Дисциплина: «Биохимиялық зерттеулер негіздері»
Аудиториялық сабақ: № 1
Тақырыбы: «Кіріспе. Биохимиялық зертхананы ұйымдастыру»
Сабақ түрі: Теориялық
Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Тақырып бойынша сұрақтар:
- Биохимия пәніне кіріспе
- Пәннің даму тарихы.
Адамзаттың барлық тарихи бойы атақты ғұламалар, жаратылыстанушы ғалымдар тірі ағзаның мәнін түсініп, зерттеу жолдарын іздеумен болды. Қазіргі кезде көптеген сұрақтар белгілі болса да, адам баласы «тірі материяны жасанды жасау ғылымның мүмкіндігінен асып кетуін дәлелдемейтіндей» жағдай жасауға тырысады. Өмір мен өлім – бір-бірін жоққа шығарушы, бір-бірін анықтаушы құбылыс өмірдің өзі қандай тылсым, ғажайып болса, өлім де соншалықты кездейсоқ, бірақ заңды құбылым. Сондықтан тірі ағзаның субстанциялық және процессуалдық негізін, яғни дүниеге келуін, өсуін, дамуын, қозғалысын, көбеюін және жойылуын білу – жаратылыстанушы ғылымдардың тек қызығушылығын қанағаттандыру үшін ғана емес, ол жалпы адамзаттық, философиялық тұрғыдан алғанда өте маңызды.
Тірі жүйенің негізін құраушы материалдық объектілердің күрделілігі (клеткадан атомға, ядроға және субядролық бөліктерге, атомнан молекулаға және ағзаға) адамның ойы мен білімін белгілі бір салаға топтастырады.
атомдар, атомдар тобы (физика химия);
молекула, молекулалар тобы (физика, химия, биохимия);
жоғары молекулалық құрылымдар мен субклеткалық заттар (биохимия, биология, генетика);
клеткалар, клеткалар тобы (биохимия, биология, физиология);
мүшелер мен ағза тіндері (физиология, биохимия, медицина).
Өзінің алғашқы даму сатысында биохимия физиология ғылымының бір бөлімі болса, дами келе білімнің жеке бір саласына айналады. Тірі ағза туралы басқа да ғылымдар сияқты биохимия да қазіргі кезде өмір туралы көзқарасты молекулярлық және молекула үстілік деңгейлерде қалыптастырушы негізгі ғылым болып табылады. Биологиялық химия вирустан адамға дейінгі тірі ағзалардың өсуі мен қызметтерінің негізін құрайтын молекулярлық үдерістерді зерттейді және биологиялық ғылым ретінде материя қозғалысының биологиялық түрлерінің заңдарын зерттеу үшін өзіне сәйкес әдістерден басқа «молекулярлы» ғылымдардың – химияның, физикалық және коллоидты химияның, молекулярлы физиканың әдістерін пайдаланады.
Биологиялық химия – тірі материяның химиялық құрамы мен құрылысы, организмдегі химиялық қосылыстар мен энергияның химиялық айналымын, клетканың функциясы мен құрылысын қамтамасыз ететін үдерістерді, клетка аралық қарым-қатынастар мен біртұтас ағзаның қызметтерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Биохимияның тарихын XVIII ғасырдың соңынан бастауға болады, бұл кезде ағзадан органикалық молекулалардың кейбір түрлері таза күйінде бөлініп алынған. XXғасырдың ортасына дейін биохимияның негізгі бағыты – жаңа қосылыстар, олардың құрылымы мен ағзадағы айналымын зерттеу болды. Осы кезеңде биохимия ғылыми статикалық, динамикалық және функционалдық болып жіктеле бастады.
Биохимия
Достарыңызбен бөлісу: |