1. ӘДІС, ТӘСІЛ, СТРАТЕГИЯ АРАҚАТЫНАСЫ
Жалпы зерттеу құралдарына түрлі
процедуралар, әдістер, тәсілдер,
әдістемелер, жүйелер мен әдіснамалар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі
логикалық қатарды құрайды.
Әдістеме – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу
жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
Әдіснама - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің
жиынтығы.
Жүйе – күрделі құбылыстар мен үдерістерді зерттеу үшін қажетті
техникалық құралдар мен әдістердің жиынтығы.
Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір
немесе
бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға
немесе іс-тәжірибеге негізделген түрі.
Әдіс (гректің mеtоdоs)еtоdоs)оdоs)dоs)оdоs)s)) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және
әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып
білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл.
Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету
тәсілі ретінде қарастырады.
Тұтастай алғанда, әдіс - іс-тәжірибелік және
теориялық әрекеттерді шынайы меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді
шешудегі
операциялардың,
бірдей
тәсілдердің
жиынтығы.
Педагогтер оқыту әдісі туралы түсінікті әртүрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны
«танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе оқытушының іс-әрекеті
мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев
оқыту әдісін
«білім беру тәсілдерінің үйлесімді жиынтығы» деп көрсетеді.
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып
білудегі әдіс-тәсіл ретінде қарастырылады. Осы түсініктерді негізге ала
отырып, оқыту әдісі – бұл студент пен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара
байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жиынтығы деуге
болады.
Әдіс (метод) дегеніз - әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу
жолы, амалы, яғни ол әр ғылымның өз нысанын теориялық тұрғыдан зерттеуде
қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Мысалы, биология ғылымында –
биологиялық әдіс, тіл ғылымында –структуралық әдіс деген сияқты.
Әдіс белгілі дәрежеде, әдіснамаға тәуелді, соған бағынады. Әдіснама
дүниедегі алуан түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан танып-білудің жалпы
ұстанымдарын белгілейді. Әрбір ғылым өз нысанын зерттеуде қандай әдіс
қолданса да, оны ортақ әдіснамалық ұстанымға бағындырады.
7
Оқыту әдістері –
тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен
мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Оқыту әдісінің маңызды белгісі –
дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық
мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі
қосымша
болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз.
Сонымен әдіс – қойылған мақсатқа жетудің жоспары. Ол жоспар
зерттеудегі әрекеттерді үйлестіреді, бір жүйеге түсіреді. Кез келген жоспар
қойылған мақсатқа жетуде бірнеше кезеңдерден,
әрекеттердің бірізділігінен
тұрады. Басқаша айтқанда әдіс – зерттеудің, танымның жалпы қағидаларына
негізделген бірізді кезеңдердің жиынтығы. Кез келген зерттеу нысаны мен
зерттеу әдісі арасында біржақты байланыс бар.
Тәсіл – ол бір әдістің ішіндегі одан гөрі ұсақ, одан гөрі нақтылау болып
келген іс жүргізу амалы. Тәсіл қажетті материалды қалай жинауды, қалай
екшеп сұрыптауды, қалай топтап жіктеуді айқындап береді.
Бұл жағынан
алғанда тәсіл әдістің көмекші құралы қызметін атқарады. Ол зерттеушінің
зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету
үшін қолданған тәжірибелік амал. Зерттеуші өзінің алдына қойған мақсатына
жету үшін белгілі бір зерттеу әдісін, немесе әдістерін таңдап алады. Содан
кейін қажетті материалды жинап алғаннан кейін оны сұрыптап, жүйеге
келтірудің амал-тәсілдерін іздестіреді. Осындай
зерттеудің амалдары мен
жолдары зерттеудің тәсілі болып табылады. Тәсіл әдістен туындайды. Ол –
зерттеушінің мақсатына жету үшін қолданған құралы. Тәсіл мен әдіс бір
бірімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: