Сабақтыңбасы
|
Оқушылармен сәлемдесу
Әңгімелесу:
Балалар, біз «Сәулет өнері» бөлімін бастаймыз.
Біздің қаламызда қандай әдемі ғимараттар бар?
- Неліктен сәулет нысандары әртүрлі?
Олар не үшін қажет?
Оқушыларға екі түрлі ғимараттың суреті көрсетіледі.
Бұл ғимараттар немен ерекшеленеді?
Бұл ғимараттар қай қалада орналасқан?
Бұл ғимараттардың сырт пішіні қандай?
Әр ғимарат неше бөліктен тұрады?
Балалар бүгінгі сабақта біз музыкалық форма туралы айтатын боламыз. Музыкалық форма да осы ғимараттар сияқты әр түрлі бөліктерден тұрады. Әндердің музыкалық формасын анықтауды ажыратуды үйренеміз.
Тапсырма 1. Әндерді тыңдау және талдау
Олай болса сабағымызды ән тыңдаудан бастайық
Балалар қазір біз өткен сабқтардың бірінде үйренген әнді және жаңа әнді тыңдаймыз. Әнді тыңдаған кезде әннің құрылымына көңіл бөліп, әуеніне көңіл бөліп отырыңыздар.
«Дала әуендері» сөзі: С. Қалиев, әні: Б. Қыдырбек«Әуендер сарайы» сөзі: Е.Тілепбердиев, әні: Х. Сетеков
Талдауға арналған сұрақтар:
Әндерде неше шумақ бар?
Ал неше қайырма бар?
Балалар бұл әндердің құрылысында қандай айырмашылық байқадыңыздар?
Қай ән шумақты форма, ал қай ән шумақты қайырмалы формаға сәйкес? Неліктен?
|