С. Ж. Баяндина филология ғылымдарының докторы


ҚАҚТЫҒЫС (КИКІЛЖІҢ) ТЕОРИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет66/72
Дата17.04.2024
өлшемі1.34 Mb.
#499030
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
treatise37452

 
ҚАҚТЫҒЫС (КИКІЛЖІҢ) ТЕОРИЯСЫ – қатынас кедергілерін 
сипаттайды. Бұл теория кикілжіңді әр мәдениет ережелерімен реттелі-
ніп отыратын әлеуметтік қимылдың формасы, қалыпты әрекет деп са-
найды. Сонымен кикілжіңнің әрбір мәдениетте өз үлгісі бар. Өкілдері 
кикілжіңнің себебіне көп назар аударатын, ережелердің бұзылуын сез-
гіш, көбіне кикілжіңді реттеу кезінде түйсікке сүйенетін мәдениеттер 
кездеседі. Бұл – ұжымдық мәдениеттер. Жеке мәдениеттер кикілжіңді 
реттеудің тура әдісін жөн көреді.
 
«МАҒЫНАЛАРДЫ КООРДИНАТИВТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ 
ЕРЕЖЕЛЕР ТЕОРИЯСЫ» – адами қарым-қатынас әлі де болса кеме-
ліне жетпеген, сондықтан толық және мінсіз өзара түсінушілік – ол әлі 
қол жете қоймаған идеал. Коммуникация актілерінің барлығында бел-
гілі мақсат болмағандықтан, өзара түсінушілікке жету маңызды емес 
болып келеді. Координацияға жету мақсатқа айналады, ал бұл болса 
олардың қатысушыларына түсінікті қарым-қатынаста ғана мүмкін. 
Cонымен қатар белгілі контексте мағыналарын басқару және олардың 
жеке интерпретациясы болады. Берілген қарым-қатынаста қабылдан-
ған ережелер қаншалықты әлеуметтік екені маңызды емес, бұл ереже-
лердің коммуникацияға қатысушылардың әрқайсысының санасында 
өзара мәмілеге келгені маңызды. 
 
МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ КОНСТРУКТИ-
ВИСТІК ТЕОРИЯСЫ – барлық адамдарда ерекше когнитивті жүйе 
болады. Соның көмегімен ол басқалардың сөздері мен әрекеттерін нақ-


65
ты және тиянақты түсіндіре алады. Мәдениет адамның жеке даму сыз-
басына әсер ететіндіктен, әр түрлі мәдениет өкілдерінде қабылдаудың 
әр түрлі көзқарастары мен мүмкіншіліктері қалыптасады. Инкультура-
ция нәтижесінде адам басқа мәдениет өкілдерінікінен ерекшеленетін 
әлемге деген көзқарасты иеленеді. Осыдан келіп қарапайым және күр-
делі болып келетін адамның когнитивтік санасы қалыптасады. Ол өз 
кезегінде жеке коммуникативтік мінез-құлықтарға және бейімделген 
стратегияларға әсер етеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет