С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері



бет19/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

3.3 Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері

  • Амбулаторлық қабылдау жүргізеді.

  • Науқастың мейірбикелік көмекке тапшылығын бағалау (мейірбикелік диагноз), науқастарды зерттеу, емдеу, күту жоспарын құрып, емнің нәтижелілігін, жалпы жағдайының динамикасын бағалап, деректерді ауру тарихына белгілеп, науқастардың күнделікті күтімін жүргізеді.

  • Науқастардың күтімін емдік-алдын-алу мекемеде немесе үй (патронаж) жағдайында орындайды.

  • Азаматтарға біріншілік медициналық көмек көрсетеді, соның ішінде жедел жағдайдағы дәрігерге дейінгі, паллиативті көмек.

  • Зертханалық тексерулерге талдамаларды алады, бөлімшедегі дәрілік кіріс-шығысты санап, дәрілердің есебін, сақталуы мен қолданылуын қамтамасыз етеді.

  • Дәрігерлік тағайындаулардың орындалуын қамтамасыз етеді.

  • Науқастардың күтімін, дәрілерді ағза ішіне енгізілуін орындаумен қатар, науқасарды диагностикалық зерттеулерге дайындап, электрокардиография жүргізеді.

  • Науқастар мен олардың туысқандары арасында санитарлық-ағарту жұмысты жүргізеді. Есеп-қисаптық медициналық құжаттарды толтырады.

  • Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды.

  • Осылайша, дәрігер мен мейірбике – БМСК ұйымдарындағы медициналық қызметтерді көрсетудің барлық жүйесіне әсер ететін доминантты жұп.

Амбулаторлық-емханалық көмек - қозғалмалы медициналық кешендегі жылжымалы медициналық бригадамен, кеңес-диагностикалық пойыздармен климатгеографиялық жағдайлардың ескерілуімен, медициналық ұйымнан шалғайда орналасқан немесе жол қатынасы нашар елді мекендерге көмек көрсете алады.

      1. Стационардың жұмысын ұйымдастыру

ЕАМ стационар типі келесі құрылымнан тұрады:


Емдеу-диагностикалық бөлім:

  • қабылдау бөлімі, мұнда изолятор болуы қажет (диагностикалық палаталар);

  • мамандандырылған емдеу бөлімшелері (терапиялық, хирургиялық, неврологиялық және т.б.);

  • ота жасалатын блок;

  • реанимация және шұғыл көмек көрсету бөлімшесі;

  • диагностикалық бөлімшелер: рентгенологиялық бөлімше (кабинет); функциональды диагностика бөлімшелері; патологиялық-анатомиялық бөлімше; зертханалар және т.б.;

  • емдік дене шынықтыру және физиотерапия бөлімшелері, сәулемен емдеу бөлімшесі, гемодиализ және гемосорбция бөлімшелері және т.б.; 

Әкімшілік-шаруашылық бөлім:

  • директордың және орынбасарларының кабинеті;

  • бухгалтерия;

  • дәріхана;

  • орталықтандырылған стерилизация жасайтын бөлім;

  • тағам тарататын бөлім, тамақ пісіру бөлімі;

  • кір жуу бөлімі;

  • от жағу бөлімі.

Көрсетілген әртүрлі бөлімшелердің болуы берілген аурухананың қызметінен, көлемінен, диагностикалық және емдеу міндеттерінің қалада (ауданда) орталықтандыру деңгейіне байланысты.
Аурухананың жер бөлігі үш аймаққа бөлінеді: ғимараттар, шаруашылық құрылымдар орналасқан аймақ және көгалдандырылған қорғаныш аймағы. Емдеуге арналған аймаққа және шаруашылық аймақтарына бөлек кіретін жолдар болу керек.
Барлық аурухананы директор басқарады, оны жоғарыда орналасқан денсаулық сақтау ұйымы бекітеді және жұмыстан босатуға құқылы немесе ұжымның жиналысында таңдап алуға болады. Директор аурухананы басқаруға өзі құқылы, өзі және орынбасарларына жауапкершілік артылады: ұйымдастырылуына, емдеу-диагностикалық үдерістің сапасына және деңгейіне қазіргі уақыттағы ғылыми және тәжірибе талаптарына сай, материалды-техникалық базаның жағдайына жауапты және санитарлық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуына, аурухананың медициналық қызметкерлерінің білімділігін жоғарылатуын қамтамасыз етеді [19].
Науқастарды қабылдау қабылдау бөлімі арқылы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет