Ҧжымдық ӛзін-ӛзі сендіру бағдарламасын қҧру
(Т.Г.Дмитренкомен таңдап алынған жаттығулар)
Мынадай ережелерді басшылыққа алған жөн:
— формула анық, əрі ықшам болуы керек;
— формулада теріс «жоқ», бөлімдері болмауы қажет;
— формулалардың тізбектілігін сақтау қажет («Мен сабырлы əрі сенімді болғым келеді, мен сабырлы əрі сенімді бола аламын, мен салмақты əрі сенімді боламын, мен салмақтымын əрі сенімдімін!»).
Ҥлгілі өзін-өзі сендіру бағдарламалары
Көңіл-кҥйді оңтайлы ету ҥшін: «Мен жинақы əрі байсалдымын; менде көтеріңкі, қуанышты көңіл кҥй; мен белсенді əрі белсенді, əрі сергек болғым келеді; мен белсенді, əрі сергек бола аламын; мен белсендімін, əрі сергекпін; мен жігер мен сергектікті сезінгім келеді (сезіне аламын; сезінетін боламын); мен ақкөңілмін жəне кҥш-қуатым толық, мен оптимистпін».
Демалыс ҥшін: «Мен сабырлымын; мен толықтай сабырлымын; мен жақсы демаламын əрі кҥш жинаймын; менің ағзамның əр жасушасы демалады; менің əрбір бҧлшықетім демалады; əр жҥйкем демалады; балғындық пен сергектік мені толықтырып отырады; мен жинақы əрі мҧқиятпын; алда жемісті кҥн; мен демаламын».
Алдағы болатын емтиханға өз-өзінді дайындау ҥшін: «мен өзімді сенімді сезінемін; көңіл-кҥйім көтеріңкі; басым анық; мен өте жинақымын; анық ойлаймын; мен оңай, анық, айқын жауап бергім келеді (бере аламын, беретін боламын».
Сабақта кəсіби мінез-қҧлық стиліне икемдеу ҥшін, сенімсіздікті, сыныппен қарым-қатынас жасаудағы бөгеліп қалушылықты еңсеру ҥшін: «Мен өте сабырлымын; мен сыныпқа сенімді кіремін; өзімді сабақта еркін, əрі емін-еркін ҧстаймын; өзімді ҧстай аламын; менің дауысым бірқалыпты, сенімді естіледі; мен сабақты жақсы өткізе аламын; көңіл-кҥй сергек; маған өзіме сабақта қызықты; маған балаларды оқытқан қызықты; менің балаларға айтарым бар; мен сабырлымын, əрі өз-өзіме сенімдімін.
Микрооқыту: «Балалар, қанеки .... жайында сөйлесейік» жағдайында өзіңді басқару.
Микрооқыту жҥргізу барысында, тыңдаушы-студенттер аудиторияда сөз сөйлеп тҧрған жолдасының жағдайын сипаттап беруі қажет. Өз кезегінде, сөйлеген студент, микрооқыту кезіндегі өз дене жəне психикалық жай-кҥйін сипаттайды. Сөз сөйлегеннің өзіндік есебі мен тыңдармандардың есебі салыстырылады.
Осы сабақта студенттерді келесі біліктерге қҧрады:
— Жағдайларға жəне студенттердің жекелеген ерекшеліктеріне сəйкес əртҥрлі өзін-өзі реттеу тəсілдерін таңдау жəне қолдану;
— бҧлшық ет қысымын босату;
— барлық назарды əртҥрлі бҧлшықет топтарына аудару;
— өзін-өзі сендіру формуласын қҧру;
— қарым-қатынас басталар алдындағы жҧмыс хал-жағдайын басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |