Саяси қуғын-сүргін
құрбандарын ақтау
XX ғасырдың 50-жылда-рынан
бастап қуғын-
сүргін құрбандарын ақтау үдерісі енгізілді. Ал 80-
жылдардың соңына қарай Алаш қозғалысының
көрнекті қайраткерлерін ақтау науқаны басталды.
▪
1993 жылы сәуірде Қазақстан
Республикасының
«Саяси жаппай қуғын-
сүргін құрбандарын ақтау» туралы заңы
шықты.Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси
қуғын-сүргін құрбандарының саны,
ғалымдардың есептері бойынша
миллиондаған адамды құрады. Алайда бұл сан
нақты емес, өйткені 20-40-жылдары
тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры
әлі күнге дейін белгісіз болып отыр.