Тақырыпқа байланысты өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Плагиат дегеніміз не?
Плагиаттан қалай сақтануға болады?
Төл сөздерді қалай қолдануға болады?
Парафраз дегеніміз не?
Сілтеме жасаудың қандай стильдерін білесіз?
Неліктен өзге авторларға сілтеме жасауымыз қажет?
Плагиат жасаған кезде қандай жаза қолданылуы мүмкін?
Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
Кестедегі әрекеттердің дұрыс немесе бұрыс екенін табыңыз:
|
Әрекеттер
|
дұрыс
|
бұрыс
|
1
|
Бір адамның идеясын қолдана аламын.
|
|
|
2
|
Екі адамның жұмысын қолдана аламын.
|
|
|
3
|
Жалпыға белгілі немесе жалпы қабылданған идеяларға сәйкес қолдануға тиістімін.
|
|
|
4
|
Интернеттен алынған ақпараттарды, олардың қайдан алынғанын көрсетпей-ақ өз жұмысымда қолдана аламын.
|
|
|
5
|
Бір жұмысты екі түрлі пәнге тапсыра аламын.
|
|
|
6
|
Осы кезге дейін жарияланған мақаламның атын өзгертіп, басқа бір журналға жариялай аламын.
|
|
|
7
|
Біреуге өз жұмысымды тексертіп, көптеген түзетулеренгізе аламын.
|
|
|
Белгілі тілші, Қ.Жұбановтың тіл жөніндегі көзқарасы жайында үзінді оқып, жазба жұмысында қолданылу үшін плагиатқы жатпайтынын анықтаңыз және жауап нұсқаларын сәйкестендіріңіз:
«Бүгінгі адам баласының тілі – дыбыс тілі. Бүгінде «сөйлеген» және «дыбыстаған» дегенмен бір есеп. Бүгінде дыбыстағанның бәрі бірдей сөйлеген болмағанмен, сөйлегеннің бәрі дыбыстаған болып кеткен. Сөйлеген сөздерімізді қай-қайсысы да түрлі дыбыстардың түрліше құраласуы, орналасуы сияқты көрінеді». (Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы 2010, 43 бет).
Бүгінгі адам баласының тілі – дыбыс тілі. Бүгінде «сөйлеген» деген – «дыбыстаған» дегенмен бір есеп. Бүгінде дыбыстанғанның бәрі бірдей сөйлеген болмағанмен, сөйлегеннің бәрі дыбыстаған болып кеткен. Мәселен, сөйлеген сөздеріміздің қай-қайсысы да түрлі дыбыстардың түрліше құраласуы, орналасуы сияқты көрінеді. (Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы 2010, 43 бет).
Адам баласы сөйлегенде тілді қолданады. «Дыбыстаған дегеніміз – «сөйлеген» дегенмен бірдей. Дыбыстаудың барлығы сөйлеген деп қабылданады». (Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы 2010, 43 бет).
Қ.Жұбановтың пікірі бойынша, адам өз тілінде дыбыстарды қолданады және «дыбыстаған» деген ұғым – «сөйлеген» деген ұғыммен бірдей болып есептеледі. (Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы 2010).
Қ.Жұбановтың ойынша,»сөйлеген» дегеніміз –«дыбыстаған» дегенімізбен бірдей, сол себепті дыбыстаудың барлығы сөйлеп деп есептелмегенмен, сөйлеу дыбысталу ретінде қарастырылады. (Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы 2010, 43 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |