Ауру малдармен жұмыс істеу ережелері:
Ауру немесе ауыруға күдiктi малдарды зерттегенде абайлап жұмыс iстеу керек. Толық зерттеуге кiрiспестен бұрын, мүмкіндiгiнше толық анамнез жинайды сонымен қатар алдын ала бақылап клиникалық зерттеуден өткiзу қажет /Мысалы төлдеу кезiнде көмек көрсеткенде, болмаса шуынан тазалаған кезде бруцеллез қоздырғышын жұқтырып алу мүмкiн/. Ауру малдармен жұмыс iстеген жерде мiндеттi түрде дезинфекция жасалынады.
Мал дәрiгер маманы, iндеттiк ауру малмен немесе патологиялық материалмен ережеге сүйенбей жұмыс iстегенде жұқтырады. Сонымен қатар малдәрiгер, ауру малмен жұмыс iстейтiн басқа адамдардың денсаулығына жауапты.
Мал жұмысшылары iндет қоздырғышын таратушы болып саналады, егу кезiнде және тағы басқа жұмыстар атқарғанда тек қана стерильдi құралды қолдану керек, мiндеттi түрде әр-бiр малға дәрi-дәрмектi еккенде қолды дезинфекциялап, арнайы киiммен аяқ киiмдi ауыстыру қажет.
Ауру немесе ауруға күдiктi малдармен жұмыс iстегенде шылым тартуға және тамақ iшуге болмайды.
Әрбiр малдәрiгер маманы әрқашанда жеке профилактика ережелерiн есте сақтап, өзiне бағынатын қызметкерлерден мiндеттi түрде осыны талап етуi керек.
Ауру мен ауруға күдiктi малдарды басқа сау малдардан бөлек ұстайды, ұстайтын жер, тұрғын үйлер мен мал қоралардан 200 м жерден жақын болмауы керек.
Ауру малдармен жұмыс iстейтiн жұмысшылар басқа сау малдармен жұмыс iстемеуi керек. Бұл жұмысшылар арнайы киiммен, аяқ киiммен қамтамассыз етiледi және оларға жақсылап нұсқаулары түсiндiрiледi. Арнайы киiмдерi залалсыздандырылады және арнайы жеке шкафтарда ұсталынады.
Нәжiстi тазалау /шығару/, азықты жеткiзу, астын тазалау жұмыстарын ойдағыдай ұйымдастыру керек, себебi олай болмаса iндеттiк ауру таралып кетуi мүмкiн.
Аяқ-киiмдер есiк алдында дезбөгеттер арқылы залалсыздандырады.
Ағын су мен нәжiстердi залалсыздандыру қажет. Ол үшiн хлорлы әк қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |