С. Ж. Асфендияров атындағы Қ аз Ұму «Шипагер» газетінің 2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың мамыр айына дейінгі нөмірлері туралы шолу-есеп



Дата04.07.2016
өлшемі43.11 Kb.
#176135

  1. Басылымдық қызмет бойынша «Шипагер» газетінің жұмысы жөнінде.

Баяндамашы: Ақпарат басқармасының бастығы Қайып Д.Ә.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қ аз ҰМУ «Шипагер» газетінің

2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың мамыр айына дейінгі нөмірлері туралы шолу-есеп.

«Шипагер» медициналық газеті 1934 жылы мамыр айында ашылып, күнге дейін шығып келеді. Газеттің тұжырымдамасы бойынша, ол - университет ішілік және ай сайын шығатын үнжария болып есептеледі

Ең алдымен, газеттің жаңа форматын және оның тұжырымдамасын жасап, оны басшылықтың бекітуіне ұсындық. және 2009 жылдың қазан нөмірін шығардық.

Ол нөмірде мынадай айдарлар болды. Мысалы: «Алты ақпарат - Интересная информация». Оған университет ішіндегі маңызды ақпараттарды бердік. Әуелі «алты ақпарат» деп, тек санаулы – «алты хабар-ошар» бергіміз келді. Алайда, кейін жаңа ақпараттың аз-көптігіне байланысты келесі нөмірде «алты» дегенді алып тастадық және онымыз дұрыс болды деп ойлаймыз. Сонымен бірге, сол нөмірде «Тарихтан бір тамшы» айдарымен, танымдық материалдарды шығардық. Олар – «Қазақтың Гиппократы» Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы және қазақтың алғашқы дәрігер қызы Аққағаз Досжанова жөніндегі мақалалар. Мамыр нөмірінде - қазақтың тұңғыш әскери- ұшқыш қызы - Хиуаз Доспанова туралы материал шығардық. Оның біздің оқырманға керегі – ол - дәрігер.

Газеттің құйқалы айдарлардың ішіндегісі - «Бірінші басшы», « Ректорское расписание». Ол беттің міндеті - жалпы университет ұжымының бірінші басшымыз – ректордың сұрақтарға жауаптары. Сонымен бірге, оқу орны ішіндегі ең жаңалықтар мен жағдайлар туралы сөз айтады.

Айдарларымыздың бірі - «Алаш азаматтаты». Ол - газет тілі бойынша, «айқарма» - 6 және 7 беттерде шығып келеді. Ол айдарды қазан нөмірінен академик Ишанбай Қарақұлов ақсақалдың 100 жылдық қарсаңында, ол кісі туралы естеліктерден алынған мақалалар және бейнесуреттерін бердік. Ол – ең алдымен, әсіресе, жас студенттер үшін танымдық оң мақала болды деп есептейміз. Міне, осыдан бастап, университетіміздің тұлғалары жөніндегі серияны жалғастырып келеміз. Қараша нөміріне -академик Төрегелді Шарманов туралы Иманбай Жұбаевтың «Қазақ медицинасының тауы» атты эссе-мақаласын ұсындық. Қаңтар нөмірінде академик Камал Ормантаев туралы Нигора Пірматова мен Иманбай Жұбаевтың « Мен емдеген балалардың алды отыз – қырық жасқа келді» атты сұқбат-мақаласы шықты. Ақпан нөмірінде жазушы-дәрігер, медицина және педагогика ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасовтың «Медицинаға мен осылай келдім» атты эссе-мақаласын бердік. Сәуір нөмірінде алғашқы фармацевт- ғалым, академик Кеңес Үшбаев туралы Нигора Пірматованың « Қазақтың тұңғыш фармацевт-ғалымы» атты естелік-мақаласы шығарылды. Мамыр нөмірінде айтулы батыр Бауыржан Момышұлының 100 жылдық және Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында оның келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың естелік-мақаласы берілді. Ал алдағы маусым нөміріне бұрынғы ректор және оның 100 жылдығы қарсаңында Куаныш Макиров туралы екі материал береміз. Біреуінің авторы Совет-Хан Ғаббасовтың деректі очеркі және ғалым, тұлғаның шәкірті Құдайберген Құлахметовтың естелігі.

Биылғы унививерситеттің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында біз арнайы екі айдар аштық. Бірі – «Юбилейная эстафета», екіншісі « Юбилейные мероприатия». Оның біріншісінің ойы - оқу орнымыздың факультеттерін таныстыру. Біз ең алғашқы - емдеу факультетінен бастадық. Әрі қарай, ретімен, жылдарымен беріп келе жатырмыз. Мысалы, осы маусым нөмірге «жалпы медицина факультетін» беру ойымыз бар. Жалпы, айдардың тұжырымы - сонау желтоқсан – мерейтойға дейін жалғыстару. Ал екіншісі - «Юбилейные мероприатия» айдары. Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен мерейтойлық шаралар ұйымдастырып келеді. Біздіңше, бұл идея - уникальды. Бұл ретте, біз Жамбыл, Қызылорда, Шымкент қалаларында өткізген ғылыми-тәжірибелік конференциялар жайлы есептерін шығардық. Осы маусым нөмірінде, Маңғыстау облысының талдауын береміз.

Газеттің мақсаты - өз оқырмандарын қалайша оқыта алады деген мәселе. Сонымен бірге, ол үнжария біліми, медициналық және оқу орны болғандықтан біз ең керекті, дүниетанымы өсетін матералдарды шығару. Мысалы, Елбасының дәрісінен « Интеллектуалды ұлт дегенміз не?», «Еще раз об «Единой системе» - тезисы доклада», «Медицина в мире», «Авторитетно» ( профессор Ж.Ғ. Мұстафинаның зиялы сұқбаты), « Мен қазақтың қыздарына қайран қаламын» айдарынан проректор А.С. Қаракушикованың сұқбаты және басқа мақалалар беріледі.

Сонымен бірге, әр жыл сайын университеті күні мерекесіне біз нөмірден тыс, жедел «Арнайы нөмір» шығардық. Онда С.Ж. Асфендияровтың өз қолымен жазған бұйрығын, «Галерея ректоров» айдарымен «От Асфендиярова от Аканова» өмірбаяндарын тағы бердік. Бірінші ректордың өз өмірбаянынан белісіздеу танымдық мақаласын ұсындық. «Мақтаныштар», « Наша гордость» айдарымен – Б. Атшабаров, Х. Сәтбаева, Т. Шарманов, А. Рақышев, Б. Неменко. Ал қалған материалдан «Арнайы нөмір: универститет күндері» айдарынан ақпарат, мақала, сұқбат, деректер мен дәйектер бердік. Осы нөмірде біздің «Шипагер» газетінің тарихы туралы Х. Ахметованың «Печатное слово» мақаласы қызықты болды. Ал өткен мамыр нөмірінің түгелі 65 жылдыққа арналды. Ол туралы университетте көптеген маңызды шаралар өтті. Студенттік ғылыми- тәжірибелік конференцияда генерал қызы – М.И. Панфилова, басқа кездесуге Б.Момышұлының келіні З. Ахметова сөз сөйледі. Сонымен бірге, тәрибе ісі басқармасы ұйымдастырған шарада қызығылықты болды.

Жақында, газеттің ішінен студенттерге арналған «Студентс блок» бетше ұйымдастырдық. . Ал студенттерің өз газет қосымшасы болғандықтан, біздің «Студент саны», «Студенческий совет» атты тұрақты айдарымызды енді олардың қарауына берілді. Ол туралы біз қәзір студенттермен жұмыс істеп жатырмыз.

Жаңа жылдан бастап, газеттің «Шипагер» атауының қаріптерін, университеттің жаңа эмблесының ауыстырдық. Жалпы, біздің жағдаймызда бас редактор – газеттегі жауапты хатшы және корректор, макет сызу қызметтерін бір өзі жасайды, штаттағы кезекші редактор орысша материалдардың түзетеді. Сонымен бірге, университет ішінен штаттан тыс студент- авторлар таңдап алдық.

Кейбір толғақты мәселер туралы: Біздегі компьютерлік дизайнер өз үйінде, өз техникасымен жасайды. Негізі, бүкіл техника университеттік болу керек. Егер маман кетіп қалса –онда газеттің шығуы өте қиын болып қалуы мүмкін. Сонымен бірге, біздің басқарманың қызметтердің кейбірін жаңа санатқа (категория) келтіруі әлі шешілген жоқ. Қәзіргі біздің веб-сайтының «Шипагер» газетінің электрондық нұсқасы техникалық себептергеи байланысты берілмей отыр.

Жалпы айтқанда, «Шипагер» газетінің кішкентай ұжымы шығармашылық өсу үстінде, газеттің рейтингі жоғары сатыға көтерілді.



ШЕШІМ ЖОБАСЫ:
«ШИПАГЕР» газеті бойынша есеп құпталсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет