59
Соның ішінде ең танымалы болған «сапаны бақылаудың жеті құралы»,
оның құрамына кіретіндер:
графиктер, Парето диаграммасы,
себеп-
салдар диаграммасы,
шашырау диаграммасы, бақылау карталары,
гистограммалар, жіктелу әдістері кіреді.
Парето диаграммасы (Раrеtо diagram) әртүрлі
ақауларға
байланысты шығын шамасын көрнекі көрсетеді. Осыған байланысты
үлкен шығынға әкелетін ақауларды болдырмауға көңілімізді бөлу керек.
Осы ақаулардың пайда болу себептерін және болдырмау үшін себеп-
салдар диаграммасын қосымша қолдануға болады.
Ақауды жоқ қылған соң және себептерін
анықтаған соң қайтадан
Парето диаграммасы тұрғызылады.
Бірнеше ақаулардан шығындалған тұтас пайыз есебімен
кумулятивті қисық тұрғызылады.
Парето диаграммасы
Дөңгелек прокатты қолдану кезінде дайын өнім ақауының
шығу себептері бойынша Парето диаграммасы
0
20
40
60
80
100
120
1
2
3
4
5
6
Параметрлер
Ж
ү
йе
н
ің
ш
а
ш
ы
ра
ң
қ
ы
л
ы
ғы
Пайыздық арақатынасы
Кумулятивті
пайызы
11 сурет
Себеп-салдар диаграммасы (Саuse and effect diagram) (12 сурет)
үлкен шығынға әкелетін ақауларды анықтаған кезінде қолданылады.
Ол осындай ақаулардың себептерін анықтайды және оларды
болдырмауға тырысады. Сондықтан фактордың
төрт негізгі себептері
талданады: адам, машина, материал және жұмыс тәсілі.
Осы факторларды талдағанда екіншілік, немесе үшіншілік
себептер шығады, олар жоюға жататын ақауларға әкеледі.
Сондықтан
ақауларды талдағанда және диаграмманы тұрғызғанда себептің
максимальды санын анықтау қажет.