Сабақ №16 Сабақтың тақырыбы: Тас ғасыры. Сабақтың мақсаты



жүктеу 153.33 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі153.33 Kb.
ШҚО, Өскемен қ., №45 мектеп

Пән мұғалімі: Нұрмұхамбетова А.С.



Пән: қазақстан тарихының әңгімелері.

Сынып: 5 «Б»

Сабақ № 16

Сабақтың тақырыбы: Тас ғасыры.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік – оқушыларға мысты тас дәуірінің ерекшелігін, адамдарға әкелген үлкен өзгерісі туралы нақты фактілер келтіру арқылы түсіндіру.

  2. Дамытушылық – мысты тас ерекшелігіне, олардан табылған заттардың ерекшелігіне тоқталып, олардың сабаққа деген қызығушылығын дамыту.

  3. Тәрбиелік –оқушыларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу, баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Электронды оқулықты пайдалану. Анимация №1- тас дәуірі туралы естиді содан гипермәтінді оқып шығып, ауызша баяндайды, әңгімелесу.Тесттік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Ежелгі Қазақстан картасы

2. Суреттер: «Мыс құралдар», кестелер.

3. Интерактивті тапсырмалар, фотосуреттер, бейне сюжеттер.



Сабақта меңгерілетін тарихи түсініктер: Энолит, Ботай тұрағы, Палеолит,Мезолит, еңбек өнімі, мыс.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын сұрау: Интерактивті тапсырмалар: № 1- жазбаша жауап : Ең алғашқы адам жануарлардан несімен ерекшеленді? № 2- дәлелдеу. № 3- жазбаша жауап: қалай ойлайсыңдар ең алғашқы адамдар Африкада пайда болды ма? № 4- тест.

III. Жаңа сабақ түсіндіру:

1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі.

2. Тас ғасырының ерекшелігі.

3. Тас ғасырының ескерткіштері.

4. Тас ғасырының кезеңдері.
1-2-3 Анимациядағы «Қазақстан тарихының маңызды кезеңдері» мен әр кезеңнің ерекшеліктері мен онда өмір сүрген адамдардың, қолданған еңбек құралдары туралы естіп, гипермәтінді қайта бір шолып шығады да керекті жерлерді өздеріне конспектілеп алады.

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдері


Палеолит

Мезолит

Неолит

Энолит

Ерте Б.з.б 2 млн 500мың -12 мың

Орта 2,5 млн -40 мың

Кейінгі тас ғасыры 40-12мың жыл


Б.з.б. 12-5 мың жыл

Б.з.б 5-3мың жыл

Б.з.б 3-2 мың

Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс-тас ғасырынан басталды. Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.Ең бірінші адамдар қолданған металл-мыс. Мыс- тас ғасыры кезінде адамдар тасты ығыстырып тастаған жоқ, қатар қолданды.Бұл кезде екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты.



Энолит кезеңінің ескерткіштері


Өңірі

Уақыты

Алып жатқан аумағы

Табылған заттар

Жасалынған материалдары

Солт.Қазақстан

Ботай тұрағы

Б.з.б 3-2 м.ж.

15 га

158 тұрғын үй табылды.

Садақтың ұштары, найза, пышақ, балталар.



Тастан жасалған құралдар, сүйектен, қыштан-бұйымдар.

Маңғыстаудағы

Шебір елді мекені

Б.з.б. 3-2м.ж.

--------

105 ұсақ шұңқырлар кездесті; Еңбек құралдар, бұрғылар,ыдыстар, моншақтар.

Тастан, қыштан, тарақ тісі секілді өрнек, теңіз моллюскаларынан жасалған.

Глоссаримен жұмыс. Хронологиядан тас дәуіріне байланысты болған оқиғаларды жылымен жұмыс дәптерлеріне жазып алады.



VI. Бекіту. Сызбаны толтырыңдар.

1. Мыс құралдардың пайда болуының адамдар қоғамына әкелген өзгерістері.




Мәні Мәні

2. Тест: I – нұсқаны шешу.

V. Бағалау. Сабаққа белсенділік танытып, қатысып отырған оқушыларға еңбегі бойынша баға қою.

VI. Үйге тапсырма беру. § 6 мазмұндау. Тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша жауап қайтару. Электронды оқулықтарғы II- нұсқаны шешу.
2-ші сабақ жоспары.

Пән мұғалімі: Нұрмұхамбетова А.С.

5 «Б» сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақ № 2

Тақырып 1§. Тарих пәні туралы

Оқыту мен тәжірибелердің міндеті:

  1. Білімділік-Тарихқа анықтама бере отырып, тарихқа қатысты күрделі ұғымдарды, тарихи дерек, тарихи уақыт және кеңістік сияқты мәселелерді оқушыларға ұғындыру, баяндау.

  2. Дамытушылық -Оқушылардың ойларын жүйелі жеткізе білу, терминдермен, даталармен және картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік – Оқушыларды өзінің тарихын білуге, отан сүюге, оны қорғауға осы бастан тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Құрал- жабдықтар, көрнекті құралдар: электронды оқулық, карта, оқулықтағы суреттер,сызба-нұсқа, қосымша материалдар, гипермәтін.

Сабақтың әдісі: интерактивті тапсырмалар, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тест,баяндау.

Сабақ жоспары: 1. «Тарих» ұғымы

2. Тарихтың қалыптасып дамуы.

3. Тарихты оқып білу үшін не қажет?

4. Қазақстан тарихы- дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі.
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту, қызығушылықтарын ояту.

2. Үй тапсырмасын сұрау: Миға шабуыл, диалог, № 3-4 интерактивті тапсырмаларды сұрау. Эссе тексеру.

  1. Жаңа сабақ түсіндіру:

1 3 5 анимацияларды тыңдайды. Ондағы айтылған мәлңметтер:

«Тарих» сөзін алғаш қолданған арабтар. «Тарих» сөзі- «зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіреді. Тарих- астрономия, арифметика ғылымдары сияқты ең көне ғылымдардың бірі. Тарих-ең алдымен, жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.Ал, бізге ата-бабаларымыздан қалған мол тарихи мұраларды зерттеп, дәуір-дәуірге бөліп, бір жүйеге келтіріп жеткізетін адамдарды-тарихшылар дейміз.

Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Ал, «шежіре» сөзі- есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Жазба тарихтың негізін салған б.з.б 484-425ж. өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы Геродот болып есептеледі.Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, батыста «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды. Ал шығыста тарихтың атасы Сыма Цяньді атайды. Ол б.з.б 145-86ж. өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» қалтырды. Сыма Цянь б.з.б 3 мың жылдықтан бастап өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты. Көне замандардан бастап ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад-Дин болды. Ол 1247-1318ж. аралығында өмір сүріп, «Жами-ат тауарих» кітабын жазды.

Тарих-бізге өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену үшін, бұрынғы ата-бабаларымыздың қандай болғанын, қазіргі күнгімен салыстыра отырып, саралау үшін қажет. Өткен қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Тарих пен шежіре- ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге адамзат баласының бүкіл тарихына ой жүгіртетін жол.

Қазақстан тарихы- жалпы тарихтың құрамдас бөлігі, бұл біздің туған Отанымыздың тарихы. Қазақстан тарихы төрт кезеңге бөлінеді:


  1. Ежелгі Қазақстан тарихы.

  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V-XV ғ.)

  3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (XV-XIXғ.)

  4. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы (XX ғ. Басынан бүгінгі күнге дейінгі)

Оқушылар сызбамен танысып, жазып алады. Берілген хронологияны өздері анықтайды.

Уақыт сызығы



Ежелгі дүние



Орта ғасыр



Жаңа заман


Қазіргі заман

...

Б.з.б

5м.ж


...

5

4

3

2

1

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




16

17

18

20

21

Б.з.б. ғасырлар

Б.з-дің ғасырлар


Интерактивті тапсырмалар: № 2- дұрыс жауапты табыңыз: № 4- «Тарих- өткеніміз» деген тақырыпта қысқаша эссе жазу.
Сабақты бекіту: Сұрақ қою арқылы.

  1. «Тарих» сөзі қандай мағына береді?

  2. «Тарихтың атасы» деп кімдерді және не үшін айтамыз?

  3. Тарихты оқып білу бізге не үшін қажет?

  4. Шежірешілер, жылнамашылар деген кімдер?


Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: 1§ параграфты оқу. 1-ші модульді қайталау.
3-ші сабақ жоспары.

Пән мұғалімі: Нұрмұхамбетова А.С.

5 «Б» сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Тақырыбы: 2§. Тарихтың қайнар көзі-деректер

Оқыту мен тәжірибелердің міндеті:

Білімділік міндеті: Оқышыларға тарихи деректер және оның түрлері жайлы мәлімет бере отырып, келешекте оларды айыра білуге үйрету.

Дамытушылық міндеті: Оқушылардың саяси оқиғаларға баға беру, фактілерге талдау жасау, салыстыру, ойларын жүйелі жеткізе білу, терминдермен, даталармен, картамен және деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Оқушылардың азаматтық тұғырын қалыптастыру, өз ойын жеткізе білуге, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: электронды оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, салыстырмалы анализ, гипермәтінмен, тірек-схемамен, кестемен, тест, оқулық.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео, тірек кестелер, түсініктемелер.

Негізгі түсініктер: Этнографтар, антрополог, нумизматика, геральдика, антропология.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқулықтарын түгендеу,сабаққа бейімдеу.

Үй тапсырмасын сұрау: 1-ші модульді қайталау: тесттік тапсырма, баяндау, № 1-2 интерактивті тапсыпма.

ІІ. Сабаққа кіріспе. Оқушыларды сабақтың мақсатымен, талаптарымен және жоспарымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Жоспар: 1. Тарихи дерек көздері.

2. Ауысша деректер.

3. Жазбаша тарихи деректер.

4. Археологиялық деректер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Адамдардың ертедегі өмірі жайлы қалай білеміз?

Адамзат пайда болғанынан бастап, өз дамуы барысында тарихи «іздерін» қалдырып отырған. Олардың сонау ежелгі заманнан бүгінге дейін тұтанған бұйымдары, киім-кешегі, баспаналары, олар жазып кеткен жазба мәліметтер тарихи дерек көзі саналады.Ғалымдар көне заманның осы жәдігерлерін зерттеп, адамзаттың өткен тарихын жазады.Адамдардың өткен өміріне қатысты әр түрлі мәліметтерді тарихи деректер деп атаймыз. Тарихи деректерді дәуір-дәуірге, оқиғаларға қатысы бойынша іріктеп, топтайды.




Тарихи дерек

Ауысша

Жазбаша

Археологиялық

Этнографиялық

Антропологиялық

1.тарихи аңыздар, шежірелер

Патша, әкімдердің заңдары

Еңбек құралдар

Аңыз, шежірелер, тұрмыс заттары:

Жерленген адам сүйектері

2.мифтік аңыз әңгімелер

Мемлекеттік және сауда құжаттары

қару-жарақтар

Киім-кешектер




3.жыр-эпостар

Тарихшылардың жазбалары

Сәндік бұйымдар

Баспана тұрақтары




4.ертегілер, жұмбақтар,мақал т.б.

әдеби шығармалар

Ыдыс - аяқтар

Қоғамдық тұрақтар




5.салт-дәстүр жырлары




Баспана тұрақтары

Салт-дәстүрі, мереке- мейрамы



Ауыз әдебиетін жинақтаушы фольклоршылар мен халықтың әдет-ғұрпын, шығу тегін зерттейтін этнографтар бұларды дәл көшіріп немесе диктафонға жазып алады.Жазу қалыптасқаннан бастап жазбаша тарихи деректер пайда болды. Тарихи аңыздар мен шежірелерде жекелеген рулардың, елдердің шығу тегі туралы мәліметтер айтылады.Ал ертегі мен жырларда ежелгі замандағы наным-сенімдер, салт-дәстүрлер айқын көрінеді.



Археологиялық деректерге адамның қолымен жасалған заттар жатады. Этнографиялық зерттеулер немесе сипаттаулар арқылы біз әр халықтың өзіне тән мерекелері, тойы,тұрмысы, шығу тегі туралы әр түрлі деректер аламыз.Мұндай ерекшелікті жинайтын, зерттейтін ғалымды этнограф деп атаймыз.

Антрополог ғалымдар жерленген адамдардың сүйектерін зерттеу арқылы әр елдің тарихын, өзге елдермен қарым-қатынасын, дене бітімі мен сипатын анықтайды.Антропология этностар мен нәсілдер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды да зерттейді. Бұлармен қатар тарихшылар өз зерттеулерінде нумизматикалық, геральдикалық деректерді де қолданады.

Нумизматика- тиындар, құйма ақша кесектері арқылы ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән.Ал геральдика- елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарихи пән.Аталмыш айтылған қосалқы тарихи пәндер сонау ата-бабаларымыздың өткен тарихына, салт-дәстүріне, көне заманның жәдігерлерін зерттеп білуге көп мүмкіндік береді.
Бекіту сұрақтары: Тест алу арқылы.

1.Төменде аталғандардың қайсысы жазба деректерге жатады?



А) заңдар Б) эпос С)жұмбақтар Д) киім –кешек

2. Гомердің «Илиада» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды?

А) Баласағұн Б) Троя С) Афины Д) Александрия

3. Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы?

А) археология Б) этнография С) анторпология Д) топономика

4. Тарихи деректер нешеге бөлінеді?



А) 5 Б) 4 С) 3

5. Тиындардың, ақша айналымы тарихын зерттейтін тарихи пән?



А) геральдика Б) нумизматика С) анторпология

6. Адамзаттардың өткен өміріне қатысты әр түрлі мәліметтерді не деп атаймыз-?



А) Шежіре Б) Жылнама С) Тарихи дерек
ІV. Сабақты бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жауабына сай бағалау.

Үйге тапсырма: 2§ оқу, глоссарий мен жұмыс, тарихи терминдерді жаттау.
4-ші сабақ жоспары.

Пән мұғалімі: Нұрмұхамбетова А.С.

Пәні: Қазақстан тарихының әңгімелері.

Сынып: 5 «Б»

Сабақ № 13

Сабақ тақырыбы: Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі.

Сабақтың мақсаты.

А) Білімділік

Оқушыларды Ұлы отан соғысы дегенімізді түсіндіру осы соғысқа Қазақтардың қосқан үлесі туралы сипаттай отырып, «фашизм», «агрессия» ұғымдарына мағлұмат беру.



Ә) Дамытушылық

Оқушылардың ой өрісі мен білім, қызығушылық, есте сақтау іскерлік, шапшаңдық жігерлік қабілеттірін ынтасын дамыту.



Б) Тәрбиелік

Оқушыларды Отаншылқыққа өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Компьютерлік сабақ.

Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, электронды оқулықты пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклет, суреттер.

Сабақтың пән аралық байланысы: математика, әдебиет, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа зейінін бұра отырып , сабаққа даярлығын , қызығушылығын арттыру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Біз өткен сабағымызда қандай тақырыпқа тоқталған едік?



Қазақстан 1920-1930 ж.ж. деген тақырыпты өткен болатынбыз. Жан-жақты талқылаған едік.Олай болса сол тақырыбымызды тағы еске түсіріп өтейік,

ІІ. Тапқыр болсаң, тауып көр

  1. Қазақтың қолындағы малдың азаюына не себеп болды? ......................

  2. Қазақстанда Азамат соғысы алдында ............................... астам шағын зауыт, фабрикалар болған еді.

  3. ............. жекелеген облыстар аштыққа қандай себептің салдарынан ........... аштыққа ұрынды

  4. ....Кеңес елінде ........ бағыты қабылданды

  5. Индустрияландыру дегеніміз ..........................................

  6. Индустрияландыру жылдары іске қосылған комбинаттар............... ................................іске қосылды

  7. Индустрияландыру жылдары ең алғашқы құрылыстың бірі ......... .........................болды

  8. .......... аштықта Қазақстанда қанша адам қырылды?

  9. Ұжымдастыру қарсаңында республикада Мал басы 40,5 болса , 1933 жылы оның саны ..............дейін азайған

Мұғалімнің сөзі: Осы жағдайға байланысты Т.Рысқұлов 1939 ж. наурызда Сталинге хат жазған еді. Бірақ бәрі кеш еді.Кеңес Үкіметінің осындай сұрқия саясатына қарамастан қазақ халқы өмір үшін күресті.

Міне балалар , берілген тапсырмаларға толықтай жауап бере отырып , үй тапсырмасын жан-жақты талқыладық

Ал балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын осы тақырып бойынша не білетінімізді ортаға салсақ

Дүние жүзін дүркіндірген соғыстардың бірі Ұлы Отан соғысы. Ұлы Жеңіске қанша жыл толады.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы

ІІІ. Жаңа сабақ: Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі.

Екінші дүниежүзілік соғысты әзірленуші және бастаушы организм Германия болды.

Фашизм-дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысатын кертартпа топ.

Германия өзінің агрессиялық соғыс жоспарын жүзеге асыруды 1939 ж. бастады.

Агрессия –мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық біртұтастығын , егемендігін әскери күшпен бұзу.

1939 ж. 1 қыркүйекте Польша жеріне басып күрумен екінші дүние жүзілік соғыс басталды.

КСРО шекарасына 1941 ж. 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында фашистік Германия әскері батыс аумағына баса көктеп кірді. Кеңес халқы тарапынан баса бұл соғыс тарихи әдебиеттерде «Ұлы Отан соғысы» деп аталады.

Соғыс туралы хабар қазақ даласына тез тарады. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдында парыздарын өтеуге өтініш білдіріп өз еркімен майдан даласына аттанған қазақ қаншама.

Балалар сендер қазақ батырларын білесіңдер ме?


  1. Мәлік Ғабдуллин

  2. Төлеген Тоқтаров

  3. Рамазан Елебаев

  4. Мәншүк Маметова

  5. Әлия Молдағұлова

  6. Бауыржан Момышұлы

  7. Талғат Бигелдинов

  8. Рақымжан Қошқарбаев. Бұл аталған кісілерге қандай атақ берілді?

Қазақстан Халық қаһарманы атағы берілді. Соғыс жылдары Қазақстандықтар «Бірі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін», деген үндеумен түн демей, күн демей еңбек етті. Мәселен: Ыбырай Жақаев күріштен, Шығанақ Берсиев тары өсіруден. Жазылбек Қуанышбаев төл алудан рекорд жасады.

Қазақстанның ауыл еңбекшңлері жауды жеңу үшін, Отансүйгіштік және еңбек парызын жанқиярлықпен өтеді. Соғыс жылдары 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет, басқа да азыө-түлік, шикізат берді.

Ұлы Отан соғысы жылдары 1 млн 200 мың қазақстандыө майданға аттанды деген сөз. 1941-1945 ж.ж жарамды ер-азаматтың көпшілігі соғысқа аттанды.

1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияныі астанасы Берлин төбесіне қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаев қызыл ту тікті. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдындағы беделі асқақтан түсті.





Сандар сөйлейді.

1939 ж

1 қыркүйекте




1941 ж

22 маусымда




1942 ж. 220




1942 ж

өз еркімен




1945 ж

9 мамырда




V. Бекіту:

Шығармашылық ізденіс.

«Отан үшін алға!» деп барлық жауынгерлерді соңына ерткен Әлия жауға қарсы ұмтылды.

Отан туралы мақал-мәтелдер.

Ой ашар.

Тест.

1 Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз денесімен жауып ерлікпен қаза тапты?

А) Б.Момышұлы Ә) Ә.Молдағұлова

Б) М.Мәметова В) С.Баймағанбетов

2 Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған кім?

А) Ж.Қуанышбаев Ә) Ш.Берсиев

Б) Ы.Жақаев В) Б.Дисекбаев

3 Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия

А) 316 атқыштар дивизия Ә) 238 атқыштар дивизия

Б) 310 атқыштар дивизия В) 314 атқыштар дивизия

4 Ә.Молдағұлованың өмір сүрген жылдарын атаңдар

А) 1921-1940 ж.ж Ә) 1925-1944 ж.ж

Б) 1915-1942 ж.ж В) 1920-1943 ж.ж

5 Б.Момышұлының өмір сүрген жылдары

А) 1910-1982 ж.ж Ә) 1900-1945 ж.ж

Б) 1905-1978 ж.ж В) 1908-1980 ж.ж

6 Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?

А) 1939 ж Ә) 1942 ж



Б) 1945 ж В) 1944 ж.
V. Үйге тапсырма: Ұлы Отан соғысы туралы деректер жинау. Интерактивті тапсырмаларды орындау.

VI. Оқушыларды бағалау.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет