бет 36/142 Дата 19.04.2024 өлшемі 5.86 Mb. #499222 түрі Оқулық
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б. АІЖ алдын -алу
АІЖ алдын-алуға стационарда АІЖ таралуын және дамуын алдын алатын іс-шараларды ұйымдастыру жатады [25, 32].
1.Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау бойынша іс-шаралар:
Емдік-алдын-алу мекемедегі қоршаған ортадағы объекттерді санитарлы-бактериологиялық зерттеу, әсіресе жан сақтау және интенсивті терапия бөлімінде ;
Аурухана ішілік инфекция жағдайын тіркеу, есепке алу және аурушаңдық анализі;
Аурухана ішілік инфекция қоздырғышын анықтау;
Микроорганизмдердің антибиотиктерге , антисептиктер-ген, дезинфектанттарға тұрақтылығын анықтау;
Медицина қызметкерлерінің денсаулығын қадағалау (аурушаңдық, бактерия тасымалдаушылық);
Емдік-алдын-алу мекемедегі санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді ұстануды қадағалау;
Аурухана ішілік инфекциямен ауыратын науқастарды дер кезінде анықтау;
Әр аурухана ішілік инефкция жағдайында эпидемиолгиялық тергеу жұмыстарын жасау;
Науқастарды дер кезінде арнайы бөлімше, палаталарға орналастыру ;
Медицина қызметкерлері арасында аурухана-ішілік инфекция тасымалдаушылар көзін анықтау;
Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында қоздырғыш тасымалдаушыларды санациялау;
Аурухана ішілік инфекцияның берілу механизмдеріне қарсы іс-шаралар:
Науқастарды «іріңді» және «таза» топқа жіктеу;
Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша карантинді іс-шараларды кірістіру ;
Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуі;
Операция аймағын, тері қабаттары, босану жолдарын өңдеу;
Бір ретті қолданылатын медицина құралдарын , арнайы киімдерді, дәретхана жабдықтары мен төсек жабдықтарын қолдану;
Іш киімдері мен төсек жабдықтарын кезеңді ауыстыру;
Кір киімді және таңу заттарын дұрыс сақтау , жою;
Бөлмелерді дұрыс санитарлық қадағалау;
Әр пациенттен кейін төсек жабдықтары мен күтім заттарын дезинфекциялау және стерилизациялау;
Дезинфекцияны, стерилизация алды тазалау мен стерилизация сапасын қадағалау.
Науқастарды бокс палаталарына жатқызылуына дейін баратындай бір-бірінен алшақ ұстау;
Ағза төзімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Әлсіз науқастарды жеке қадағалау ;
Микробқа қарсы заттарды рационалды қолдану;
Иммунитетті көтеруге арналған дәрілік заттарды қолдану: иммуномодуляторлар, дәрумендер;
Емдік-алдын-алу мекеме қызметкерлерін эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша вакцинациялау.