бірақ оны қалыптастыру белгілі кҥшті талап етеді.

Педагогикалық шеберліктің тағы да бір элементі – оқытушының қылығын ұйымдастыру тҥрі. Икемділіксіз, əрекет ету əдістерін игермей, яғни педагогикалық техникасыз білім, бағыттылық жəне қабілеттіліктердің болуы мҥмкін емес. Оларсыз педагогтың əрекеттерінде жоғары нəтижелердің де болуы мҥмкін емес.




Педагогикалық техника өзін басқару жəне педагогикалық міндеттерді шешу ҥдерісінде өзара əрекеттесу біліктілігін қамтиды.

Біліктіліктің бірінші тобы – өз денесін, эмоционалдық жағдайын, сөйлеу техникасын игеру. Екіншісі – дидактикалық , ҧйымдастыру біліктіліктері, бір-бірімен тҥйісу техникасын игеруде жəне т.б.


Педагогтың шеберлік критерийлері: мақсаттылық
(бағыттылық); ӛнімділік (нəтиже: білім алушылардың білім,
тəрбиелілігінің деңгейі); тиімділік (қҧралдау таңдауы); шығармашылық (қызмет мазмҧны).

Педагогикалық колледж алдында тҧрған міндет – студенттерге олардың кəсіби дайындығының бастапқы деңгейі ретінде


шеберліктің негізін игеруге көмектесу: бағыттылығын қалыптастыру, білім беру, қабілеттіктерді дамыту, техникамен жабдықтау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет