С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат


Институт интеграции международных образовательных программ



бет2/25
Дата09.06.2016
өлшемі1.71 Mb.
#123785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Институт интеграции международных образовательных программ


Кыргызская Республика. 720024. Бишкек. ул. Фрунзе 547.

Тел. (8-996 312) 221 951. , 665 075., факс 660 395


Уважаемый господин президент Кокшетауского университета профессор Касым Ж.Ж. !
Институт интеграции международных образовательных программ Кыргызского национального университета им. Ж. Баласагына сердечно приветствует начало очень важного направления в вашей, и если позволите нашей совместной деятельности конференцию по актуальным проблемам этнопедагогики и психологии, проблемам изучения и развития национальных традиций «Сейтеновские чтения».

В Кыргызстане проблемам этнопедагогики и психологии придают особое значение, т.к. их решение – это надежный фундамент самоопределения, суверенитета и независимости народа, залог его будущего развития и процветания.

В традициях и обычаях наших народов много сходного, общего и изучение их педагогического и психологического влияния на современное общество представляется делом необходимым и во всех отношениях полезным.

Желаем вашей конференции успешной работы, значительных результатов, а лично Вам и всем участникам здоровья и больших тволрческих достижений


С уважением директор ИИМОП КНУ

им. Ж.Баласагына, профессор Джаманкулов Ж.М.




Сейтен Сауытбековтың тәлімдік өнегесі және қазіргі білім проблемалары

Қасым Ж.Ж.,- «Көкше» университетінің

президенті, профессор

Қазақ зиялы қауым өкілдерінің жас ұрпаққа біліім мен тәрбие беру жөніндегі парасатты ой-пікірлері мен ғылыми-педагогикалық мұраларының – бүгінгі заманда аса қажет екені анық. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ұлттық білім шаңырақтарының сақталып қалуына мол үлесін қосқан зиялы қауым өкілдерінің бірі – Сейтен Лейманұлы Сауытбеков болды. Сейтен Сауытбековтың ағартушылық, ұстаздық, жазушылық және ақындық өнері мен шығармашылық қызметтері жайлы С.Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Т.Кәкішев, С.Жүнісов, Т.Молдағалиев, Т.Нұртазин, Г.Бельгер, М.Әлімбаев, Ғ.Қайырбеков, А.Қошанов, Қ.Омаров, З.Зікібаев, З-Ғ. Иманбаев, С.Тұрғынбеков және басқа ғалымдар мен жазушылар өз естеліктерінде жазып кеткен.

Көкшетау өңірінің белгілі қаламгерлері мен ақындары Е.Мырзахметов, Т.Қажыбаев, Б.Әлімжанов, А.Қорғанбеков, Ж.Сүлейменов, Н.Ысқақов және басқалар С.Сауытбековке арнап жеке шығармаларын тарту етті.

2003 жылдың тамыз айында С.Л.Сауытбековтың 95 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Балуан ауылында торқалы жиын болып өтті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (№ 197, 20.07.2003) Балуан орта мектебіне С.Л.Сауытбековтың есімі беру жөніндегі Қаулысына байланысты ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі де атап өтілді. Аталмыш жиынға орай «Сейтен Сауытбеквтың ұлттық тәлім-тәрбиелік идеяларын оқу-тәрбие жұмыстарында ендірудің ғылыми-әдістемелік жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның негізгі шешімдерінің бірі: үздік оқитын студенттер мен оқушыларға С.Л.Сауытбековтың жүлдесін тағайындау, этнопедагогика және этнопсихология ғылымдарының дамуына ерекше жағдай туғызу, озық педагогикалық технологиялар жөнінде тәжірибелер алмасу және жыл сайын «Сейтен тағылымдары» атты тұрақты түрде ғылыми-практикалық конференция өткізіп тұру жөнінде көпшілік мақұлдаған маңызды шешімдер қабылданған-ды.

Аталған шешімдерді жүзеге асыру мақсатында 2003 жылдың күзінде «Көкше» университеті ғылыми Кеңесінің шешімімен «этнопедагогика һәм этнопсихология» лабораториясы құрылды. Лабораторияның алдына көп мақсаттар жүктелгенімен, ауқымды істердің бірі – Сейтен Сауытбековтың әдеби-педагогикалық мұраларын ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеу проблемаларына арналды.

Сейтен Лейманұлы еңбектеріне жасаған кешенді талдау жұмыстары төмендегідей көрсеткіштерді анықтады:


  1. С.Л.Сауытбеков еңбектерінде этнопедагогика мұраларына қатысты тағлымдық дүниелер мол.

  2. С.Л.Сауытбеков шығармаларындағы тәлім-тәрбие дүниелерінің педагогикалық топтамаларын жасау қажет

  3. С.Сауытбековтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі дер едік.

Бұл мәселелер Сейтен мұраларын зерттеуші ғалымдардың (М.Құрсабаев, С.Сапарұлы) зерттеу жұмыстарында негізгі орын алған.

Айталық Сейтен Сауытбековтың әдеби мұраларын зерттеуші «Көкше» университетінің доценті Серік Сапарұлының пайымдауынша Сейтеннің қазақ әдебиетіне қосқан әдеби-филологиялық еңбегін мынадай тұжырымдар арқылы елестетуге тырысады:



  1. С.Л.Сауытбеков Қазақстандағы балалар әдебиетінің дамуына (1960-1980) үлкен үлес қосқан ақын-жазушы.

  2. С.Сауытбеков көне араб-парсы тілінің білгірі және көркем аудармашы

  3. С.Сауытбеков пән оқулығының авторы (Әліппе кітабы)

  4. «Сейтеннің Сары кітабы – ғылыми мұра»

  5. С.Л.Сауытбеков ұстаз, ақын және жазушы

Бұл тұжырымдар С.Сауытбековтың әдеби мұраларын терең зерттеудің қажеттігіне меңзейді. Автордың, ойынша аталмыш зерттеу дүниесі – тың тақырыптар қатарына жатады екен. Демек, өткен жылдар белестерінен өзінің әдеби-танымдық арнасын сала білген дана ұстаз тағылымдары бүгінгі ұрпақ үшін де аса қажет деп санаймыз.

Сейтен Сауытбеков шығармаларының педагогикалық маңызы зор. 1993 жылы Көкшетауда тұңғыш ашылған қазақ лицейінің оқу-тәрбие жұмыстарына қазақ ұлттық тәлім-тәрбие қазыналарын ендіру мақсатында, педагогикалық ұжым 90 жасқа жақындап қалған Сейтен қарияға әдістемелік оқулық жазып беруіне өтініш білдірген еді. Нәтижеде көп кешікпей «Тағылым тегі» кітабы жарыққа шыққан еді. Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұралары жөнінде университетіміздің доценті М.Қыдырбайұлы бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Зерттеуші ғалымның ойынша С.Сауытбеков «Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы» атты ғылыми жинаққа енуі керек деп санайды. Автордың ол пікірімен келісуге болады. Жақында университет жанынан ашылған баспадан С.Лейманұлының бұрын жарық көрген көптеген еңбектері (өлеңдер, әңгімелер, ертегі-аңыздар, бүлдіршіндерге арналған тақпақтар, ел аузынан жиналған аңыздар мен тарихи оқиғалар, өсиеттер мен тыйым сөздер және бата-тілектер) қайта басылды. Олардың арасында бұрын жарық көрмеген ғылыми мақалалары (Тағылым тілден, Теріс мінездерге қарсы ізгілік тағылымдары т.б.) жарияланды. Еңбектер арасында біздің назарымызға терең ой салған Әліппе оқулығы болды. Оқулық республикалық деңгейде ұйымдастырылған пән оқулықтарының байқауына ұсынылып, білім министрлігі тарапынан марапаттау сыйлықтарына ие болған. Сейтен мұраларын зерттеуші М.Құрсабаевтың баяндауынша, әліппе оқулығының араб және кирилица әріптері негізінде жазылған екі нұсқасы болған. Ол туындылар қазір архив материалдары ретінде сақтаулы.

Биылғы жылы Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұраларын қалың көпшілікке терең таныстыру мақсатында этнопедагогика һәм этнопсихология лабораториясының бастамасымен «Сейтен - 100» атты әдістемелік—педагогикалық экспедиция құрылды. Экспедицияның басты мақсаты Қазақстанның оңтүстік өңірлерін аралап, ондағы педагогикалық қауыммен жүздесіп Сейтен мұралары және этнопедагогика әфсаналары тақырыптарына арналған ауқымды мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, тәжірибелер алмасу болған еді.

Нәтижеде экспедиция мүшелері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында болып қайтты. Олар аталмыш өңірлердегі зиялы қауым һәм ұстаз-тәлімгерлермен мазмұнды семинар өткізіп, мол материалдар жинақтап қайтты. Әсіресе, оңтүстік астанамыз – Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ұлттық кітапхана ғимаратында өткен семинар-мәжілісті ерекше атап өткен жөн.

Аталмыш семинарға Т.Кәкішев, Т.Молдағалиев, С.Жүнісов, А.Қошанов және басқа ғалымдар мен ақын-жазушылар қатысты. Академик Аманжол Қошанов Сейтекеңді – энциклопедист деп атады. Сейтен Сауытбековтың ҚР Ұлттық кітапханасындағы сирек кездесетін қолжазбалар бөлімінде ғылыми қызмет атқарғаны белгілі. С.Сапарұлы өз еңбегінде С.Сауытбеков 2206 еңбекті көне араб тілінен аударып, түсініктеме бергені жөнінде баяндайды. Ол еңбектерге соңғы жылдары Иран мемлекетінен келген шығыстанушы ғалымдар ерекше назар аударған. Аударма еңбектің құнды дүниелерін олар көшірме ретінде пайдалану жөнінде Ұлттық кітапхана қызметкерлеріне сұраныс білдірген көрінеді.

Сейтен Сауытбековтың тәлім-тәрбиелік мұраларын бүгінгі мектеп (лицей) практикасына ендіру өзінің педагогикалық тиімділігін қамтамасыз етеді деп санаймыз. Аталмыш істі жоспарлау мен ұйымдастыру барысында зерттеуші ғалым М.Құрсабаевтың «Сейтен әлемі һәм ұлттық педагогика» атты ғылыми-монографиялық еңбегіне сүйенгеніміз абзал. Онда автор – халық педагогикасының құндылықтарын жас ұрпақтың санасына қалыптастыруда қазақ зиялылырының шығармаларын пайдаланудың педагогикалық маңызы зор екенін атап көрсетеді. Сейтен мұраларын талдай келе автор мынадай қағидаларды басшылыққа алған:


  1. Этнопедагогика материалдарын мектептегі тәлім-тәрбие жұмыстарында кешенді тұрғыда жүзеге асыру мақсатында қазақ зиялыларының педагогикалық мұраларын пайдалану.

  2. С.Л.Сауытбеков шығармаларының педагогикалық топтамалық жүйесін жасау және ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу.

  3. С.Сауытбеков еңбектері негізінде оқушыларға этноэкологиялық тәлім-тәрбие берудің тұжырымдамасын жасау.

  4. Сауытбеков мұраларындағы ұлттық тәрбие көріністерін классификациялау және мектеп практикасына оңтайластыру.

  5. Болашақ мұғалімдерді дайындау барысында «Сейтентану» курсын ұйымдастыру.

  6. Мектептегі оқушылар ұйымдарының шығармашылық жұмыстарын жандандыру барысында «Сейтен-нама» танымдық-этнографиялық ойын-сайысын өткізу.

Аталмыш ұсыныстар эксперимент ретінде Көкшетау қазақ лицейі мен Балуан орта мектебінде ендіріліп келеді.

Біздің ойымызша, зиялы қауым өкілдерінің этнотәлімдік мұраларын бүгінгі білім шаңырақтарында пайдалану аса қажет деп санаймыз. Бұл орайда зерттеушілер: І.Р.Халитова (Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы), М.Ж.Құлжабаева (Историк-педагогические наследие Т.Тажибаева), Г.И.Полянская (Педагогические идеи Рабиндраната Тагора), Ф.З.Буланова (Педагогические идеи Сабита Муканова), Л.К.Ермекбаева (Сейіл Жиенбайұлының ғылыми-әдістемелік мұралары) және басқа ғалымдардың ізденістері айтар ойымызға дәлел.

Бүгінгі заманғы білім жүйесі - әлемдік жаһандану үрдісімен қатар келді. Жаңа заман талаптары оқу-тәрбие процестерінің анағұрлұм күрделі белестерге шығуына зор ықпал етіп отыр. Оның айқын көріністерінің бірі – оқыту әдістемесінің технологизациялануы және информатизациялануы болып отыр. Аталмыш үрдістер ұстаз қауымының жоғарғы біліктілігі мен жауапкершілігін арттырары сөзсіз. Бүгінгі ұрпақ танымын жоғары биіктерден көруіміз үшін осы аталған талаптарға терең мән бере отырып, әрбір шығармашылық-интеллектуальдік әрекетімізден нәтиже шығарып отыруымыз шарт.

Жаңа педагогикалық озық тәжірибелер мен технологиялардың мектеп атмосферасын өзгертуі заңды құбылыс екені һақ. Осындай күрделі, әрі шешуші кезеңдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне терең назар аудара отырып, жоғарыда айтылып кеткен міндет-мақсаттарды қоғам игілігіне айландырғанымыз абзал.



Тәуелсіз Қазақстандағы білім мәселелері
Қ.Балахметов.,- бұрынғы Қазақ ССР Оқу министрі

Бүгінгі жаңарған Көкше өңірінде тұңғыш ұйымдастырылып жатқан «Сейте тағылымдары»

Халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырғандарыңа үлкен алғысымды білдіремін. Осындай тарихи маңызы бар ауқымды іс-шараларды ендігі арада мейілінше мазмұнды және жоғары деңгейде өткізуді басты мақсат етуіміз керек.

Конференция жұмысына қатысып отырған жүзі таныс көптеген әріптестерімді, замандастарымды танып, бір қуанышты жағдайға тап болғанымды жасырмаймын. Әсіресе, Ресей Федерациясынан, дәлірек айтқанда Омбы өлкесінде мекен етіп жатқан қазақ диаспорасының өкілдерінің, оның ішінде көрнекті ғалымдардың бүгінгі алқалы жиынға қатысып отырғаны қуантады. Аталмыш конференцияның негізгі тақырыбы ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбековтың өмірі мен ағартушылық қызметі, сондай-ақ оның педагогика мен балалар әдебиетіне қосқан үлесі, сондай-ақ бүгінгі білім жүйесінің өзекті мәселелеріне арналуы құптарлық жайт.

Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұрасы мен шығармашылық еңбектері жөнінде мен таныспын. Ол кісінің Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповпен тығыз қарым-қатынаста болып, өзінен кейінгі ұрпаққа үлкен еңбектер қалдырып кеткен ірі тұлға болғанын байқауымызға болады. Сейтеннің идеясын бүгінде жалғастырып отырған сіздерге де үлкен қариялық ризашылығымды білдіремін. Сіздерге Сейтен Сауытбековтың әруағы да риза.

Қай заманда, қай қоғамда өмір сүрсек те – алдыңғы толқын ағалардың бар арманы, бар мақсаты жас жеткіншектерді тәрбиелеуге үлес қосу екені анық.

Қазақ халқының көрнекті зиялы қауым өкілдері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин және басқа азаматтар міне осындай болған.

Қазақ ССР Оқу министрі болған жылдары (1974-1980) мен де өз елімнің азаматы ретінде білім мен тәрбие саласына үлес қосуды мақсат еттім. Рас, бүгін еліміз өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болды. Кешегі Кеңес одағы заманында білім де болды, мектеп те болды және мектеп мұғалімінің жағдайы да жаман болды деп айтуға болмайды. Бірақ, тәуелсіз мемлекеттің – жолы ерекше. Тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек.

Тәуелсіздік арқылы ұлт тағдырына байланысты өте көп мәселелерді шешуге болады. Біздің заманымызда ұлт тағдырына байланысты дүниелерді шешу – біздің қолымызда болмады.

Сол бір қиын-кезең жылдары белгілі ғалым, өз ұлтының, әсіресе жас ұрпақтың болашағын тереңінен ойлаған, ойлап қана қоймай ол мәселенің шешілуіне зор үлес қосқан Жанайдар Мусин маған Көкшетауда педагогикалық жоғарғы оқу орнын ашу жөнінде өзінің шешімді ұсынысын білдірген еді. Бұл мәселеге араласу бізге қиынға соқты. Ол мәселе – аз уақыт ішінде емес, ұзақ мерзімді қамтитын сол кезеңдердегі аса күрделі істердің бірі болатын.

Кеңес одағы уақытында жоғарғы оқу орнын ашатын мәселені шешу, талқылау тек қана Москваның құзырында болатын. Бірден қазақ бөлімін ашу, қазақ тілінде оқытылатын факультеттер ашу және оған арнайы ұлттық мамандарды тарту бір жағынан қаржыландыру мәселесіне келіп тірелетін болса, екінші жағынан үкіметтің саясатына да байланысты болған еді.

Ақыры келісе келе біз Алматы педагогикалық институтының филология факультетінен орыс, қазақ және ұйғыр бөлімдерін және Көкшетау педагогикалық институтынан орыс және қазақ бөлімдерін ашу жөніндегі маңызды шешімдердің Москвадан қабылдануына қол жеткіздік. Осы шешімге қол жеткізу біз үшін өте үлкен жұмыс болғаны рас еді.

Сондай-ақ Петропавл педагогикалық институтына Сәбит Мұқановтың атын беру жөніндегі ұсыныстарымыз жүзеге аспады. Бірақ, жақсы оқитын студенттерге Сәбит Мұқанов атындағы арнайы стипендияның тағайындалуына жоғарғы жақтан қол жеткіздік.

Міне, осындай әрі күрделі, әрі маңызды халық тағдырына қатысты ауқымды мәселелерді сол кезде мен басқарған Оқу министрлігі шеше алмады. Егер біз сол кезде өз тәуелсіздігімізге ие болған уақытта, жағдай басқаша болатын еді.

Әрине, орыс тілінің мәртебесі ерекше болды. Орыс тілінің қаншалықты тиімді-тиімсіз ықпал еткенін Қазақстанның солтүстік өңіріндегі қазақ қауымы өте жақсы біледі. Тіпті, сол жылдары шалғай орналасқан қазақ ауылдарына барғанымызда, жұртшылық бізден «неге орыс тілінде оқытылатын кластар ашпайсыздар» деп, ұсыныс жасағандары есімде.

Енді, ол заман артта қалды. Қазір біз капитализм сатысына өту үстіндеміз. Білім жүйесі қазір нарықтық экономика талаптарына сай қайта реформалану үстінде. Осындай жауапты кезеңде мемлекет тарапынан оқу-тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Ол проблемалардың бірі - мұғалімнің, немесе жоғарғы оқу орны оқытушысының ұстаздық мәртебесін көтеру қажет деп санаймыз.

Педагогика саласына қатысты басылымдарда жалпы білім беру сапасы республика көлемінде 34 % артты деп айтылып жүр. Меніңше, ол мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазір бізді ауыл мектептері толғандыруы керек. Қалалық жерде білім алатын оқушылар соңғы жаңалықтарға өте бейім келетіні рас, ол мүмкіндіктер олардың жоғары білім алу барысында көп жеңілдік ететіні де рас. Сондықтан, қазір жиі айтылып жүрген грант пен кредит жеңілдіктерін ауыл жастарының да иеленуіне ерекше жағдай туғызу керек деп санаймын.

Мұғалімді орысша «факел», яғни алау деп айтады. Алауды өшіріп алсақ, онда жас ұрпақтың тағдырына қаяу түсері анық.

Соңғы кезде халқына еңбегі сіңген, ұзақ жылдар бойы өлшеусіз қызмет етіп, өзінің парасаттылығымен, адамгершілдігімен танылған көптеген зиялы адамдардың есімдері аталмай қалады. Сіздердің Сейтен Сауытбековтың атын шығарып, ұлағатты ұстаздың ұрпаққа қалдырған еңбектерін жарыққа шығарып, осындай игі іс-шараларды қолға алғандарыңыз өте үлкен жұмыс. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Омбы өлкесіндегі қазақ диаспораларындағы тәлім-тәрбие мәселелері
Әмірғазин Қ.Ж.,- Омбы мемлекеттік педагогикалық

университетінің кафедра меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Бүгінгі конференция жұмысында біздер, ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбековтың өз халқына сіңірген еңбегін көріп, жақын танысып қуанып жатырмыз. С.Л.Сауытбеков сияқты ұрпақ қамын ойлаған көрнекті зиялы қауым өкілдерін біз Ресей Федерациясындағы қазақтар қауымдастығы көп біле бермейміз. Мен өзіміздің профессиональдік педагогикалық зерттеу жұмыстарымызға байланысты баяндаманы дайындап келгеніммен, бүгінгі Сейтен Сауытбеков жайлы конференция барысында көптеген фото-видео материалдар, шығармашылық кездесулер өткізгендеріңіз жайлы деректі фильмдерді көргеннен кейін және қазақ этнопедагогикасына қатысты маңызды ақпараттармен таныс болғаннан кейін көпшілік қауым алдында Омбы өлкесіндегі қазақ диаспораларындағы ұлттық тәрбие жайында әңгімелеуді жөн көрдім.

Шоқан Уәлиханов «Ұлы дала философы» деп атаған Асанқайғы бабамыздың:

«Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады

Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады

Жел толқытса асыл тас су бетіне шығады

Ой толқытса асыл сөз шер тарқатса шығады»,- демекші қазақ ақын-жыраулары мен зиялыларының ұлттық педагогика жөнінде ерте заманнан қалыптасқан өзіндік ой-таным ерекшеліктері қалыптасқаны анық.

Қазақ даласында, әсіресе шөлейтті жерлерде ылғалды көп талғамайтын майқараған өсетіні белгілі. Қазақтар оны отын және дәрілік шөп ретінде пайдалынатыны белгілі. Қараған ду етіп жанады екен. Оның жалынына қызыққан өзбек ағайындарымыз бір жылы майқарағанды ерінбей жинап алып, Ташкентке алып барса керек. Бүкіл ағайын –туысын жинап алып, майқарағанға от салған кезде – қараған жанбай қойыпты. Сонда сасып қалған өзбек: « Атаңа нәлет, мына майқараған біздің жерімізде жанбай, тек өз жерінде ғана жанады» деп, айтқан деседі жұрт. Сол сияқты мен де Омбы қазақтарының атынан осындай алқалы жиынға келген соң өз ана тілімде сөйлеуді жөн көрдім.

Қазақ халқы талай ғасырлардан бері өзінің елін, жерін қорғап келді. Бүгін өз билігіміз өзімізге тиген соң – кешегі ел қорғаған батырларымыздың, халық қамын ойлаған хандар мен би-шешендеріміздің есімдерін қайта жаңғыртып, оның ішінде еңбегі ескерілмей, аты аталмай қалған бабаларымыздың атын шығаруға мүмкіндік алып отырмыз.

Сәбит Мұқановтың шәкірті болған Сейтен Сауытбеков те сондай адамдардың бірі болса керек. Ол кісінің еленбей қалған еңбектерін бүгінгі ұрпақ игілігіне айналдыруды мақсат еткен үлкен істеріңіз нәтижелі және жемісті болсын дегім келеді.

Былтыр Семей өңірінде данышпан Абайдың ұстазы болған кемеңгер жырау, батагөй шешен Дулат Бабатайұлының 300 жылдығы атап өтілді. Дулат бабамыздың есімі тарихта қалғанымен оның қаһармандық һәм батырлық рухты көксеген жырларын көптеген жас ұрпақтың өкілдері білмей, оқымай өсті. Сондықтан, осындай игі шараларды болашақта ауқымды масштабта өрбіту аса қажет дүние деп санаймыз.

Қазақ дүниетанымында «сабақтастық» деген этнофилософиялық ұғым бар. Оның негізгі түйіні – көне ғасыр қойнауларынан бүгінгі ұрпақ санасына жеткен халықтың рухани қазыналары десек те болады. Әр ауылдың өзіндік дәстүрі, өзіндік тарихы бар. Әр ауылда халықтың абыройына бөленген дана қариясы да бар екені мәлім. Өткен дүниедегі барлық асыл қасиеттерді сақтай білетін, қастерлей білетін және ұлт санасына жеткізе білетін де солар. Осындай сабақтастық дәстүрлерін одан әрмен жалғастыру барысында – біз сіздер ұйымдастырып отырған халықаралық «Сейтен тағылымдары» конференциясының күндерін Омбы өлкесінде өткізу керек деген ұсыныс жасағым келеді.

Омбы өлкесінде жүз мыңнан астам қазақ диаспоралары тұрады. Кейбір елді-мекендердегі тұрғылықты халықтың басым көпшілігін қазақтар құрайды. Қазақ тілінде оқытылатын мектептер де баршылық. Қазақтармен қатар 200 мыңнан астам түркі-мұсылман халықтарының өкілдері тұрады. Сейтен Сауытбековтың «Сары кітабында» араб, татар, түрік аудармалары негізінде баяндалғандай, біздің өлкемізде татар, ноғай, башқұрт, алтай халықтарының өкілдері тұрады.

Омбыда өткізілетін «Сейтен тағылымдары» күндеріне жоғарыда аталған түркі тектес халықтардың өкілдерін шақыруға болады.

Омбы қазақтары өз ана тілінде сөйлейді. Қазақ тілінде хабар мен басылымдар тарататын орталықтар бар. Ара-тұра, тамыр-таныс арқылы Қазақстаннан газет-журнал және басқа кітаптар алып тұрамыз. Бірақ ол жеткіліксіз. Бізге, әсіресе соңғы буынғы жазылған мектеп оқулықтарын алып тұруға және пайдалануға мүмкіндіктер жасалса. Халық педагогикасы және соңғы ғылыми-педагогикалық озық технологияларға негізделген қазақстандық тәжірибелер, әдістемелік нұсқаулар, мемлекеттік және авторлық бағдарламалар аса қажет.

Жақында Омбы өлкесінде Білім министрлігі құрылды. Оның басшысы болып В.Я.Никитин болып бекітілді. В.Я.Никитин бұрын Қазақстанда жауапты қызмет атқарған. Омбы өлкесіндегі түркі тектес халықтар, әсіресе қазақ халқына деген ол кісінің құрметі ерекше. Ол кісінің тікелей қолдауымен 2003 жылдың күзінде Омбы қаласындағы кәсіптік-техникалық училищесінде қазақ тілінде оқытылатын бөлім ашылды. Қазір училищеде екі қазақ бөлімі ашылып, жоспарға сай оқу-тәрбие үрдістерін жалғастыруда.

Оларға және өлкедегі қазақ тілінде оқып жатқан жас ұландарға ұлттық тағылым, ұлттық мәдениет пен тәлім-тәрбие керек. Өйткені – біз ана тілімізсіз, өркениетсіз, өнер мен білімсіз ел бола алмаймыз. Ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған ұлттық қазыналарымызды санасына сіңірмей, білмей, түсінбей өскен жас өскін – болашақта мәңгүрттікке душар болары анық.

Осыған орай, жоғарыда айтып кеткен «сабақтастық» ұғымына орай, біздер екі елдің арасын жақындата түсу үшін танымдық-тағылымдық маңызы бар аталмыш іс-шараларды мейілінше ауқымдырақ өткізуге күш салғанымыз жөн. Сондықтан «Сейтен тағылымдары» конференциясының дәстүрлі жалғасы ретінде осы іс-шараның Омбы өлкесінде ұластырылуына мен дәнекер болайын. Сондай-ақ, ол іс-шараларға татар, орыс,башқұрт, ноғай, алтай және халықтардың өкілдерінің ат салысуына жағдай туғызсақ дейміз.

Мен Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры болумен қатар Омбы өнер колледжін басқарам. Конференция аясында ұйымдастырылып жатқан көрмелерге біз өзіміз жасаған қолөнер бұйымдарын (темірден, ағаштан жасалған әр түрлі бұйымдар) әкелдік. Бұйымдардың көпшілігін студенттердің өздері жасады.

Конференцияда баяндама жасаған ғалымдардың айтуынша 2007 жылы Сейтен Сауытбеков 100 жасқа толады екен. Аталмыш торқалы тойдың алдында үлкен дайындық керек екені рас. Біз өз тарапымыздан торқалы тойға үлес қосу мақсатында Сейтен Сауытбековтың темірден, керамикадан және басқа заттардан жасалған медальін, төсбелгісін, ескерткіш-бюст жасасақ деп отырмыз.

Ата-бабаларымыз ерте заманнан бері түсті металдарды балқытып, одан әр түрлі формадағы әшекейлер мен қолөнер бұйымдарын жасағандары тарихтан белгілі. Әлем мәдениетінде көне сақтар мен ғұндардан қалған ол қолөнер бұйымдарын «скифский зверийный стиль» деп атайды. Ол жөнінде мен Москва университетінде «Қазақ қолөнерінің тарихы мен мәдениеті» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғадым. Сондықтан, қарапайым суреттен гөрі түсті металдан немесе керамикадан жасалған қолөнер бұйымдары ғасырлардан ғасырларға сақталады. Көне сақтардың қолөнер бұйымдарын топырақ қабатынан аршып алған археологтардың пайымдауынша біздің ата-бабаларымыз бұдан 1800-2000 жыл бұрын түсті металдарды балқытып, әр түрлі формадағы ұлттық қолөнер бұйымдарын жасай білген.

Жер қойнауынан табылған асыл заттар – Қазақстан мемлекетінің атын шығарары анық. Сондықтан ол дүниелерді сақтап, қастерлеп қана қоймай терең зерттеуіміз керек.

Сейтен Сауытбеков Көкше жерінде қызмет етті. Солтүстік Қазақстан облысының атын шығарды. Көкше жерінде ерте уақытта Шоқан Уәлиханов, Балуан Шолақ, Ақан сері мекен етті, халқының даңқын арттырды. Сәкен Сейфуллин Көкшетаудың сұлу табиғатына қайран қалып, оны ән мен жырға бөледі. Бүгінгі жиынға қатысып отырған қазақ халқына белгілі адамдар – Сәкен Жүнісов, Қожахмет Балахметов, Естай Мырзахметов осы Көкшетаудың азаматтары.

Бүгін өзіміз куә болған деректі фильмде Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев айтқандай: «Шөп шығатын жеріне ғана шығады» демекші, Сейтен Сауытбековтың текті ұрпақтан шыққанын дәлелдей түседі. Қазақ жері, қазақ даласы текті ұрпаққа кенде емес. Ол кісінің ашаршылық жылдарында Ғабит Мүсіреповтың айтқанына қарамай Алматыдағы оқуын тастап, өз еліне келіп, әке-шешесіне қамқорлық жасауы, қара шаңырақты ортасына түсірмей сақтап қалуы және 15 жасынан бастап мұғалім болуы – ол кісінің ұлылығы деп білемін.

Өзіміз бір шаңыраққа ие бола алмасақ – онда елге де ие бола алмағандығымыз деп білемін. Ел боламыз десек, әрбір ер-азамат өз шаңырағына ие болуы керек. Сонда ел озады. Осындай патриоттық, парасаттылық сезімдерге толы Сейтен Сауытбековтың педагогикалық идеялары бір диссертациялық жұмыс деуімізге тұрады.

Сейтен ақсақал тек қана ауыл ақсақалы, білікті басшы, ұлағатты ұстаз болып қана қоймай қоғам қайраткері және ақылшы бола білді. Ол өзіне үй салмай, халық баласына арнап мектеп салды, Ыбырай Алтынсариннің дәстүрін жалғастырды.

Сейтен Сауытбеков - Сәбит Мұқановтың өмір мектебінің жалғасы ма, жоқ әлде замандасы ма, міне осы мәселелер ғылыми тұрғыда зерттелуі керек.

Абайтану мұрасына қомақты үлес қосқан қажымас қайраткер Қайым Мұхамеджан сол кездегі солақай саясаттың салдарынан 14 жыл түрмеде отырған екен. Абайтануды дәріптегені үшін ол кісі Карлагқа кісендетіліп айдатылған. Сондықтан болашақта Сейтентану дүниесін зерттеу мен зерделеу, оны халық пен ұрпақ игілігіне айналдыру сіздер үшін оңай іс болмасы анық.

Өнертану әлемінде бүгінде этнодизайн мәселесі қайта жаңғыру үстінде. Атақты суретші Әбілхан Қастеевтің айтуынша «мені сурет әлеміне баулыған дала келбеті, шөптің тербелісі, құстардың сайрауы, бұлақтың сылдыры» деген екен. Қазақ танымында дала өрнектері суретші қиялын одан әрі шыңдауы хақ. Суретшінің дүниетанымы этнотопономикалық атаулар мен этнофилософиялық қағидалармен ұштасып, өз үйлесімін тапқанда ғана туынды өз ойыңдағыдай шығуы мүмкін.

Міне, осындай күрделі дүниелерді жас ұрпақтың санасына ерте бастан сіңіруде халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы ана сүтімен санаға сіңген ұлы қазына. Оны талдау мен саралау кемеңгерлік жұмыс.

Данышпан бабамыз Абай айтқандай:

«Сенбе жұртқа қаншама тұрса мақтап

Қол етеді ішіне қулық сақтап

Сену керек өнерің мен ақылыңа

Екеуі алып шығар екі жақтап»,- дегендей, халық педагогикасында ежелден бері маңызды орын алып келген ақыл мен өнер құндылықтары бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде өз жалғасын тапқаны дұрыс деп санаймыз.

Осыған орай «Сейтен тағылымдары» конференциясында ұлттық педагогика дүниелерін философиялық тұрғыдан зерттеу мәселелеріне арналған секция жұмысы болуы керек деп тұжырымдаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет