Сабақ №1. Морфология, оның объектісі. Негізгі грамматикалық ұғымдар


Практикалық сабақ №13. Етістіктің таза грамматикалық категориялары және функциялық етістіктер



бет9/11
Дата29.04.2024
өлшемі35.3 Kb.
#500097
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясынан практикалық тапсырмалары

Практикалық сабақ №13. Етістіктің таза грамматикалық категориялары және функциялық етістіктер.

Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:

  1. Шақ категориясы.

  2. Рай категориясы.

  3. Жақ категориясы.

  4. Есімше,оның түрлері.

  5. Көсемше, оның түрлері.

  6. Тұйық етістік.

  7. Етістіктерге және ерекшеленген сөздерге кешенді морфологиялық талдау жасау.

Көктем шыға Жамансорға асқан Біршек тұзды суды екі-үш жалдап өткенде, денесіндегі жаралары да сорығып, қабыршақтанған қатыр түлеген жүнмен бірге түсіп, орны қылшықтанып, тез жетіліп кетті. Бірнеше күн нәр сызбай, күндіз жатып, түнде жортқан қасқырлар ақыры Сырымбет, Имантау, Айыртау, Сандықтау, Зеренді, Бұқпатау, Жыланды жерін жайлаған ағашты, тау-тасты елге жетіп паналады. Міне, қазір де сол әдетімен бұдан екі-үш күн бұрын жығып кеткен малдың үстіне қос бөрі өлермендене түскен. Жарымжан аяғын көтеріп ап зытқанда, кез келген қуғыншыға қапелімде жеткізе қояр түрі жоқ. Мынау қарақұрым қалың қолдардан сескенгендей алыс-амыс бұйраттарға қарай мысық табандап шегіне түскен көктемгі күлтілдек көкшекпен бірге әлгі бір сиқыр сырық та алыстай берді. Сонда жер түбіндегі біледі дейтін сұңғыла әміршінің қайдағы бір қарапайым нәрселерден де бейхабар екенін көрген мәжілістесінің манағыдан бері көмейіне іркіп, ашып айтпай, маңайлап қайтып жүрген тілдегі тиегі өэ-өзінен ағытылып қоя береді. Бүгін бұлар түскі асқа күндегіден кеш қайтып еді. Бүгін түстен кейін шалды іздеп, Теһеранға жүріп кетпек, көлік те, ақша да жоқ, жаяу жүрмек, жол-жөнекей тамқты қайдан тауып жейтінін әлі ойлаған да жоқ(С. Жүнісов. Күй).

Пайдалынатын әдебиеттер:



  1. Сауранбаев Н. Деепричастие в современном казахском языке. - Алма – ата.1940.

  2. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілдіндегі етістіктің шақ категориясы. – Алматы.1953.

  3. Жұмағұлова Ө.Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы. – Көкшетау.2002

  4. Омарова А. Профессор Қ.Қ. Жұбановтың етістіктер туралы ғылыми еңбегі, оның ғылымның кейінгі дамуына ықпалы. Алматы.1999.

  5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 1991

  6. Қазақ грамматикасы.-Астана.2002.

  7. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы.1967.1-том.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет