С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологиялардың негіздері


ISBN 978-601-333-047-1(каз.)



Pdf көрінісі
бет3/47
Дата15.11.2022
өлшемі3.07 Mb.
#464877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологияларды негіздері

ISBN 978-601-333-047-1(каз.) 
ISBN978-5-4468-3014-5
(рус.)
© Киселев С .В ., Киселев И .Л ., 2008 
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2008 
© Безендіру. «Академия» баспа орталығы, 2008 


 
 
 
Осы оқу құралын оқып зерделегеннен кейін сіз мыналарды білетін боласыз: 
желілік технологиялар туралы жалпы мәліметтерді; 
есептеуіш желілердің түрлерін, олардың жұмыс істеу қағидаларын; 
негізгі желілік хаттамалар мен қызметтерді; 
желілік жабдықтың негізгі компоненттерінің қолданысын; 
Интернет ғаламдық компьютерлік желісінің терминдері мен анықтамаларын; 
аппаратпен қамтамасыз етуге, бағдарламалық компоненттердің қолданысына 
және конфигурациясына қойылатын талаптарды; 
Интернет желісінің құрылымы мен ақпараттық ресурстары, провайдерлердің 
функциялары мен міндеттері туралы мәліметтерді; 
Интернетте дербестендіру қағидалары, веб-сайттар мен интернет- 
парақшалардың құрылымдары мен функциялары, каталогтармен және іздестіру\ 
жүйелерімен жұмыс жасау ерекшеліктері; 
желілік өзара әрекет етуді, интернетте қарым-қатынас құралын ұйымдастыру 
қағидасы; 
Интернетте жұмыс жасаудың этикасы мен қауіпсіздігі туралы бастапқы 
мәліметтерді. 
Осы оқу құралын оқып зерделегеннен кейін сіз: 
Windows операциялық жүйесінің негізгі желілік хаттамалары мен қызметтерін 
орната және баптай аласыз; 
жергілікті желіні Интернетке қосу үшін бағдарламалық жасақтаманы дұрыс 
орната және баптай аласыз; жергілікті желілердің қанағаттанарлықсыз жұмыс 
істеу себептерін іздей және жоя аласыз; 
қол жетімді желілік жабдықты тиімді пайдалана, жергілікті желіні диагностика 
жасай аласыз; 
электрондық пошта арқылы жұмыс істей алатын боласыз. 
 
 
Оқырманға


Желі –байланыс арнасы арқылы бір-бірімен байланысқан компьютерлер тобы. 
Байланыс арнасы желі ішіндегі деректермен алмасуды, яғни белгілі бір топтағы 
компьютерлер арасындағы деректермен алмасуды қамтамасыз етеді. Желі екі немесе үш 
компьютерден немесе бірнеше мың компьютерден тұруы мүмкін. Компьютерлер 
арасында мәліметтермен алмасуарнайы желілік кабель, телефон желісі, талшықты- 
оптикалық кабель немесе радио арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 
Жергілікті және ғаламдық желілерді ажыратуға болады. 
Жергiлiктi желiлер (ағыл.local — жергілікті) –бұл жақын орналасқан 
компьютерлерден тұратын, көбінесе сол бөлмеде, сол ғимаратта немесе жақын 
орналасқан ғимараттарда орналасқан желілер. Мысалы, офистегі бірнеше компьютер 
жергілікті желіге біріктірілуі мүмкін. Жергілікті компьютерлік желілер, белгілі бір 
кәсіпорын немесе фирманы қамтитын және бірыңғай ортада түрлі есептеу ресурстарын 
біріктіретін корпорациялық (ағыл.corporate — корпорациялық, жалпы) деп аталады. 
Бұған банктік желі мысал бола алады. 
Жергілікті желілердің ең маңызды сипаттамасы – деректерді беру жылдамдығы, 
сондықтан компьютерлерде деректерді беру жылдамдығы кемінде 10 Мбит / с жоғары 
жылдамдықты адаптерлер арқылы қосылған. Жергілікті желілерде жоғары 
жылдамдықтағы сандық байланыс желілері пайдаланылады. 
Сонымен қатар, жергілікті желілер оңай бейімделуі, икемді болуы тиіс: 
пайдаланушылардажеліге 
қосылған 
компьютерлердің 
болуы, 
қажет 
болған 
жағдайдакомпьютерге немесе басқа құрылғыларды қосуға немесе жылжытуға, сонымен 
қатар желіге кедергі келтірмей, оларды желіден ажыратуға мүмкіндігіболуы тиіс. 
Ғаламдық желілер (ағыл.global — әлемдік, дүниежүзілік) түрлі қалаларда, 
елдерде, әртүрлі құрлықта бір-бірінен қашықта орналасқан компьютерлерді немесе 
жергілікті желілерді біріктіреді. Ғаламдық желідегі байланыс үшін модемдер мен 
қалааралық байланыс желілері пайдаланылады. Тиісінше, жоғары жылдамдықты 
спутниктік және талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қатар, түпкі тұтынушылар 
телефон желілері негізіндетөмен жылдамдықты аналогтық қосылуларды жиі 
пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет