Клиникалық қадағалау мен зерттеу, анемнез жинастыру, клиникалық-лабораториялық және инструменталды зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, диагноз қою (дәлелдеу).
Науқасты емдеу әдісі мен тәсілдері, сонымен қатар медициналық нұсқаулардың заттары мен бұйымдарын таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.
Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.
Емдеу, реабилитация, сақтандыру сауалдары бойынша басқа қызметтер мен мамандармен өзара қарым-қатынас жүргізеді.
Денсаулық орталықтарымен бірегей салауатты өмір салты, рационалды тағамдану жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
Емізу, шыңдау, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға, мектепке даярлау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммундық алдын-алу сауалдары бойынша кеңес береді.
Аурулардың ерте және жасырын түрлері мен тәуекел факторларын анықтау жұмысын жүргізеді.
Жүктілік диагностикасы, жүктілік барысын бақылау, экстрагенитальды патологияларды анықтау мен емдеу, босануға психикалық даярлау жұмысын жүргізеді.
Жүктілік пен босануға қарсы көрсетілімдерді анықтап, жүктілікті үзуге жолдама береді.
Босанғаннан немесе жүктілікті үзгеннен кейінгі әйелдердің реабилитациясын жүргізеді.
Науқастардың жұмысқа қабілетсіздігін анықтап, оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді.
Еңбектің жеңілдетілген жағдайына ауысуды, санаторлық-курорттық ем алуға нұсқаулардың бар-жоғын анықтайды.
Бекітілген халықтың денсаулық жағдайының талдамын, медициналық құжаттарды, есеп-қисабын жүргізеді.
Ауруларды емдеу мен алдын-алудың жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзіне енгізеді.
Оған бағынған орта және кіші мед.қызметкер жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.
Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды [18].
Дәрігердің жоғары нәтижелі еңбегі – мейірбикенің өзара түсіністігі арқасында іске асады. Орта медицина қызметкерлері БМСК ұйымдарының бірінші қатарында болуы тиіс, себебі, олар халыққа, отбасыларға, қоғамға барынша жақын келіп, қажетті медициналық қызмет көрсете алады.