Сабақ: 1 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 3


-тапсырма. Тыңдау және талдау



бет69/95
Дата17.01.2023
өлшемі3.29 Mb.
#468489
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95
3 МУЗЫКА КМЖ

1-тапсырма. Тыңдау және талдау.
(МК, Ұ) Музыканы тыңдау: «Музыкалық қоржын», музыкасын жазған Г.Абдрашева мен Ә. Бүшікова. Қоржыннан шыққан ойыншықтарды: түйе, қоян, жылан, құс музыкалық пьесаларымен салыстырып, ұқсастығын тауып алу.
-Ойыншықтарға қайсы музыка көбірек сәйкес келеді деп ойлайсыңдар?
Музыканы сипаттайтын сөздердің ішінен дұрысын тауып, таңдаған ойыншықпен салыстырып, түсінігін айтып беру
-Ұқсастығын немесе айырмашылығын не арқылы табуға болады? Неліктен?
2-тапсырма. Музыканы шығару.
(Т)Ойыншық әуені суырыпсалма ойыны
1.Соль және ми ноталарын қолдана отырып, топпен бірге ойыншыққа арналған әуендер шығарту. Нұсқаға қарау:
-ойыншықтың атауларының біріне;
-таныс өлеңге;
-өз мәтініне.
2.Өз ойымен бөлісу.
-Ырғақтың әуені ойыншықтың бейнесін сипаттай алды ма?
-Екпін арқылы ойыншықтың бейнесі ашылды ма?
3-тапсырма. Орындау.
«Ойыншықтар». Өлеңін жазған Н.Әлімқұлов, әнін жазған И.Нүсіпбаев
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Қуыршақтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Ал, қозы мен қуыршақ,
Ұйықта десең ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?!
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызармын бұрышқа.

нота хрестоматиясы

фонохрестоматия, оқулық


«Музыкалық қоржын» пьесасын жазған Г.Абдрашева мен Г.Бүшікова

ұрмалы музыкалық шулы аспаптар





Сабақтың соңы
2 минут

(Ө) Орындау. Бағалау.
-Ұрмалы, музыкалық және шулы аспаптарды қолдана отырып, музыканы сүйемелдеңдер.
Рефлексия.
-Мен не білдім?
-Бүгін мен не үйрендім?
-Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
-Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?

Балаларға арналған музыкалық аспаптар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет