Басы
|
1 мин
5 мин
5 мин
3 мин
3 мин
|
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау және топқа бөлу.
Оқушыларды сыныптағы бала санына байланысты топқа бөлемін.
Ол үшін тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш сөздерін буынға бөліп қиып, балалар бір- бір буыннан алып, екі сөзді құрау керек.
Тотықтырғыш сөзін құраған оқушылар бір топ, тотықсыздандырғыш сөзін құраған оқушылар сөзін құраған оқушылар бір топ болады.
Сұрақ:
Біз тең бөліндік пе?
Теңесу үшін қай топтан, қай топқа оқушылар ауысу керек?
Тотықсыздандырғыш дегеніміз не?
Тотықтырғыш дегеніміз не?
ҚБ. Мұғалім тарапынан (сөзбен, қимылмен, белгілермен мадақтау).
3. Мұғалім сөз:
(тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштардың электрон беріп немесе қосып алатынын еске түсірдіңдер сендер де тотықтырғыш сөзі мн тотықсыздандырғыш сөзіне байланысты топқа бөліндіңдер топта бала саны әр түрлі қалай топты теңестіруге болды?)
«Электрондық баланс әдісі» тақырыбын екенін ашуға болады.
Оқушылар қай топтан қай топқа оқушылар ауысып теңесу керек екенін қортынды жасайды.
Топпен жұмыс: «Кім жылдам» әдісін қолданып, жарыс түрінде өткізу.
І топ: Cl2 , Cr2O3 , КMnO4
ІІ топ: N2 , Al2O3 , CuSO4
Тапсырманың дұрыс жауабын презентация бойынша тексереді:
|