С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова. І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері



бет16/17
Дата20.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#149553
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Жамбыл Жабаев – қазақ поэзиясының алыбы атанған ақын. Ол айтыс ақыны ретінде халық арасында кеңінен танылған сөз шебері. Бүгінгі сабақта Жамбыл Жабаевтың «Балама хат» атты өлеңін мәнерлеп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу, жалғастырып, өз тілінде түсіндіруі. 3. Жамбыл ата соғыстағы баласына хатты қай кезде жазған? Хатта не туралы жазған?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңдегі Жамбыл атаған Саурық, Сұраншы батырлар туралы не білесің? Жамбылдың жау, жауыз, залым, дұшпан деп отырғаны кімдер? Автордың бұл сөздерінен нені байқауға болады?

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта кім жайлы білдік? Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен әңгімелеп айтып көр. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2 . бағалау.

122. Тақырыбы: Жақия. Тұрдыбек Алшынбаев.



Мақсаты: Оқушыны Тұрдыбек Алшынбаевтың «Жақия» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Жолымтайдың атасының әңгімелеуі арқылы сұм соғыстағы болған жағдаймен таныстыру; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер, шаған соғыс жайлы үзінді көру.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, ссбаққа зер салыңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жамбыл ата соғыстағы баласына хатты қай кезде жазған? Хатта не туралы жазған? Өлеңдегі Жамбыл атаған Саурық, Сұраншы батырлар туралы не білесің? Жамбылдың жау, жауыз, залым, дұшпан деп отырғаны кімдер? Автордың бұл сөздерінен нені байқауға болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен әңгімелеп айтып көр.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Соғыс жайлы не білесің? Аулыңда соғысқа барған батырлар бар ма?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Тұрдыбек Алшынбаевтың «Жақия» атты әңгімесін түсініп оқып, Жолымтайдың атасының әңгімелеуі арқылы сұм соғыстағы болған Жақияның ерлігімен танысайық. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. Бөліктерге бөліп әңгімелеу. 3. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білесің? Әңгіме жау ұшақтары мен танкілерін неге теңеген?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: «Сол сәтте арт жақтан әйгілі Катюша да сайрап қоя берді» дегенді қалай түсінесің? Жақия қандай ерлік көрсетті? Осы бөлімде қандай соғыс жайлы әңгіме, өлеңдер оқыдық? Олар не жайлы? Сен өзіңе қандай әсер алдың?

ҮІІ. Қорыту. Өзіңнің басқа кітаптан, көрген киноңнан соғыс туралы қандай әңгімелер жайлы білесің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу, сурет салу. 2. Бағалау.

123. Тақырыбы: Мен не үйрендім? Мазмұндама.



Мақсаты: Оқушылардың «Туған өлкем - тұғырым» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: сұрақтар топтамасы, дәптер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімд Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білесің? Әңгіме жау ұшақтары мен танкілерін неге теңеген? Жақия қандай ерлік көрсетті?

ІІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз қандай бөлімді оқып аяқтадық? Онда не жайлы білдік? Кімдермен таныстық? Өзімізге қандай әсер алдық?

ІҮ. Қайталау. Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді.


  1. Көктем туралы жазылған бір өлең жатқа айтып бер.

  2. Екі өлеңнен келтірілген шатасқан шумақтарды ұйқасына, мазмұнына қарап ретке келтіріп жазып шық. Тақырыптарын анықта.

Гүлдер, гүлдер не түрлі

Бастады той думанын жазық дала,

Құлпырды да жетілді

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.

Барлық дала өртеніп

Малшылыр өрісінен қозы терсе,

Бара жатқан секілді.

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.



І. Бастады той думанын жазық дала,

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала

Малшылыр өрісінен қозы терсе,

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала. («Көктем жыры» Мәриям Хакімжанова)

ІІ. Гүлдер, гүлдер не түрлі

Құлпырды да жетілді

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді. ( «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев)

  1. « Әттең мен неге бармадым екен сонда» деген баяғы үнсіз өкініш арнасын бұзған өзендей лықсып шыққан еді» деген үзінді қай шығармадан алынған?

А). С. Сарғасқаев. Шыбық.

Ә). Ж. Аймауытов. Қараторғай.

Б). Ә. Кекілбай. Тасбақаның шөбі.

4. Берілген анықтаманы аяқтап жаз.



Сюжет дегеніміз өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, оқиғаның тұтас желісі.

  1. Берілген үзінді қай шығармадан алынған?

« ... Бөлмесі бір түрлі әдеміленіп, кірсең шыққың келмейді. Гүл өсіруді жақсы көреді, айнасының алдында герань, фикус, олеандр, камелия, циперустар жайнап тұр ...»

А). Шығыс шынары . Ә: Нұрмаханова. Б). Балама хат. Ж.Жабаев.

Ә). Бала Мәншүк. М.Хакімжанова. В). Тау қыраны. М.Ғабдуллин.

Мазмұндама жазу.

1.Кіріспе: жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

2. Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Ү. Әлем әдебиеті үлгілері.

124. Тақырыбы: Атадан қалған тұяқ. Шыңғыс Айтматов.



(Аударған Қалтай Мұхамеджанов)

Мақсаты: Оқушыны «Әлем әдебиеті үлгілері» атты тараумен таныстыра отырып, ондағы Шыңғыс Айтматовтың «Атадан қалған тұяқ» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Жиһангүлдің баласы Әуелбектің соғыс кезіндегі өмірімен таныстыру; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер 4 класта қазақ әдебиеті үлгілерін оқумен қатар, әлем халықтары әдебиетінің үлгілерімен танысуды жалғастыра бересіңдер.

Әлемде әр түрлі халық өмір сүретінін білесіңдер. Соның ішінде орыс, қырғыз, қалмақ, итальян, ағылшын елдерінің атақты жазушыларының қызықты да көркем шығармалары сендердің оқуларыңа ұсынылып отыр.



ІІІ. Жаңа сабақ: 1. кіріспе. Әлем әдебиетінің озық үлгілерінің бірі – есімі бүкіл дүниеге әйгілі болған қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Атадан қалған тұяқ» әңгімесі. Оны біз де оқып көрелік... 2. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әуелбектің кинодағы «әкесін» көрген кездегі көңіл күйін, әкесі жөніндегі ішкі ойын білдіретін жолдарды тауып оқы. 3. Сөздік жұмыс. Қыстақ – ауылды жердегі елді мекен. Қашар – мал қамайтын қора. Қырқым, қырықтық – қойдың жүнін жаппай қырқу науқаны. Жағасы жайлау, төбесі қыстау – уайым – қайғысыз тіршілік. Домбығып – ісініп.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру: Әңгімедегі басты кейіпкер кім?( Әуелбек). Әуелбек үшін кино қай сөзден кейін оның әкесі туралы киноға айналды? (- Әне, анау жүрген сенің әкең, - деді ...). Ол неге сонша қуанды деп ойлайсың? Әуелбектің қуануы саған қандай сезім туғызды?

Ү. Қорыту. Әңгімені бөлімдерге бөліп, жоспар құрып жаз.

1. Жүн қырқу маусымы басталғанда.

2. Көшпелі киноның келуі.

3. Әуелбектің алғашқы әкесін көруі.

4. Әуелбектің қуанышы.

5. Әуелбектің атадан қалған жалғыз тұяқ екенін сезінуі



Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр
125. Тақырыбы: Үш жігіт туралы хикая. Назым Хикмет.

(Аударған Әбілбай Омаров)

Мақсаты: Оқушыны түріктің белгілі ақыны және жазушысы Назым Хикметтің «Үш жігіт туралы хикая» атты әңгімесін дұрыс, түсініп, жалғастырып оқу, әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім?( Әуелбек). Әуелбек үшін кино қай сөзден кейін оның әкесі туралы киноға айналды? (- Әне, анау жүрген сенің әкең, - деді ...). Ол неге сонша қуанды деп ойлайсың? Әуелбектің қуануы саған қандай сезім туғызды?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Соғыс жайлы тағы не білесің? Қандай батырлар жайлы әңгімелегің келеді. Сенің ойың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: 1. кіріспе. Назым Хикмет –түріктің белгілі ақыны әрі жазушысы және қоғам қайраткері. Оның балаларға арнап жазған шығармалары да көп. Солардың бірі – «Үш жігіт туралы хикая». 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімедегі үш жігіт қайда тұрушы еді? Олар неге ұқсас бопты? Олар не іздеген? Ертедегі Өлместің тасын іздеп шаршағанбірінші және екінші жігіттің көрген қиындығын айт. Ондағы салыстыруды ата.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Үшінші жігіттің әрекетін кітаптан тауып оқы. 2. Мына мақалдарды толықтырып жаз. Жоғарыдағы ертегі мазмұнына сәйкес келетін мақалды тап.

  1. Іздеген жетер мұратқа.

  2. Жан қиналмай, жұмыс бітпес,

Талап қылмай, іс бітпес

ҮІІ. Қорыту. Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға және не үйренуге болады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу, суретін салу. 2. Бағалау.

126. Тақырыбы: Акула. Лев Толстой.



Мақсаты: Оқушыны орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойдың «Акула» атты әңгімесін дұрыс, түсініп, жалғастырып оқу, әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, адамгершілікке тәрбиелеу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімедегі үш жігіт қайда тұрушы еді? Олар неге ұқсас бопты? Олар не іздеген? Ертедегі Өлместің тасын іздеп шаршағанбірінші және екінші жігіттің көрген қиындығын айт. Ондағы салыстыруды ата.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға және не үйренуге болады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер «Акула» туралы не білесіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Лев Толстой – орыстың ұлы жазушысы. Ол «Әліппе» және басқа да оқулықтар жазған. Оның әлемге әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» атты романы, балаларға арнап жазған көптегенәңгімелері бар. түріктің белгілі ақыны және жазушысы Назым Хикметтің «Үш жігіт туралы хикая» атты әңгімесін дұрыс, түсініп, жалғастырып оқып көрелік. 2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып, теріп оқу. Әңгімеден ең қауіпті жер суреттелген тұсты тауып оқы. Осы кезде өзің қандай сезімде болғаныңды айт. Сөздік жұмыс. Зәкір – кемені суда ұстап тұратын тетік. Білте – зеңбіректі от алдыратын тұтандырғыш зат.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Оқиға қай жерде болған? Капитан не деп айғайлады? Екі бала не істеп жүр еді? Балалар ашық теңізде жүзіп жүрген кезде кемедегілер акуланы көріп қандай кійге түседі? Балалар қалай аман қалады?

ҮІІ. Қорыту. Акула қандай жануар? Сен оны көрдің бе? Ол жайлы не білесің? Егер сен сол екі баланың орнында болсаң не істер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу, суретін салу. 2. Бағалау.

127. Тақырыбы: Ат пен Есек. Иван Крылов (Аударған Ыбырай Алтынсарин)



Мақсаты: Оқушыны Иван Крыловтың «Ат пен есек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, досына уақтылы көмек көрсетпей, соңында өзі азап шеккен аттың мүшкіл хәлімен таныстыра отырып, баланы адамгершілікке тәрбиелеу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Оқиға қай жерде болған? Капитан не деп айғайлады? Екі бала не істеп жүр еді? Балалар ашық теңізде жүзіп жүрген кезде кемедегілер акуланы көріп қандай кійге түседі? Балалар қалай аман қалады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Акула қандай жануар? Сен оны көрдің бе? Ол жайлы не білесің? Егер сен сол екі баланың орнында болсаң не істер едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ат, есек деген жануарларды көргенің бар ма? Олар қадай жануарлар? Адамға қандай пайдасы бар?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Орыс халқының мысалшы жазушысы Иван Крыловтың «Ат пен есек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып көрелік. Есек атқа қандай өтініш айтады? Ат өзінің істеген қылығына неге өкінді? Мысалдан қандай ой түюге болады?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлеңнен Есектің сөзін тауып, мазмұнына сәйкес ырғақпен оқы. 2. Шығарманың мысалға жататынын дәлелде. (Мысал дегеніміз не? Есіңе түсір.). 3. Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады?

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы өттік? Ат пен Есек қандай адамдардың рөлінде деп ойлайсың? Біздің арамызда осындай адамдар болуы мүмкін бе?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

128. Тақырыбы: Жарты ат. Балық құрсағында. Эрих Распе.

(Аударған Оспанхан Әубәкіров)

Мақсаты: Оқушыны Эрих Распенің «Жарты ат», «Балық құрсағында» қияли әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, қиалдағы аттың екіге бөлініп қалуы, балықтың ішінде еркін әрлі – бері жүруі, яғни қиялдан шыққан әңгімесі арқылы баланы қиялдай білуге баулу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Есек атқа қандай өтініш айтады? Ат өзінің істеген қылығына неге өкінді? Мысалдан қандай ой түюге болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ат пен Есек қандай адамдардың рөлінде деп ойлайсың? Біздің арамызда осындай адамдар болуы мүмкін бе?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Эрих Распе – неміс жазушысы. Ол ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген. Жазушы өзінің ғажайып әңгімелерін Мюнхаузен деген әзілкеш адамның басынан кешкен оқиғалары негізінде жазып шыққан. Оның әңгімелері таңғажайып оқиғаларға толы.

- Атыңыздың жартысы сол жерде жайылып жүр, - дейді сарбазым.

- ... Соқ өтірікті! Сенбесеңдер, төмендегі әңгімені оқып көріңдер.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімелерді түсініп жалғастырып оқу.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Мюнхаузен қандай елдерде болды? Мюнхаузеннің хикаялары мен қазақтың халық шығармасы «Қырық өтіріктің» арасында ұқсастық бар ма?

Мюнхаузеннің хикаялары мен қазақтың халық шығармасы «Қырық өтіріктің» таңғажайып қызықтарды кесте бойынша жазып, салыстыр. Не байқағаныңды айт.



«Қырық өтіріктің»

Мюнхаузеннің хикаяларында







ҮІІ. Қорыту. Осыған ұқсас тағы қандай әңгімелерді оқыдың? Ортаға сала ғой.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

129. Тақырыбы: Телефонмен айтылған ертегілер. Джанни Родари.

(Ғажайып жаңбыр, Шоколадтан салынған жол, Алисаның арманы)

Мақсаты: Оқушыны итальян жазушысы Джанни Родаридің «Телефонмен айтылған ертегілер» атты қызықты шығармаларынан «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол», «Алисаның арманы» алынған қызықты оқиғаларды түсініп оқуға үйрету, байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын жетілдіру дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Эрих Распе өзінің ғажайып әңгімелерін Мюнхаузен деген әзілкеш адамның басынан кешкен оқиғалары жайында не айтқан? Мюнхаузен қандай елдерде болды? Мюнхаузеннің хикаялары мен қазақтың халық шығармасы «Қырық өтіріктің» арасында ұқсастық бар ма?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзің қандай оқиға ойлап табар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Джанни родари – итальян жазушысы. Родаридің балаларға арналған «Чиполлиноның бастан кешкендері», «Телефонмен айтылған ертегілер» атты қызықты шығармаларымен танысайық. 2. Оқулықпен жұмыс. Кластағы оқушыларды үш топқа бөліп, үш тақырыпты жеке әр қайсысы оқып, іштерінен бір оқушы шығып әңгімелеуі керек. Пьомбиноға қандай жаңбыр жауды? Кәмпиттен жауған жаңбырды көргенде балалар не істеді? Алиса туралы ертегіні оқып отырған кезде сен нені армандадың? Алисаның ішкі ойын тауып оқы.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгімені оқығанда көз алдыңа нені елестете аласың? Ағайынды үш жігіт қыдырып жүріп неге кезікті? Әңгімеде сені не қызықтырды? Барлық бала қызығып оқитын Джанни Родаридің қандай кітаптары барын білесің? Алисаның арманы осы оқулықтан оқыған қай әңгімеге ұқсайды?

ҮІІ. Қорыту. Егер Алиса қауашықтың ішінен шыға алмаса, не болар еді деп ойлайсың? Өзіңнің осы арман-қиялыңды әңгімелеп жазып көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

130. Тақырыбы: Қайтпас, қайсар қалайы солдат. Ханс Кристиан Андерсен.

(Аударған Ғаббас Жұмабаев.)

Мақсаты: Оқушыны дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің «Қайтпас, қайсар қалайы солдат» атты ертегісін түсініп оқуға үйрету, байланыстырып сөйлеуге, ертегінің тәрбиелік мәнін аша білуге, көркем сөз ерекшелігін ұғына білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Пьомбиноға қандай жаңбыр жауды? Кәмпиттен жауған жаңбырды көргенде балалар не істеді? Алиса туралы ертегіні оқып отырған кезде сен нені армандадың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгімеде сені не қызықтырды? Барлық бала қызығып оқитын Джанни Родаридің қандай кітаптары барын білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Ханс Кристиан Андерсен – дат жазушысы. Ханс Кристиан Андерсеннің балаларға арнап жазған ертегілері өте қызықты. Оның ертегілерінің бас кейіпкерлері – жаны мен ары таза, ғажайып талантты жандар. 2. Оқулықпен жұмыс. Ғажайып ертегіні түсініп оқу. Қалайы солдаттың қайсарлығын дәлелдейтін жерлерін тауып оқы.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Неше қалайы солдат болыпты? Олар қандай еді? Бала қалай қуанды? Оны не үшін әкелген еді? Бала қалайы солдаттарды қайда қойды? Содан кейін не болды? Қалайы солдаттың басынан кешкен оқиғаларын баяндап айтып бер.

ҮІІ. Қорыту. Саған бұл ертегі ұнады ма? Ұнаса несімен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу, суретін салу. 2. Бағалау.

131. Тақырыбы: Киттің жұтқыншағы неге мұндай? Редьярд Киплинг.



Мақсаты: Оқушыны ағылшын жазушысы Редьярд Киплингтің «Киттің жұтқыншағы неге мұндай?» әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет