Бақылау сұрақтары:
1. Химиялық реакциялар жылдамдықтары
туралы ұғымды химиялық анализде қолдану.
2. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін жағдайлар.
3. Жалпы және тепе-теңдік концентрация. Мольдік үлес.
4. Әрекеттесуші массалар заңы – сапалық талдаудың теориялық негізі.
5. Электролиттік диссоциация теориясы.
6. Иондану дәрежесін анықтау.
7. Әлсіз электролиттердің иондану константасы мен иондану дәрежесі
арасындағы байланыс.
8. 1 л 15%-тік ерітінді (p = 1,09 г/см3) дайындау үшін (Na2HPO4·12H2O) натрий гидрофосфатының кристаллогидротының қанша грамы қажет? Жауабы: 163,5 г.
9. 35 г суда 15 г NaNO3 ерітіліп дайындалған ерітіндінің проценттік концентрациясы қаншаға тең? Жауабы: 30%
10. 5% ерітінді алу үшін 12 г NaСІ қанша грамм суда еріту қажет?
Жауабы: 228 г.
11. 180 г суда 20 г ВаСІ2·2H2O ерітілді. Алынған ерітіндінің проценттік концентрациясы қаншаға тең? Жауабы: 8,5%
12. 60 г суда 20 мл 40%-тік фосфор қышқылы (p = 1,254 г/см3) ерітілді. Ерітіндінің проценттік концентрациясы қаншаға тең? Жауабы: 11,8 %
13. Тығыздығы 1,14 г/см3 тең күкірт, хлорсутек, азот қышқылының молярлы және нормалды концентрациялары қаншаға тең?
Жауабы: 1) 2,23 M, 4,46н 2) 8,81 M, 3) 4,33 M
14. 2000 мл 0,055 н хлорсутек қышқылының ерітіндісінде қанша грамм қышқыл бар? Жауабы: 0,365 г.
15. 500 мл 0,05 н ерітінді дайындау үшін қанша грамм натрий гидроксиді қажет? Жауабы: 1 г
16.1,9 н фосфор қышқылы (p = 1,031 г/см3) ерітіндісінің молярлы концентрациясы қаншаға тең? Жауабы: 0,63 М
17.Тығыздығы 1,292 г/см3 тең 10 н Н2SO4 ерітіндісінің проценттік концентрациясы қаншаға тең? Жауабы: 38%
18. 2 л 5%-тік (p = 1,06 г/см3) ерітінді дайындау үшін 8 н NaOH қанша миллилитрі қажет? Жауабы: 331 мл
19. 1 л 0,05 М ерітіндісі ерітінді дайындау үшін 45%-тік сірке қышқылының қанша миллилитрі қажет? Жауабы: 6,47 мл
20. 0,1 н ерітінді дайындау үшін 725 мл 0,226 н натрий гидроксидіне қанша су қосу қажет? Жауабы: 914 мл.
21. 4 кг 5% Na2B4O7 ерітінді дайындау үшін бураның Na2B4O7·10H2O қанша грамм қажет? Жауабы: 379,1 г
22. 3000 г 50% ерітінді дайындау үшін 80%-тік және 20%-тік фосфор қышқылының қанша грамы қажет? Жауабы: 1500 грамнан
23. 200 г 20%-тік НСІ ерітіндісіне 100 мл су қосылды. Алынған ерітіндінің массалық үлесі (%) қандай? Жауабы: 13,3 %
24. 1 л 10%-тік ерітінді (p = 1,07 г/мл) ерітінді дайындау үшін 62%-тік күкірт қышқылының (p = 1,52 г/мл) қанша миллилитрі қажет? Жауабы: 113,5 мл
25. 200 м 10% НСІ (p = 1,05 г/мл) және 300 мл 30%-тік НСІ (p = 1,15 г/мл) ерітіндісі қосылды. Алынған ерітіндінің массалық үлесі (%) қандай?
Жауабы: 22,43 %.
26. 2 л 2 н ерітінді дайындау үшін 38,6%-тік күкірт қышқылы (p = 1,29 г/мл) ерітіндісінің қанша миллилитрі қажет? Жауабы: 393,8 мл
Глоссарий:
1. Еріген электролиттің жалпы молекула санының қанша бөлігі
иондарға ыдырайтынын көрсететін сан иондану дәрежесі
деп аталады. α = Сион / Сжалпы
2. Оствальдтың сұйылту заңы: Кион = сα2 / 1- α
3. Электролиттік диссоциация теориясын ұсынған ғалым С.Аррениус.
Достарыңызбен бөлісу: |