С.Қ. ӘБілқадіров кеден саласының тарихи даму кезеңдері summary



Дата23.02.2016
өлшемі73.5 Kb.
#6998

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) • 2011



С.Қ. ӘБІЛҚАДІРОВ

КЕДЕН САЛАСЫНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Summary
The author discloses Hu history of appearance of the activity of customs in the Republic of Kasakhstan and its significance in contemporary reflects tlu topicality of in customs for economic security of the Republic of Kasakhstan.

Benodes the necceffity of perfect the activity of customs in conypliavee irtih the deruands.

1991 жылдың аяғынан бастап бұрынғы жетпіс жылдай бойы тоталитарлық билік жүйесін жүргізіп келген КСРО ыдыраған соң Қазақстан жеке өз алдына егемендікке ие болғаны бүкіл әлемге мәлім екені белгілі. Әрбір егеменді мемлекеттің жер аумағы халқы және ел билігін жүргізуші мемлекеттік механизімдері мен ел басшысы болатыны белгілі. Ал елдің ең басты мәселесінің бірі ол шекара болып табылады. Ал сол шекара қызметімен қатар кеден қызметі де бірге істеу қажет болады. Кеден қызметі жөнінде Қазақстан өзінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және елдің байлығын сыртқа бей - берекет тасымалдамауға жол бермес үшін тосқауыл жасаушы мемлекеттік органы қалыптасты. Кеден iсiнiң мәселесi бiздiң Қазақстанның тарихи ескерткiш жылнамасында ерекше орын алады. Оның шығу көздерi сонау ежелгi дәуiрдегi сауда-саттық қаныстардардың пайда болу нәтижесiнде орын алды. Кедендiк iс орыс тiлiнде “таможенное дело” деген сөз ол ежелгi түрiк сөзiнен шыққан “тамжит” немесе “тамга” яғни қазақ тiлiне дәл аударсақ “таңба салу, таңбалау” деген мағынаны білдіреді[1]. Ол таңбаның салу себебi тауарлар мен заттарды, бұйымдарды шекара арқылы өткiзген кезде шекара қызметшiлерi яғни кеден қызметшiлерi тиiстi алым - салықты төлеген соң таңба қояда, бұл дегенiмiз шекара арқылы өтуге рұқсат берiлдi және сауда жасауға болады деген мағынаны бiлдiредi.

Ежелгi дәуiрдегi кедендiк қатынастар мемлекет арасындағы сауда-саттық қатынастарын реттеу болып табылған. Кеден деген сөздiң мағынасы шекарадан өтер кезде пайда болатын мәселенi, дау-жанжалды айтады. Оның себебi шекара мемлекеттiң күзетшiсi бола тұра мемлекеттiң мүддесiн қорғаушы болып табылады. Өткен дәуiрде бiр мемлекеттiң жер аумағынан өту үшiн мiндеттi түрде оның жолын және жол - өткелдерiн пайдаланғаны үшiн төлемдер төленетiн болған [2].

Ежелгi Шығыс елдерiнде шығармашылық көздерiнде, Хаммурапи патшаның заңдарында шекарада алынатын алымдар туралы жазылған. Сауда және алым алу туралы құран кiтабында да көрсетлген. Таурат аңызында Әулие Матвейдiң өзi баж салығын және кеден алымдарын жинаушы деген мәлiметтер көрсетлген. Ол Галилейлiк теңiзiнде феодалдық кезеңде сауда жасаушылар тауарды тасымалду үшiн салық төлеуге мiндеттi болған.

Ағылшын хронологиясы бойынша 979 жылы “Християндық Рождествосында” дүние жүзi бойынша ең алғаш рет “теңiз алымдары” алынатыны туралы хабар тарады [3].

Б.э.д. 490 және 425 ж. Геродоттың жазуы бойынша ымдау арқылы сауда Ливия, Парсы және Скиф елдерiмен жүргiзiлдi. Оның бiр ерекшелiгi сол өз тауарын бiр белгi жасау арқылы тауармен айырбас жасау немесе тиiстi ақша бағасын төлеу арқылы сауда жүргiзiлдi. Бұл дегенiмiз сол кездегi көпестердiң бiр-бiрiне сенiмдiлiктi көрсету деп таныды. “Көпестiк сөз беру” деген мағына ол, дегенiмiз өз сөзiңе ие болу және айтқаныңда тұру деген мағынаны бiлдiредi[3]. Көпестiк қызметтің пайда болуының нәтижесiнде сатылатын тауардың көптiгiнен жүк тасымалын жасау және сол жүктi уақытша сақтау үшiн, уақытша сақтау қоймалары қажет болудың нәтижесiнде оған төлем-ақы төлеу қажет болды. Жүктi сақтау үшiн қойма қызметшiлерiне төлем төлеу қажет болды. Бұл төлем кедендiк салыққа және кедендiк төлемге жатпады. Ол тек қаланың немесе сол келген мемлекет қазынасына кiретiн кiрiс ақша болды. Бұл дегенiмiз жергілікті экономикалық шартының пайда болуы және шығу көзi , яғни кеден баж салығының пайда болуына нақты себептің болуы десек теріс болмайды.

Кеден саясатының пайда болуына мынадай себептер болды:

- қоғамдағы таптың бай және кедей сатысына бөлiнуi;

- ұсақ мануфактуралар мен кәсiпкерлiктiң пайда болуы;

- ауылды жерлер мен қаланың арасындағы бөлiнiстер;

- қаланың пайда болуы нәтижесiнде жергiлiктi билiк пен полиция, жандармерия және т.б. құқыққорғау органдарының пайда болуы;

-мемлекеттiк аппаратты ұстап тұру үшiн қаржының қажеттiгi болуы.

Б.э.д. 3-2 мыңжылдығында ежелгi Ассирия патшалығы отаршылдықта тұрған елдi мекендерiнен және сауда жасаушылардан мемлекеттiң астанасы Ашурдiң пайдасына алым - салық алынатын болды.

Ежелгi Вавилон патшалығында кейiн Қосөзен аймағы болып б.э.д. 2-шi мыңжылдықтың басында әлемдiк экономикалық орталығы болғандықтан сырттан әкелiнетiн тауарлар тексеруге алынып, оған кеден баж салығы салынатын болды. Алым-салықтардың мөлшерi ол, сырттан әкелiнген тауардың сапасына және сұранысына байланысты болды, сондықтан оның мөлшерi: 0,01; немесе 0.1 дейiн барды. Кедендiк алым-салық мәселесi ежелгi дәуiрде де мемлекеттiң және жергiлiктi қаланың пайдасына алынатын болды [4].

Б.э.Рим империясының таяу шығыс аймағында христяндықтар пайда болды, ол, IҮ ғас., барлық Рим аумағында басымды болды. Християн дiнiнiң енуiне байланысты Шiркеу кеден саясатымен байланысты болды. Дiни және шiркеулiк той-думандарды қалаларда өткiзу үшiн тауарлар мен бұйымдар сатылған кезде алым-салықтар алынатын болды. Осы аталған алым- салықтар қаланың пайдасына түсетiн болды. Осындай iс-әрекеттер герман халықтарының арасында iшкi баж салықтары пайда болды. Бұл алымдарды ең алдымен дiни қызметшiлерi шiркеу пайдасына алатын болды. Кейiннен Еуропа феодалдары бұл iстен шiреку қызметшiлерiн босатып олардың орнына нақты шенеуниктердi тағайындады. Ол шенеуниктердi алым жинарушылар деп атады. Кейiннен феодалдар өз пайдасына көпестердiң тауарларынан кеден баж салығының мөлшерiн айқындайтын болды [5].


Орта ғасырларда Кеден баж салығының дамуы өте күрделi және қарама-қайшылықтар болды. Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерi қаржы мәселесiн нығайтудың ең бiр әдiс - тәсiлi ретiнде мәжбүрлеу түрде тауарды айырбастау процесiн реттеу болды.

Алғашқы кедендiк саясаттың негiзi мынадан тұрды:

жолды, көпiрдi, өткелдi, пристандарды және аялдамаларды, базарларда орналасу және қаупсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын пайдаланғаны үшiн сол келген мемлекеттiң пайдасына кедендiк баж салықтары төленетiн болды.

Х-ХII ғас. Еуропа мемлекеттерiнiң iшiнде феодалдық бытыраңқылықтың пайда болуының нәтижесiнде удельдiк - княздықтың пайда болуына әкелiп соқтырды, сол себептен кедендiк саясаты пайда болды.

Жергiлiктi феодалдар өзiнiң жер аумағы арқылы өткен жолаушылардан арбаның және басқа да көлiк құралдарымен жолды пайдаланғаны үшiн және төңірегіндегі ағаш пен өсiмдiктерге зиян, зардап келтiргенi үшiн, көпiрден, өткелден өткенi үшiн төлем төлеудi талап еттi.

Орыс ғалымы И.М.Кулишердiң айтуы бойынша сол кезеңде феодалдар кедендiк iстi қорғауын сылтаулатып үлкен ғимараттарды салған бұл жол-жөнекей өткен - кеткендердi тонау үшiн жасалды деген [5] .

Кеден саясатының дамуының нәтижесiнде орта ғасырлардағы Еуропа мемлекеттерiнде салық жинаушылар жоғары дәрежеде орын алды. Францияда салық жинаушылардың дәрежесi епископпен және графтармен қатар болды, ал, король Ұлы Карлдың тұсында олар басты корольдiк граф-шенеунигiне бағынды.

982 жылдан бастап Страсбург қаласының Епископы жоғарғы дәрежедегi төрт шенеуниктi тағайындауға құзыры болды, оның құрамында қаржы қызметкерi және кеден қызметкерi кiрдi, олар дiни сословиясында тұрмаған, олар тек саудагерлер немесе кәсiпкерлерден тағайындалды.

1249 жылы Фрайбург қаласының мәртебесi бойынша, азаматтар өздерi кеден шенеунигiн сайлауға және одан босатуға құқылы болды. Кейiн келе жағдайдың өзгеруiне байланысты кеден шененунигi құрметтi қызмет дәрежесiнен қоғамдық дәрежеге айналды. Страсбугте ең маңызды салықтарды кеден қызметi алатын болды. Крепостнойлық бастық -граф тек жәрмеңкелiк алымдарын алатын болды, ал қала көпiрлерiн графтар мен кеден қызметi бiрiгiп күтiп-сақтайтын болды.

ХIҮ-ХҮ ғас. тауар мен ақша қатынастарының дамуына қарай және орталықтанған мемлекеттердiң пайда болуының нәтижесiнде, цехтық кәсiпорындарын iшкi және сыртқы бәсекелестен қорғау үшiн, Еуропа елдерiнде кейбiр тауардың түрлерiн сыртқа шығаруға тыймы салу туралы заңдары қабылданды.

ХII ғас. Париж қаласына шет елден әкелiнген барлық тауарлар, сонымен қатар франция қалаларында шығарылған тауарлардан: жiбек, мақта-маталар, драп және жүндi маталар т.б. кедендiк баж салығы салынатын болды.

Парма қаласында 1211 жылғы статусы (заңы) бойынша қалаға әкелiнген жүннен тоқылған маталар мен тығыз маталарын магистрдың бұйрығымен ерiксiз алынып оны өртеп жiберетiн болды.

1239 жылы Парлаберг қаласының етiк цехының статусы (заңы) бойынша сырттан әкелiнген етiк бұйымдарын сатуға мүлдем тиым салынды.

1441 жылғы Констанция қаласының статус тәртiбi бойынша, қалаға әкелiнген сукно тауарлары тек жәрмеңкенi өткiзу кезiнде бiр-бiрлеп сатуға рұқсат берiлген, ал жәрмеңке аяқталған соң оны қаптап буып қайта алып кетуге мiндеттi болды. Осы аталған тауарлар сатылама жоқ па, оның сауда нәтижесiне қарамастан кедендiк баж салығы барлық тауардан толығымен алынатын болды.

1458 ж. Гамбург статусы бойынша осы қалада жасалмаған токарлық станоктар мен жабдықтар кез келген жылдың уақытында көтерме түрде сатылды, ал, бөлшектеп сатуы тек бiр жылда үш рет сатуға рұқсат берiлдi. Бұл айырушылық шеттету әрекетi ұзаққа бармады. Феодалдық тәртiптер, табиғи шаруашылықтың басымдылығы, кедендiк кедергiлер әрекетi халыққа деген қажеттi тауарламен толық қамтуға кедергi жасалды. Қала мен мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың кеңейуiне қарай, кеден саясатында жалпы баж алым-салықтарын орнату жүйесiн, кеден құқығының элеметтерi пайда болды [6].

ХҮI-ХҮII ғас. шексiз монархия кезеңiнде, феодалдық қоғам бытыраңқылыққа ұшырап, ал, кейiннен мемлекет билiгiнiң күшейуiне байланысты капиталистiк қатынастардың туындауына әкелiп соқтырды. Кеден iсiнде жаңа құбылыстар пайда болды.

Кедендiк тариф мына жағдайларда орнатылды:

сыртқа шығарылатын тауарды шығарғаны үшiн, әсiресе отаршыл елдерге жiберiлсе онда тауар иесiне құрмет көрсетлетiн болды.

Ал сырттан әкелiнетiн тауарларға тосқауыл қойылатын болды.

Бұл дегенiмiз өз елдiң экономикасын қорғау, яғни отандық шығарған бұйымдарды сауда жасауына кедергi жасамас үшiн жүргізлетін iс-шаралар болып табылды.

Отаршылдықта тұрған елдерiнен жергiлiктi шығарылған тауарларға бәсекелестiк болмас үшiн тауарларды әкелуге тиым салынды. Отаршылдықтан шикi затты сыртқа жiберуге тиым салынды. Оның себебi, шикi заттар бәсекелес кәсiпорнының дамуына жағдай туғызуы мүмкiн болды. Мемлекет кейбiр нақты кәсiпкерлерге, нақты жеңiлдiктер жасады.

Өз елiнен дайын өнiмдердi сыртқа шығарғаны үшiн көпестерге кеден баж салығына жеңiлдiк жасалды. Осындай себептер бойынша жасалған бұйымдарды шет елге шығару әрекетiне құрмет көрсетлдi, ал сырттан жұмыс күштерiн алып келуге және пайдалануға тиым салу заңдары қабылданды. Кейбiр жағдайда сырттан тауарларды әкелуге рұқсат берiлдi, егер сол тауарды үшiншi бiр елге тиымды бағаға сату арқылы метрополияға пайда түсетiн болса. Бұл жерде кеден iсiнiң тек саудаға ғана қатысты емес сонымен қатар экономиканың дамуына да әсерi тиетiн болды.

ХҮ-ХҮII ғас. дамыған Еуропа елдерiнде ,оның iшiндегi ең алдымен Англияда өндiрiстiк төңкерiстiң нәтижесi, экономика мен өзiндiк елдiң саяси мүддесiнiң пайдасы көзделетiн болды. Капиталистiк қатынастардың базасында кедендiк саяси протекциясы (қолдау, көтермелеу) болды.

1651 жылы Англияның билеушiсi Оливер Кромвельдiң тұсында “Навигациялық актi” қабылданды ол акт протекциялық маңызы бар болғандықтан 200 жыл бойы қолданылды, тек 1850 жылы күшi жойылды.

Францияда протенкционизм яғни өзiн-өзi көтеру, жоғарлату мақсаты 1667 жылы, ал Пруссияда ХҮII ғас., Ресей мен Австрияда ХҮIII ғас. басында енгiзiлдi. Кедендiк iс кедендiк тариф арқылы елдiң ұлттық өнеркәсiбiнiң нығайуына жағдай жасады және сырттан келетiн бәскелестiктен қорғайтын болды. Кедендiк iс заманның жағдайына және ағымына қарай үнемi өзгеруiне байланысты бiр өндiрiстен екiнiшi бiр өндiрiс әдiсiне көшуге жағдай жасады.

Сол кездегi Еуропа елдерiнде манукфактураның пайда болуына байланысты өндiрiстiкке деген артықшылық көрсету болды. Мемлекет өзiнiң ұлттық өндiрiстiң нығайуына байланысты көптеген кiрiстерге ие болды. Сыртқы сауда-саттық мәселесiн ұсақ княздықтан және шiркеуден бөлiп, өз билiгiнiң қоластына алды. Бай саудагерлер мен iрi өнеркәсiпшiлер өз-ара бiрiгiп өздерi одақ , «гильданы» құрып, өздерiнiң мақсатын жүзеге асыру үшiн мемлекет билiгiнде “лоббистiк” топты құрастырды. Мемлекеттiк органдардың және кеден органдарының қалыптасуына байланысты кеден саясаты күрделене түстi. Тауар айналымының көбейуiн және кеден шекарасы арқылы тауарларды тасымалдау жұмысы маңызды объектiлерiн мемлекет өз қарауына алды. Кеден саясатының нығайуының нәтижесiнде елдердiң өз-ара қарым-қатынас жасау жолында жаңа жер аумақтарымен, елдi мекендермен танысуға жағдай туып және сауда-саттық жасауға жаңа жолдар пайда болды.

Отаршылдық елдерде метропольмен сауда жасауға эквивалеттiк емес негiзiнде сауда жүргiзiлдi. Еуропа елдерiнiң шекараларында, кедендiк iс-шараларының нығайуына байланысты, кедендiк iс-шарадан бойтасалап, жасырын, оралып өту үшiн “арнайы” шаралар жасалды, яғни “контрабандалық” әрекеттер жасалатын болды.

Шекарадан заңсыз өткiзiлген тауаралады сатуға тосқауыл қою үшiн мемлекет оған керi әрекет жасады.

1650 жылы Англияда және оның отаршылдық аумағында шетелдiк тауарды сату үшiн үкiметтiң рұқсаты қажет деген заңы қабылданды.

Голландияда контробандалық тауарды саудалағаны үшiн Англия көпестерiн жазалаған факетiлерi де болды.

Испания елiнде контрабанданың кең құлаш жайылуының нәтижесiнде ұлттық өнеркәсiп бұйымдарын қорғайтын заңы еш пайдаға аспады.

ХIХ ғас. басында сол кездегi құдыреттi күштi Англия державасының фабрикалық өндiрiстерi, шығарған бұйымдары барлық түрдегi бәсекелестiкке төтеп бере алды және еуропа елдерiмен сауда жасауға тиым салған Напалеонның континентальдық құрсауына қарамастан өз саясатын жүргiздi. Материктiк Еуропаға өз тауарларын тасымалдау үшiн Англия тиым салуды және тариф мөлшерiн қысқартуын табандылықпен талап етiп өз дегенiн жасаттырды. Кеден iсiнде әрбiр мемлекет өзiнiң шығараған өнiмдерiн, бұйымдарын мiндеттi түрде қолдайтын боды, ол дегенiмiз мемлекеттiк бюджет қорын толтыру болды. Кедендiк iстi нығайудың нәтижесiнде әрбiр мемлекет өзiнiң кедендiк саясатын жүргiзуге міндеттi болады.

Ежелгi Орыстардың құқытық дәстүрi бойынша шекара бекеттерi арқылы тауарды өткiзген кезде оны “мыто” яғни жуу деген мағынаны бiлдiрдi - ол дегенiмiз мiндеттi төлем төлеудi қажет еттi. Мыто алым салығы екi түрге бөлiндi , ол былай аталды: егер тауар құрлық жолдарымен тасымалданған кезде “мыто-сухое” , ал су жолдары арқылы тасымалданған болса “мыто-водяное” деп аталды.

Славяндардың ежелгi сөздерi бойынша “мытник”, “митник” алым-салықты жинаушы адамды атады, ал, сол алым - салықты жинап алатын жердi, орынды, кеңсенi “мытница” немесе “митница” деп атады. Сауда-саттық жасау жолдарына мына су жолдары кiрдi: Нева, Волхова, Днепр, Дон, Волга өзендерi.


ХI-ХII ғас. кезеңiнде қала - орталықтарында жедел түрде сауда-кәсiпкерлiктерi нығая түстi, қаладағы әлеуметтiк жағдайлары жорғары тұлғалар - боярлар баий бастады, көпестердiң беделi өстi, ал саудагерлердiң саны көбейе бастады. Осындай жағдайда кедендiк iстiң эелементтерi пайда бола бастады, атап айтқанда: сауда баж салығы пайда болды. Бұл туралы “Русская правда” заңнамалар жинағында көрсетлген кедендiк заңнамалар мен басқада құқық нормалары пайда болды.

ХII ғас. ХIII ғас. басында Киев мемлекетi iс жүзiнде ыдыраған соң , кейбiр жергiлiктi феодалдар мен жер иелерi өз қалталарын толтыру үшiн және жеке өз қамдарын ойлап, өздерiнiң жер аумағында кедендiк баж алым-салықтар жүйесiн орнатты. Шекарадан немесе жер аумағынан өткен кезде “Жуу (Мытие)” алым-салығы ретiнде: “өту” және “сауда” алым-салығы алынды. Егер сол жерден немесе шекарадан өту үшiн “өту” алым салығын төлеу және “сауда” алым-салығы сауда-саттық жасаған кезде төленетiн болды. Тауарды тасымалдағаны үшiн 1 ден 3 –ке дейiн ақша (яғни 0,5-1,5 копейка) алында. Феодалдық бытыраңқылық кезеңiнде iшкi және сыртқы сауда – саттық мәселесi баяу жүрдi, оның себебi шекарадан тауарды өткiзбеу немесе тосқауыл жасау кедергiлерi әр түрлi баж салықтары алынды. Баж салықтарының (мыт) “костку” деген баж салығы болды, ол жаяу өткен адамдардың әр қайсысынан алынатын болды.

Сонымен қатар баж салықтарының мына түрлерi болды:

“померная”, “весчая”, “письчая”, “явленая”, “клеймо” т.б.


Сауда-саттық жасау қатынастарын қорғау ретiнде “1807 жылы шыққан Баден циркуляры” бойынша қайырымды және тәртiптi көпестер мен тауарды тасымалдаушылар мына мән-жайға сенiмдi болуы керек: “олар өз жүктерiн шекара арқылы өткен кезде және сауда жүргiзген кезде ешқандай қысымшылыққа және басқа да заңсыз әрекеттерге кездеспейтiн жағдай жасауға кепiлдiк бередi”, деген.

1821 жылығы “Баден кеден нұсқауы” деген талабы бойынша: “кеден қызметшiсi өзiнiң жол алым-салығын алған кезде дәл уақытында және дөрекiлiк көрсетпеуi керек” деген.

“1833 жылғы Тюринг Кеден бiрлестiгiнiң Заңы бойынша”, мына талаптар айтылған: “Кеден Шенеунигiнiң борышы - ол, өзiнiң қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде, әдептiлiк пен тәртiптi, өзiн дұрыс ұстай бiлу және қойылған талабы тиiстi заң мөлшерiнен аспауы керек”, деген.

1815-1822 жылдары Францияда өз елiне тиiмдi кеден тарифын қабылдады, оның мақсаты сол Францияның өндiрiстiк шығарған өнiмдерiн қорғау мен Германиямен еркiн сауда жүргiзу болды.

1834 жылы Германияда Пруссияның бастауымен 18 мемлекет бiрiгiп, iшкi кедендiк қайшылықтар мен мәселенi шешу үшiн, және iшкi рынокты нығайту үшiн, өнеркәсiптiң нығайуына байланысты жалпыгерманиялық рынокты қалыптастыру үшiн, кеден одағы құрылды.

ХIХ ғас. 60-70 жылында капталистiк жүйе әлеменiде еркiн түрде сауда жүргiзу алдыңғы шепте болды, оның нәтижесi бәсекелестiктiң пайда болуына әкелiп соқты, машина индустрясының шығару өндiрiсiнiң нығайуына байланысты кейбiр мемлекеттер жеңiске жеттi, сонымен қатар олар жаңарту жолдарын да қарастырды, оның нәтижесi монополияның пайда болуына себеп туды, оның себебiнен кедендiк қорғаушылықтан шығып, тасымалдау жасаудан шек қойылудан босанды.


Табиғи кедендiк саясаты дамыған елдердiң iшiндегi АҚШ ең қуатты капиталистiк елдердiң үлгiсi ретiнде көзге түстi. Американдық рыногында өзiндiк кедендiк- тарифтiң саясаты әлi күнге дейiн түкпiлiктi өз орын алып келедi. Яғни өз елiнiң рыногын қорғау болып табылады. 150 жыл бойы АҚШ кедендiк өзiндiк экономикасын қорғау саясаты жүрiп келедi.

1865 жылы кедендiк кедергiлер деңгейi импорт тауарларына салынатын алымдары 48 пайызға дейiн жеттi, ал 1932 жылы 59 пайызға дейiн жеттi. Бұл АҚШ-ның тарихында өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң iшiндегi ең жоғарғы көрсеткiш болды.

1929 – 1933 жылдарда әлемдiк экономикалық дағдарыстың қызу жүрiп жатқан кезде, АҚШ өзiнiң әдеттегi кедендiк саясатын амалсыздан қайта қарауға мәжбүр болды. 150 жыл бойы жүрiп келген кеден кедергiлердiң жойқындығы, кейiннен сауда әрiптестерiмен баж алым-салығының төмендеу принципiне ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс Президент Ф.Д.Рузвельтпен ұйымдастырылды. Сауда мәселесi жөнiнде өз-ара келiсу арқылы бағаны кемiту АҚШ-тың 28 жыл бойы (1934-1962) негiзгi саясаты болды.


1991 жылы Еуроодақ мүшесiне 15 мемлекет-мүшесi кеден қызметiн бiрiктiрiп Еурокеден ұйымы құрылды. Кеден iсiнiң саласында, мемлекет-серiктестерi, мемлекетаралық көмек көрсетуiн үйлестiру үшiн, бiрлескен еуропа ұйымын құрастыру мақсаты болды.

Еурокеден ұйымы сонымен қатар басқа да әлем бөлiгiнде де жұмыс iстейдi. Бұл ұйымының қызметi заңнамалық, саясаттық, ұйымдастырушылық және мемлекет- серiктестiк кеден қызметiнiң iс жүргiзушiлiк құрлымын, нарықтық экономикасы мен ынтымақтастықты әлемдiк қауымдастығын бiрiктiредi.

Кеңестiк билiк кезеңiнде Қазақстан экономикасы өзiндiк экономикасына жатпады, оның себебi Мәскеудiң қатал билiгi бойынша “Жалпы халықтық меншiк” деген бүркеме атпен аталды. Жалпы халықтық меншiктiң атын бүркене отырып КСРО билеушiлерi яғни КПСС Саяси бюрсының пленумдарымен жалпы одақтық билiк жүргiзiлдi. Қазақстан өз аумағындағы табиғи билiгiне ие бола алмады. Оның себебi әрбiр саладағы министрлiктер Мәскеуден Орталықтандырылған 15 Одақтық Республикаларға өзiнiң әмiршiлдiк- әкiмшiлiдк билiгiн үнемi жүргiзiп келдi. Осындай билiктiң нәтижесiнде бүкiл одақ бойынша бiр - ортақ халық шаруашылық кешенiн ұйымдастырды. Қазақстан КСРО тұсында “Қызыл империя”-ның бұғауында болды. Егеменді Қазақстанның кедендiк реттеу мен сыртқы экономиалық байланысты бақылау Қазақсатанның егемендiгiн қамтамасыз ету, экономикалық реформалық стратегиямен қатар экономикалық қаупсуiздiктiң тығыз үйлесiмiнде жалпы өндiрiстiң, рыноктың шынайы жай - күйiн есепке ала отырып, кеден саясатындағы арнайы тапсырмалар мен анық мақсатымызды шешуде.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Абсемитов М.Таможенное дело Казахстана (история, опыт, перспективы). -Алматы, 2001. -568с.

2. Шалтыкова А.И. История таможенного дела. -Алматы,1999. -223с.

3.Кисловский Ю.Г. История таможенного государства Российского 1907-1995 г.г. -М., 1995. -357 с.

4.Волков О.Н. Ремесло и торговля Западной Сибири в ХҮІІ веке. -М., 1967. -220 с.



5. Покровский С.А. Внешняя торговля и внешняя политика России. -М., 1997. -120 с.

6. Габричидзе Б.Н. Российское таможенное право. (Рук. Авт. Колек.) 1997. -395 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет