Тәжірибе. Пробиркаға 4 тамшы Sr(NO3)2 стронций нитратының ерітіндісін тамызып, оған 5-6 тамшы гипс суын қосады, су моншасында қыздырады және тұнба түзілуін бақылайды.
Тәжірибе жүргізу шарты.
Қыздыру тұнба түзілуін тездетеді.
SrSО4 тұнбасы бірден пайда болмайды, сондықтан қоспаны 10–15 минут қоя тұру керек..
2. Аммоний оксалаты (NH4)2C2O4 Sr2+ катионын ақ тұнба түрінде түсіреді:
Sr(NO3)2 + (NH4)2C2O4 → SrC2O4↓ + 2NH4NO3
Sr2+ + C2O42 → SrC2O4
3. Жалынның боялуы. Стронций тұздары түссіз жалынды кармин қызыл түске бояйды.
Са2+ катионына жеке реакциялар.
1. Аммоний оксалаты (NH4)2C2O4 (және т.б. қымыздық қышқылының ерігіш тұздары) Са2+ катионымен ақ түсті кристалдық тұнба түзеді:
СаСІ2 + (NH4)2C2O4 → СаC2O4↓ + 2NH4CІ
Са2+ + C2O42- → СаC2O4↓
Тәжірибе. Пробиркаға 3 тамшы СаСІ2 ерітіндісін құйып және сірке қышқылының ерітін-дісінің бір тамшысын қосып, сонан соң 3 тамшы (NH4)2C2O4 аммоний оксалатын және
1 – 2 тамшы аммиак ерітіндісін құйып, ақ түсті кристалдық тұнба түзілуін бақылайды.
Тәжірибе жүргізу шарты.
Тұнба түзілу басында рН 5-6 –да, соңынан рН 7-8-де жүргіхген дұрыс..
Ва2+ және Sr2+ катиондары реакцияның жүруіне бөгет жасайды.
Ва2+ және Sr2+ катиондары (NH4)2C2O4 аммоний оксалатымен дәл сондай ақ түсті кристалдық тұнба береді, бірақ бұл қосылыстардың ерігіштік көбейтінділері әр түрлі:
ЕКСа2О4 = 2,57 х 10-9; ЕКSrC2O4 = 5, 6 х 10-8; ЕКВаС2О4 = 1,6 х 10-7
Сондықтан, СаC2O4 кальций оксалаты тұнбасын іс жүзінде суда ерімейді деп есептеуге болады. Оксалаттардың сірке қышқылындағы ерігіштігі әр түрлі.Кальций оксалаты ерімейді, ал барий оксалаты стронций оксалатынан гөрі көбірек мөлшерде ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |