С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы



бет52/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы


Гипохлорит кальций хлор әгімен салыстырғанда тасымалдауға және ұзақ мерзімге сақтауға ыңғайлы, суды залалсыздандыру, ағарту, су қоймаларын дезинфекциялау және зарарсыздандыру және т.б. мақсатта қолданады.
Негізгі ақ түсті гипохлорид кальцийдің 5% ерітіндісі 10 л суға 500 г гипохлорид кальций ұнтағын қосып 30-45 минутқа қара түсті шыны немесе тығындысы бар пластмасс ыдыста дайындалады, дайындалғаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға жарамды. Арнайы маркасы бар ыдыста дайындалған күні көрсетілгеннен бастап 10 күнге жарамды. 5 % гипохлорид кальций ерітіндісінен жасалған дезинфекциялық ерітінділер: 

  • 0,5% гипохлорид кальций ерітіндісі - 5% ерітіндіден 500 мл ерітіндіні 10 л суға; 

  • 1% гипохлорид кальций ерітіндісі - 10 л суға 1 л ерітінді

  • 3% гипохлорид кальций ерітіндісі - 10 л суға 3 л ерітінді. 

Бұл ерітінділер қолданардың алдында дайындалып, күнделікті ауыстырылып отырады. 
    1. Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары


Медициналық қызметкер күнделікті химиялық заттардың кедергі әсеріне ұшырау қаупіне ұшырайды, сондықтан қауіпсіздік мақсатында қауіпті минимумға дейін төмендететін шараларды ұстану қажет [6, 7, 17, 32].

  • Қолданылатын химиялық заттарға жоғары сезімталдығы барларға олармен жұмыс істеуден шектетеді.

  • Дезинфекциялық заттардан жұмыс ерітінділерін дайындау жақсы желдетілген бөлмелерде жүргізіледі.

  • Ерітінділерді және өңделетін объектілерді тығыз жабылатын сыйымдылықта сақтау.

  • Препараттардың қосалқы қорларын ортақ қолданылатын жерлерден қол жетімсіз жерде қараңғы ыдыста, құрғақ, қараңғы және салқын жерде сақтау.

  • Барлық дезинфекциялық заттар мен ерітінділер сыртында аты, концентрациясы, жасалған күні және сақталу мерзімі көрсетілген этикеткалары болуы керек.

  • Бөлімдерде дезинфекциялық заттарды және олардың ерітінділерін балалар мен дезинфекциямен айналыспайтындарға емдік препараттардан бөлек құлыпталған жерде сақтайды.

  • Жуу мен залалсыздандырудың барлық кезеңдері қалдық дезинфекциялық заттар мен ерітінділерді өңделетін нысандардан максималды жою тізбегін және орындалу тәртібін сақтау.

  • Келесі ережелерді есте сақтаған жөн: дезинфекциялық заттарды суға қосу, керісінше емес; дезинфекциялық заттарды ескі ерітіндіге қоспау.

  • Дезинфицирлейтін ертіндінің жарамды уақыты мен концентрациясын қатаң бақылайды

  • Жұмыс аяқталған соң қолды жуып, жұмсартушы жақпа майын жағу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет