С. Жайлауов физикалық химия



бет40/127
Дата21.11.2022
өлшемі2.46 Mb.
#465352
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127
Ñ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ

77

19-сурет^І^^^

20 40 60 80
осы екі қабаттағы әрбір сұйықтьщ бетіндегі А компонентінін. парциалды кысымы өзара тең және осыған орай В компонентінікі де нақ солай, өзара тең.
Екі қабаттагы бір-бірінде нашар, шекті араласатын сұйық-тардың қаныққан бу кұрамы мен температура араларындағы тә-уелділікті көрсететін графикті ерігіштік диаграммасы дейді. Бұған мысал ретінде 20-суретте анилиннің және фенолдың судағы ері-
гіштік диаграммалары біріктіріліп, кел-тірілген. Әуелі қалыпты жағдайда ани-лин суда "нашар ериді, сосын бірте-бірте қоспа температурасын жоғарылатқан сайын олардың ерігіштігі артып, 178°С--та өзара толық араласып, бірегей ерітін-ді түзіледі.|*Ал осы екі коспаны 100°С-та қарасақ, график ішіндегі торланған ау-дан құрамның ерімей, араласпай, екі қа-бат түзелетінін көрсетеді. Нақ осы диа-грамма ішіндегі фенол қалыпты жағдай-да едәуір араласады және осы қоспа температурасын көтергенде өз шегіне жетіп, 68,3°С-та толық еріп, бірегей ері-тінді түзіледі. Әдетте осындай темпера-тура, екі сұйықтың шекті ерігіштік (кри-зистік) температурасы делінеді.
Кей жағдайларда кризистік темпера-тура нүктелері екеу болуы мүмкін. Олар-дың бірі жоғарғы, екіншісі төменгі делі-неді. Оған 21-суретте келтірілген нико-тин мен су арасындағы өзара ерігіштікті сипаттайтын диаграмма мысал болады. Жоғарғы кризистік ерігіштік температу-ра 210°С-қа сәйкес және осы нүктедегГ никотин шамасы 32%, ал төменгі нүкте 60,8°С-қа сәйкес, ондағы никотин мөд-шері 29%. Ондағы торланған көлем ішін-дегі құрам мен температура аралығында, _ никотин бір фаза да, су өз алдына бөлек фаза болады Әрине, оның сыртындағы құрам бір-біріне араласып, толық еріп, біркелкі ерітіндіге агіналады.
Мұндай скі сұйықтың бір-бірінде ері-ген ерітінділерді бинарлы (қосарланған) ерітінді дейді. Бинарлы ерітінділер буы-мсн түйіскенде оның еркіндік дәреже саны Гиббстің фазалар ережесі бойын-І^а Іііе тсцеледі, өйткені онда екі компонент және екі фа-за бар. Ал жақсы араласатын (еритіи) сұйықтардың ондағы еркш-дік тэрсже саны бірге кем, өйткені мұнда екі сүйық фаза бар. Осы екі сұйық фаза түрғанда системадағы будың жалпы қысымы құ-
78

Қурам,
21-суретрамнан тәуелсіз де температураға тікелей байланысты өзгереді. Кризистік (шекті) температурадан төмен жаткан әрбір темпера-туралар үшін, концентрацияны шектейтін ав және вс қисықтарынын, аралығында болатын коспалар бетіндегі будың жалпы қысы-мы, Р = РА +Рв —тұрақты шама.
Егер сұйық қоспадағы компоненттер өздерінің табиғи айырма-шылығы жағынан бір-бірінен өте алшақ болса, мысалы бензол — су не сынап — су сияқты косылыстарды алсақ, олардың өзара өте нашар еритіні байқалады, тіпті мүлдем араласпайды деуге бола-ды. Қоспа бетіндегі әрбір компоненттің қысымы, әрбір таза күйін-дегі сұйықтың бетіндегі өз буының қысымына шамалас, ал жалпы . қысым берілген температурадағы осы екі компоненттің қаныққан кысымдарының қосындысына тең: Р = Р°А +Р° . Бұл қысым А және В сұйыктарының температуралары меншікті қайнау темпе-ратураларынан төмен температурадағы сыртқы қысымға тең. Сон-дықтан да мұндай қоспалардың кайнау температурасы онын, құ-рамына енетін әрбір таза күйіндегі сұйықтьщ қайнайтын темпера-тураларынан төмен. Сондай-ақ, қайнау температуралары өте жоғары органикалық сұйық қосылыстарды (айталық, ол 160°С қайнайтын болса), су қосып айдайды. Су 100°С қайнайтындықтан, әлгі коспа одан төмен температурада қайнайды. Бұл, біріншіден, жылуды үнемдесе, екіншіден, компоненттерді температура әсері-нен ыдыраудан сақтайды. Ол үшін сумен араласпайтын және өте жоғарғы температурада қайнайтын сұйык арқылы судың ыстық буын өткізеді. Сонда бу өзімен бірге әлгі компоненттің молеку-лаларын ілестіре ұшып, салқындағанда таза су мен екінші компо-нентке бөлінеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет