Мәселесі. Зерттеу жұмысында қандай мәселе көтерілген? Жұмыста қолданылған негізгі уәждер мен пікірлер.
Әдістемесі. Ғылыми жұмыс қандай әдістерді қолдана отырып жазылғаны немесе зерттеуде қандай дәлелдер қолданылған жазылады.
Нәтижесі. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша жасалған пікірлер мен анықталған жайттар.
Әсері. Жүмыстың нәтижесі салдарынан қандай өзгерістер болуы мүмкін? Жұмыстың өз тақырыбы бойынша зерттеуге қосатын үлесі қандай?
Аталған мәселені толық түсіну үшін «Түйіндеме жазудың сипаттамасы» деген тақырыпта жазылған мақаланың түйіндемесін оқып, бөлімдерінің мақсатын анықтап көрелік.
«Түйіндеме – академиялық жазылымның негізгі құрылымы және оқырман үшін жазылатын шағын мазмұн. Сондықтан, жақсы түйіндеме жазу кейбір студенттер үшін үлкен қиындық тудырады. Бұл мақала түйіндеме жазудың қиындығы түйіндеме жазудың негізгі қағидаралы мен жазудың құрылымын білмегендіктен туындайды деп көрсетеді. Аталған мәселені анықтау үшін бұл мақалада әр түрлі бағыттағы академиялық тұрғыдан жазылған 500 түйіндеме қаралып, 1000 студенттен сауалнама алынды. Сандық және сапалық талдаулар студенттердің түйіндемені түсіну деңгейінде жүргізіліп, негізгі мәселелер айқындалды. Зерттеу нәтижесінде студенттердің түйіндеме туралы түсінігін кеңейту және жазылым барысында оны көбірек талап ету сияқты екі мәселе анықталды.
Кілт сөздер: академиялық жазылым, түйіндеме, эссе құрылымы, ойды тұжырымдау.
Берілген түйіндеменің құрылымы мен жазылу мақсатын түсіну үшін мынандай ерекшеліктерін анықтаймыз:
Зерттеу мазмұнын анықтау. Түйіндеме академиялық жазылымның негізгі құрылымы. Түйіндеме нағыз оқырманның назырын тартушы құрал. Сол себепті де көртеген студенттер түйіндемені жазуды қиын санайды.
Зерттеу тақырыбын/проблемасын анықтау. Бұл мақала мынандай екі мәселені анықтайды. Біріншіден, студенттер жақсы түйіндеменің негізгі құрылымдарының қандай екенін түсінбейді, екіншіден, олар түйіндеме жазудың тәсілдерін қолдана алмайды.
Әдістемені көрсету. Бұл мақаланы анықтау үшін мақалада әр түрлі тақырыптағы 500 тарта академиялық түйіндемелер талданып, 1000 жуық студенттерден сауалнама алынады.
Негізгі анықталған жайтттарды көрсету. Сандық және сапалық талдаулар студенттердің түйіндемені түсіну деңгейінде жүргізіліп, негізгі мәселелер айқындалды.
Негізгі қорытындыны көрсету. Зерттеу нәтижесінде студенттердің түйіндеме туралы түсігінін кеңейту және жазылым барысында оны көбірек талап ету сияқты екі мәселе анықталды.
Кілт сөздер. Академиялық жазылым, түйіндеме, эссе құрылымы, ойды тұжырымдау.
Егер мақала онлайн арқылы ізделетін болса, онда кілт сөздерді жазу талап етіледі. Бұл оқырманға зерттеу бағыттары бойынша қажетті материалдарды тез табуға көмектеседі. Сонықтан, кілт сөздерді мақаланың тұжырымын беретін нақты сөздерді тауып қоюға тырысу керек.
Түйіндеме аз ғана сөзбен мейілінше көп ақпарат (тіпті, кіріспеден де көп мәлімет) беруге бағыттыалу ы тиіс және тілі нақты, түсінікті, түйінді болуы шарт. Түйіндеме мүмкіндігінше, тақырыпұа қатысты негзгі ойды білдіретін сөздерден басталауы керек.
Түйіндеменің қай түрі жазылса да, оны бірнеше рет қайта оқып, түзетіп отыру қажет. Қайта оқу барысында көлемді, мағынасыз және тым әсерлі сөздер мен сөз тіркестерін алып тастау керек. Идея, мүмкіндігінше, шағын көлемде беріліп, мағынасы айқын болуы тиіс. Түйіндемені жазып болғаннан кейін оны бағалау үшін мына сұрақтарды қолдануға болады:
Менің түәндемемен қаншалықты нақты? Ол жұмыста қамтылған ақпаратты қаншалықты қамтыған?
Менің түіндемем қаншалықты ықшам? Мен негізгі ойды қаншалықты ықшамдап бере алдым?
Менің түйіндемем қаншалықты түсінікті? Бұл сала қызметімен таныс емес оқырмаға қаншалықты түсінікті болады?
Достарыңызбен бөлісу: |