Тәжірибелік сабақ №11
Тақырыбы: Жерге салық салу мақсаттары үшін жерді аймақтарға бөлу
Мақсаты: Жерге салық салу мақсатында жерді аймақтарға бөлудің маңыздылығын талдау
Жер телімдерінің кадастрлық нөмері – ҚР-ның территориясында кадастрлық есепке алу олардың тағайындаумен жер телімдеріне кадастрлық нөмер айқындалады. Ол қайталанбайды. Жер телімдерін нөмерлеген кезде, жер телімінің ерекшеліктеріне тоқталу қажет.
Жер кадастрын жүргізген кезде әрбір жер учаскесін айқындау (сәйкестендіру) мақсатында жеке, Қазақстан Республикасының
аумағында қайталанбайтын, учаске біртұтас болып тұрғанша сақталатын
кадастрлық нөмір беріледі, осы нөмірге жер-кадастр ісі де сәйкестендіріледі.
Жер учаскесі туралы мәліметтер осы учаскеге бекітіліп берілген кадастрлық нөмірі,
орналасқан жері, шекарасы және мәтіндік сипаттамасы көрсетілетін жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесіне кадастрлық нөмірді беру және жер учаскесінің ескі үлгідегі сәйкестендіру құжатын жаңасына ауыстыру үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорынға өтінішпен жүгінеді.
Жер учаскесін сәйкестендіру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорын жер учаскесіне кадастрлық нөмір береді, ескі үлгідегі құжатқа тиісті белгі жасайды және оны өтініш берушіге береді
Кадастрлық нөмірді құру:
облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодымен;
ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен;
есепті кварталдың кодымен;
жер учаскесінің есепті кварталдағы реттік нөмірімен айқындалады.
Есептік квартал ішінде жер учаскелерінің саны 999-дан асқан жағдайда, осы есептік квартал ішінде қалыптасатын келесі жер учаскелеріне төрт таңбалы реттік нөмір беріледі.
Есептік кварталдардың және/немесе
аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішіндегі есептік кварталдардың кодтары мен жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін кадастрды жүргізетін кәсіпорындар береді.
Егер осы Қағидаларға сәйкес есептік кварталға код беру объективті себептер бойынша мүмкін болмаса, онда осы кварталдың ішіндегі жер учаскелеріне уақытша (шартты) кадастрлық нөмірлер беріледі.
Бұл жағдайда кварталдың коды нақты есептік кварталдағы кадастрлық нөмірдің шартты белгісін көрсететін «9» санынан басталады.
Заңды кварталды кейіннен айқындау кезінде бұрын берілген шартты нөмірді көрсете отырып оған нағыз код беріледі.
Жер учаскесін бірнеше бөлікке бөлу немесе бірнеше жер учаскелерін біреуге біріктіру кезінде ескі нөмірлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі.
Бүтін жер учаскесіне меншік құқығы немесе жерді пайдалану құқығы басқа меншік иесіне немесе жерді пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ауыстырылмайды.
Кадастрды жүргізудің деңгейіне қарай мыналар:
Қазақстан Республикасының жер-кадастр картасы (схемасы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып;
облыстың жер-кадастр картасы (схемасы) аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастр картасы қаланың ішіндегі аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып;
ауданның, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жер-кадастр картасы (схемасы) есептік кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып;
есептік кварталдың жер-кадастр картасы (схемасы) жер учаскелерінің шекаралары мен кадастрлық нөмірлері көрсетіле отырып бақылау жағдайында құрылады және ұсталады.
МЖК жүргізу үшін кадастрлық бөлу қажет. Жер телімдеріне кадастрлық көмек қажет. Ол Қ.Р-ның қаулысымен қабылданады. МЖК-ны жүргізу үшін және жер теліміне кадастрлық нөмірлер тағайындау үшін Қ.Р-ның территориясын кадастрлық бөліктерге бөлу.
Кадастрлық
бірлік-кадастрлық аумақтар, аудандар, кадастрлық кварталдар жатады.
Кадастрлық бірлік-территориялық бірлік шекарасы анықталған кадастрлық есепке алу орманның тіркеу бірлігі.
Кадастрлық округ- әкімшілік шекарасы наықталған Қ.Р-ның субъектілік территориясы. Кадастрлық округ кадастрлық аудандарға бөлінеді.
Кадастрлық аудан-Қ.Р.-ның әкімшілік территориялдық бірлігі. Ол өзі кадастрлық кварталға бөлінеді.
Кадастрлық квартал-Қазақстандық аудандар территорияларын кадастрлық бөлу деңгейінің кадастрлық бірлігі. Ол өзінің жер телімінің анықтау мақсатында енгізіледі.Кадастрлық кварталдардың шекарасы тұйық контурмен айқындалады.
Кадастрлық кварталға сәйкесті мемлекеттік жерге кезектілік жер кадас тры күнделік енгізіледі.
Кадастрлық кварталдар блокқа және массивке бөлінеді:
Кадастрлық блок-кадастрлық кварталдың жиынтығынан тұратын кадастрлық ауданның бір бөлігі. Ал кадастрлық жиынтығынан тұратын блокты кадастрлық массив деп аталады.
Кадастрлық ауданның барлық территориясы кадастрлық кварталға бөлінеді.
Жекеленген, жеке меншік территорияның барлығы үздіксіз кварталға бөлінеді.
Кадастрлық кварталы кадастрлық массив пен блокқа біріктіреді
Барлық кадастрлық бірліктер тұйық шекараны құрайды.
Барлық кадастрлық бірліктер нөмерленеді.
Жер телімі белгілі кварталға орналасады.
Кадастрлық кварталдың шекарасы.