С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Басы денесінен төмен горизонталды қалып



бет87/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Басы денесінен төмен горизонталды қалып

Көп қан кету


Жүрекке қанның келуін жоғарылату және мидың және ішкі ағзалардың қан-айналымын жақсарту.



  1. Антропометриялық өлшеу әдістері

Антропометрия (грек. antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшеміжәне басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері ағзаның функционалды жағдайын көрсетеді және денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар [6, 7]. 
Өлшеуді тексеруден өткен өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл тоқыма киімде болуы керек.
Бойды өлшеу (дененің ұзындығы)
Дененің ұзындығын өлшеу үшін бой өлшегішті қолданады, ол алаңға бекітілген сантиметрлік шкалаға бөлінген вертикалды енсіз жұқа тақтайша. Вертикалды енсіз жұқа тақтайшада жоғары-төмен қозғалатын көлденең орналасқан планкасы бар (сурет 37).
Шараның орындалуы:

        1. Шараның мақсаты мен жасалуы туралы науқасқа түсіндіру, келісімін алу.

        2. Гигиеналық әдіспен қолын өңдеу.

        3. Бой өлшегішті жұмысқа дайындау.

        4. Бой өлшегіштің планкасын бойынан биікке көтеру.

        5. Н ауқасқа алаңның ортасына вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға арқасын тіреп тұруын өтіну (аяқ киімсіз).

        6. Науқас вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға 3 нүктесі тиіп тұруы қажет: өкшесі, жамбасы, жауырыны. Сыртқы есту тесігі мен көзі бір көлденең сызықта тұратындай деңгейде басын ұстап тұру.

        7. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың басына тигізе түсіреді (баспай).

        8. Планшеттің төменгі шетіндегі шкаладағы сан науқастың дене ұзындығын көрсетеді.


        9. http://bono-esse.ru
          Бой өлшегіш алаңынан абайлап шығуын сұрайды.

Сурет 37.
Науқастың бойын өлшеу
Өлшеу дәлдігі - 0,5 см дейін.
Бойды күннің бірінші жартысында өлшеген дұрыс, өйткені адамның бойы кешке қарай 1-2 см кішірейеді. Бұның себебі –шаршау, бұлшықет тонусының төмендеуі, омыртқа аралық шеміршек дискілерінің және тік жүру нәтижесінде табанның тегістелуі.

Дене салмағын өлшеу


Салмақ бойға қарағанда тұрақты көрсеткіш емес, бір тәулік ішінде 1-ден 1,5 кг дейін өзгеріп отырады. Дұрыс қойылған және тексерілген медициналық таразыда өлшеуді жүргізеді. Кәзіргі уақытта электрондық таразылар көп қолданылады (сурет 38).
Ө лшеуді таңертең аш қарынға, қуық пен ішекті босатқаннан кейін жасайды.
Шараның орындалуы:
1. Таразыны қосу
2. Сандық тақтадан 0 көрінуін тосу қажет.
3.Науқасқа алаңның ортасынатұруын өтіну(аяқ киімсіз), қажет болса науқасқа көмектесу.

http://mebelmed.ru
4. Таразы салмақты көрсеткенін тосу қажет.
5. Таразыдан түсуге науқасқа көмектесу.
6. Нәтижені тіркеу қажет. Сурет 38.
Дене салмағын өлшеу


Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу


Кеуде клеткасы шеңберін өлшеу үшін жұмсақ сантиметрлік лентаны қолданады.Өлшеуді қалыпты тыныс алғанда, барынша демді ішке алу мен шығару кезінде өлшейді (сурет 39).
Шараның орындалуы:
1. Науқасқа кеудесіндегі киімдерді шешуін өтінеміз.
2. Науқастың қолын сәл жанына көтеруін сұраймыз.
3. Сантиметрлік лентаны артынан – жауырын бұрышынан төмен,алдынан – төстің IV қабырғадеңгейіне (емшек ұшы маңы тұсында) қояды.
4. Үлкен сүт бездері бар әйелдерде лентаны төстің үстінен терінің сүт безіне өтетін аралыққа қояды.





spinazdorov.ru

Сурет 39
Кеуде шеңберін өлшеу


Кеуде клеткасы шеңберін демді ішке алу мен шығару кезінде өлшегендегі айырмашылық саны кеуде клеткасының қозғалысын көрсетеді және тыныс алу кезіндегі кеуде клеткасының экскурсиясы деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет