Аппарат 3, 5, 10 және 15 минут сайын аралықта АҚ көрсеткішін тіркейді және өлшеген уақытын қоса есте сақтау блогына жазып алады.
Аппарат қосылып тұрса да, адам жүре алады және күнделікті істерімен айналысуына да болады.
Келесі күні аппаратты медициналық қызметкер шешеді. Есте сақтау блогындағы мәліметтер санды-әріп жазба түрінде шығады және дәрігер қорытынды жасайды.
Сурет 53
АҚТМ қолдану техникасы
Қарқынды емдеу бөлімдерінде ұзақ уақыт бойы физиологиялық пкөрсеткіштерді бақылайтын кардиомониторларды қолданады: АҚҚ деңгейі, жүрек жиырылысының жиілігі, пульс жиілігі [32].
Су тепе-теңдігі – бұл ағзаға түскен сұйықтықпен (ішкен сұйықтық, инфузиялар) және тәулігіне шыққан несеп санының айырмашылығы.
Тәуліктік диурез (тәулігіне бөлінген зәр көлемі) үлкен адамдарда жасына, температураға және қоршаған ортаның ылғалдылығы, тамақтану жағдайы, физикалық күшке және басқа факторларға байланысты 800 мл-ден 2 л-ге дейін аралықта өзгеріп тұрады. Қалыпты жағдайда барлық түскен сұйықтықтың 68-80% зәрмен шығады, ал қалғандары термен, тыныспен және үлкен дәретпен шығады.
Тәуліктік диурезді анықтау науқастарда жасырын ісікті анықтау, зәр айдайтын дәрілердің әсерін бақылау мақсатында жүргізіледі. Науқас 3 күн зәр айдайтын дәрілерді қабылдамауы қажет. Науқасқа тамақтардағы сұйықтықтың пайыздық мөлшерін түсіндіру [7, 26].
Шараның орындалуы:
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
6. Есепке алу қағазындағы мәліметтерді формула бойынша су тепе-теңдігін есептеуді жүргізу: шыққан зәр мөлшері*0,8 (80%) = қалыпты жағдайда бөлінуге тиіс зәрдің мөлшері.