С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері



бет18/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

3.2 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері

  • Науқастардың алдын-алу, диагностика, емдеу, оңалту шараларын жүргізеді.

  • Мамандандырылған, шұғыл дәрiгерлiк және басқа да медициналық көмектi қамтамасыз етеді

  • Науқасты жүргізу тактикасы.

  • Науқасты зерттеу жоспарын жетілдіру.

  • Клиникалық қадағалау мен зерттеу, анемнез жинастыру, клиникалық-лабораториялық және инструменталды зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, диагноз қою (дәлелдеу).

  • Науқасты емдеу әдісі мен тәсілдері, сонымен қатар медициналық нұсқаулардың заттары мен бұйымдарын таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.

  • Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.

  • Емдеу, реабилитация, сақтандыру сауалдары бойынша басқа қызметтер мен мамандармен өзара қарым-қатынас жүргізеді.

  • Денсаулық орталықтарымен бірегей салауатты өмір салты, рационалды тағамдану жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

  • Емізу, шыңдау, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға, мектепке даярлау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммундық алдын-алу сауалдары бойынша кеңес береді.

  • Аурулардың ерте және жасырын түрлері мен тәуекел факторларын анықтау жұмысын жүргізеді.

  • Диагностикалық, емдік-сауықтыру, реабилитациялық іс-шаралар кешенін ұйымдасырады.

  • Жүктілік диагностикасы, жүктілік барысын бақылау, экстрагенитальды патологияларды анықтау мен емдеу, босануға психикалық даярлау жұмысын жүргізеді.

  • Жүктілік пен босануға қарсы көрсетілімдерді анықтап, жүктілікті үзуге жолдама береді.

  • Босанғаннан немесе жүктілікті үзгеннен кейінгі әйелдердің реабилитациясын жүргізеді.

  • Науқастардың жұмысқа қабілетсіздігін анықтап, оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді.

  • Еңбектің жеңілдетілген жағдайына ауысуды, санаторлық-курорттық ем алуға нұсқаулардың бар-жоғын анықтайды.

  • Бекітілген халықтың денсаулық жағдайының талдамын, медициналық құжаттарды, есеп-қисабын жүргізеді.

  • Ауруларды емдеу мен алдын-алудың жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзіне енгізеді.

  • Оған бағынған орта және кіші мед.қызметкер жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.

Дәрігердің жоғары нәтижелі еңбегі – мейірбикенің өзара түсіністігі арқасында іске асады. Орта медицина қызметкерлері БМСК ұйымдарының бірінші қатарында болуы тиіс, себебі, олар халыққа, отбасыларға, қоғамға барынша жақын келіп, қажетті медициналық қызмет көрсете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет